Адам дене мүшелері

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 345
  • Баяндамалар
  • 04/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20765


Сабақ:
Жаратылыстану
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Жунусова Аяна Аскербековна
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар:
негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;
суреттердің көмегімен оларды атайды;
қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;
дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық­ тайды.
Тілдік мақсат Барлық оқушылар: адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақ ылау жасау.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана ды.
Талқылауға арналған тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Адамның өсуі мен дамуы үшін не керек деп ойлайсыңдар.
-Адам өмір сүру үшін не істейді?
Ишара.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,әдебиеттік оқу.дене шынықтыру
Алдыңғы оқу:
5 мин Денемүшелерін атай алады.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Ширату

Басы
10 мин
Мұғалім слайд арқылы дене мүшелері туралы біраз мағлұмат береді.

Бағалау критерийі
Мүсін жасау арқылы негізгі мүшелерді атауға үйренеді.
Мүсінді есімі А деген әріптен бастайтын оқушылар қорғайды.

Оқушыларға өз көлеңкелерін көрсету арқылы әр кім өз көлеңк
есін табады. Шеңберге тұрып,музыка ырғағымен билей жүріп мұғалім атаған мүшелерді ұстау.
Бас киім,аяқ киім,кеудеге киетін киімдер арқылы үш топқа бөлу.
Видео көру «адам анатомиясы»
1.Тапсырма.
«Ермексаздан адам мүсінін жаса»
Дескрипторлар
-ермексазды алады
-кімнін мүсінін жасайтынын ойланады
-мүсін жасайды

2. Тапсырма
Әділдің сұлбасын сызайық.
Адамның қандай дене мүшелері бар?

Ойлан
Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?
Біздің денеміздің қызметі
Дене мүшелері не үшін қажет?
Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?
Дескрипторлар
-сұлбаны сызады
-дене мүшелерін анықтап жабыстырады
-ұзындығын өлшейді.
-зерттейді

Сергіту сәті
«Жаттығу жасау»

музыка

Кеспе суреттер

видео

Ермексаз

Ватман ,маркер,кеспе сөздер.ұзындық өлшейтін лента
Фонариктер.

Музыка ,Дене шынықтыру пән мұғалімі
Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Қалай жуыну керектігін йығында жасыл стикері бар оқушы айтады. 3 Тапсырма
«Қуыршақты жуындыр»
1-топ тісін тазалайды
2-топ басын жуып, тарайды
3-топ денесін жуындырады.
Дескрипторлар
-Қуыршақты жуындырады
-тазалық керек екенін анықтайды
-дене мүшелерін есінде сақтайды.

Қуыршақтар,
Ыдыстар. Сабын,тіс жуатын паста,щетка
Соңы

Оқушылар көзерін жауып жүріп көреді,бір қолдары мен етік шешеді,бір аяқпен жүреді,құлағын жауып тыңдайды. 4 тапсырма
«Артық мүше бар ма? »
Дескрипторлар
-қимылдар жасайды
-ойланады
-артық мүше болмайтынын дәлелдейді.
Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адам­ дарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық
жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.
Сен білесің бе?
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

Қуыршақтың аяқ қолын алып тастау.

Кері байланыс;

Кері байланыс;
Мұғалімге хабарлама жазу смайликтерді бояу арқылы
Дифференциация\Саралау
Болжанатын нәтижелерімен сәйкес пайдаланылады, яғни тапсырма бірдей, бірақ оқушылар мұғалім көмегімен оған өздерінің үлгеріміне қарай жауап бере алады.
Оқушылар топқа бөлінген, олардың саны күрделі тапсырма мен ресурстарды пайдалану үшін оңтайлы.

Үлгерімі жақсы оқушылар топта өз сыныптастарына қолдау көрсету және мына жағдайда өздері пайдалана алатын қасиеттерін дамыту үшін көшбасшы бола алады.

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау іске асты ма?( тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
-Сабақ оқу мақсатына жетті.
-Сабақ жақсы деңгейде өтті,тапсырмалар оқу мақсатына
Бағытталған болды.Уақытты тиімді пайдалана алдым.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1.ермек саз арқылы мүсін жасау
2.Артық мүше болмайтынын дәлелдеу.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқға қатысты)?
1: Қуыршақты жуындыру
2:Сұлба сызу.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:Үлгерімі жақсы оқушыларға топта басқа балаларға қолдау көрсетуге үйрету.
2:Сұлба сызып,оған мүше атауын жабыстыру арқылы естерінде жақсы сақтады. Тәрбие.орг сайтынан Адам дене мүшелері Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жунусова Аяна Аскербековна

ШҚО Көкпекті ауылы Ж Шайжүнісов атындағы орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar