Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
АҒЬІЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІКТЕР
  • 19.07.2016
  • 389 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19287

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (29.1Kb)

АҒЬІЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІКТЕР
Жаңа ғасыр таңында ұ лтаралық қатынастың ұлғаюына байланысты фразеология төңірегіндегі мәселелер түркі еілінде әлі де ғалымдар тарапынан талқыға тусуде. Бұдан тысқары құрылым-құрылысы бөлек тілдер бойынша бұл саладан ғалымдардың елеулі концепциялары кездеседі. Шетелдік зерттеушілердің де бағалы теориялық пайымдаулары б аршылық. Қай ұлттың болса да тіл байлыгы - сол ұлттың тарихи айнасы. Өйткені сөз - сананың көрінісі . Ал тілдегі фразеологизмдер белгілі бір ұлттың салт-санасының, мэдени өмірінің, ұлттық дүниетанымының айнасы. Тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде калыптасқан фразеологизмдер бірнеше ғасыр өмір сурсе де, өзінің бастапкы, көне формасымен қатар, мәнерлілігін, пәрменділігін сақтаған. Бұдан фразеологизмдер халық даналығына суарылған образды ойлау тілінің үлгісі деген ұғым туындайды.
Халық мәдени т.б. байланыска қандай мұктаж болса,бір тіл екінші тілден сөз ауысуға сондай мұктаж. Өзге тілмен байланысқа түспеген бірде-бір тіл болмайды. Соңғы жылдары көптеген тілші-ғалымдар әр түрлі тілдегі тіларалык фразеологизмдерді генеологиялык және типологиялык тұрғыдан топтастырып, салыстыру әдісімен ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бірак көп жағдайда тек белгілі бір топтық, аймақтық тілдердегі фразеологияның жалпы ұксастығымен айрықша ерекшеліктерін ғана қамтыған. Сондықтан да бұлар, қазіргі кезеңге дейін әр тілдің өзіндік ерекшелігін саралауда фразеологизмдердің сәйкестіктеріне көп мән берілмеді, оны кездейсоқтыққа балады . Соңғы кезеңдерде казақ тілі фразеологизмдердін орыс, ағылшын, неміс, түрік, қытай сияқты болмыс-бітімі, құрылымы бөтен фразеологизмдерімен тіларалық деңгейде салыстырып, сол арқылы тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді анықтау және олардың қалыптасу тәсілдерін зерделеу, интернационалдык фразеологиялық қорды анықтау және оларды тудырушы факторларды айқындау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау, т.б. мәсслелерді зерттеуге арналған еңбектердің молаюы казақ фразеологиясында салғастырмалы бағыттың қалыптаса бастағандығының көрінісі деуге болады. Тәрбие.орг сайтынан АҒЬІЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІКТЕР Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусаева Гүлзада Әбдіжәлиқызы

Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебі ағылшын тілі мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 389 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar