Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»
  • 02.02.2016
  • 1411 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15310

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (25.3Kb)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы

№ 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі

Ғылыми жобаның тақырыбы:
«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»

Авторы: 4 «А» сынып оқушысы Князь Руфат
Ғылыми жобаның жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі
Ахманова Ботакөз Ноянбаевна
Қордай 2015
Мазмұны:

1. Түйін---------------------------------------------------------------------------1-2 -бет

2. Кіріспе

Алоэ өсімдігі------------------------------------------------------------------3-бет

3. Негізгі бөлім

1.Лалагүлділер тұқымдасы - алоэның сипаттамасы.---------------------------4-бет
2.Алоэның пайдасы және қолданылуы.-----------------------------------------5-6-бет
4.Алоэның басты ем болатын аурулары және көбеюі----------------------7-8-бет

4.Қорытынды---------------------------------------------------------------------------9-бет

5.Қолданылған әдебиеттер тізімі--------------------------------------------------10-бет

Аннотация
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайдан,орманды далалы,таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұлан-ғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес емдік,шипалық жағына да көңіл бөлген.Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады.Жанға шипа,дертке дау дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 70% ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 75% жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80% қақырық түсіретін дәрілердің 80% қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады.Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэның қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында деп есептейміз. Алоэ өсімдігін зерттей отырып ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
1

Зерттеу кезеңдері:

- жұмыстың әдістемесі:
-ғылыми-әдебиеттерге шолу жасау;
-тәжірбиелер жүргізу;
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан-жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болы
Кіріспе
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері,оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер XIII-X ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын дәріханалар ашылды. ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрін дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің
500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.

Лалагүлдер тұқымдасы алоэның сипаттамасы
Алоэ - емдік қасиеттері мен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индонезияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ - асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туындысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаш тектес көпжылдық өсімдік. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіс. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да,ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.Көп жерде бөлме өсімдігі , яғни әсемдік ретінде өсіріледі.Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы:тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады.
Қолдану бөлігі: жажапырағы ,сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның қолданылуы
Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады.Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады.Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға , әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі ,әсіресе , қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медецинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға қолданылды.Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстады ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік,қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады.Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады.Сонымен қатар демікпеде ,асқазан ойық жарасында ,асқазан ауруларына қарсы қолданады.Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда,Италия,Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын,бас ауруы т.б.сырқат үшін,бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.
4

Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1.Иммунитет көтеруде: 500г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып,ет тартқыштан өткіземіз.Оған1,5 стакан бал араластырып,тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішу керек.
2.Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып,алоэден 1 г ұнтақтап,оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып,жаншып жарақатқа таңады.

4.Демікпеге жас алоэні езіп,шырынын күніне 3 рет,әр ретте 5 мг ішеді.
Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Халық қоспасы
Қоспа №1
Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз,май,100 бөліктей какао,алоэнің жапырағының 145 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз.Туберкулез кезінде 2 рет қолдану керек.
Қоспа №2
Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады:150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады. Қайнағанға дейін ысытады.Тәулік ұстап,сосын ысытады.Тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.
Қоспа №3
Қолмен алоэның жапырағын езіп,күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады.Мұрын қуысы ауруына қолданады.Мұрын қуысы ауруына қолданады.
Қоспа №4
Сөлін балмен араластырып ,бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/ 2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа №5
Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа№6
Жапырағын кесіп,тазалап жуып,ет өткізгіштен өткіземіз.Бал қосамыз.Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.
Қоспа №7
Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады. Тәрбие.орг сайтынан «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Князь Руфат

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы №3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі 4 "а"сынып оқушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: Мұғалім
Көрсетілім: 1411 | Жүктеулер: 11
Барлық пікірлер: 0
avatar