Ағылшын тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы көптілді тұлғаны қалыптастыру

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 300
  • Баяндамалар
  • 14/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21758


Қазіргі білім беру жүйесінде полилингвизмнің қалыптасуы интеграция мен жаһандану жағдайында дамып, халықаралық талаптарға сай білім берудің өзектілігіне айналуда. Көптілді білім беру отандық білім беруде, соның ішінде педагог мамандардың біліктілігін арттыруда негізгі бағыттар бойынша жүйелі іске асырылуда.
Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Қазіргі таңда дүние жүзінің барлық халықтары мен мәдениеті бір-бірімен жақындасып, өзара толыққанды қарым-қатынас жасасуды қалайды. Әлемнің біраз елдерінде ағылшын тілі ресми тіл болып табылады, яғни үкіметте, бизнесте және білім беру саласында қолданылады.
Көптілділік – бүгінгі заманның талабы. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі міндетіміз.
Көптілді тұлғаны қалыптастыру көпұлтты еліміздің бірлігінің шарты ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың алғышарты десек, көптілді ортада ұстаздық етіп жұрген педагогтердің біліктілігін арттыру, түптеп келгенде Елбасы назарындағы Қазақстан жолы – 2050: «Мәңгілік ел» стратегиясының іс жүзінде асуындағы іргелі факторларының бірі екені сөзсіз. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Қазіргі білім беру жүйесінде көптілділікті оқыту мен дамытуда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасы, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» басшылыққа алынуда. Сондай-ақ, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында» көрсетілгендей, біліктілікті арттырудың жүйесінде көптілді білім беруді дамытудың нақты бағыттары айқындалып, іргелі істер атқарылуда. Тәрбие.орг сайтынан Ағылшын тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы көптілді тұлғаны қалыптастыру Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тілеубек Амангүл

Шашубай кентіндегі "МББК ТМ (РО)" КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar