Қазақ халық биі – эстетикалық тәрбиенің аса қуатты құралы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 220
  • Баяндамалар
  • 06/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23149


Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернат - кешені
Орал қаласы
Педагог хореограф: Абулхайрова Эльвира Едилбаевна

Қазақ халық биі – эстетикалық тәрбиенің аса қуатты құралы
Халықтың баға жетпес рухани байлығы сиқырлы сазды билеріңдегі оның көркемдік және адамгершілік сипаттары жас ұрпақты жарасымды етіп тәрбиелеудің аса пәрменді құралы. Балалық шақта алған ізгі әсер адамның бойында өшпестей із қалдырады. Бұл адамкершілікпен көркемдік сезімнің дамуы үшін жасалған тиянақты негіз. Бала кезден бастап өз халқының өнерін үйреніп меңгеру жас ұрпақты иманжүзділік пен көркемдік дәстүрлерге баулып, халықтың рухани әлеміне терең бойлатады.Би өнерінің өзінде адамның пластикалық жарасымының дамуына әрі үйлесімді жәрдемдесетән қасиеттер бар. Оқушылар би үйірмесіне қатысу арқылы ең алдымен денсаулығын нығайтады.Жеңіл қимылдауға, шапшандыққа, қажырлыққа, кеңестікте бағыт ұстай білуге жол ашады, қимылдың формасы мен бағытының дұрыстығын сезіне білуге тәрбиелейді. Би денесінің сымбатты болуына, жүргенде бұралаң қисалаңсыз,оғаш сөлекеттсіз болмауына мүмкіндік жасайды.Сонымен қоса мектеп қабырғасындағы ұжымдық биге үзбей қатынасып жүретін балалармен, қыздардың бір бірімен еркін әнгімелесіп, өзара қысылмайтындығын, сыпайы келетінін аңғарамыз. Халық биінің техникасын меңгеру арқылы адам бала кезінен ақ дене қимылының икемділігіне ие болып, оның саздық және ырғақтық мәнін түсінетін болады.Би арқылы өз денесін билеу кезінде ғана емес, өмірде, күнделікті тұрмыстық әрекеттерде де жеңіл еркін әрі табиғылықпен меңгере білуге үйренеді.Қазақ биі негізінде ұлттық ойын сауықтармен, әдет- ғұрыптардан тұратындары анық. Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан аяқ баяндап беретін ғасырлар бойы бірге жасасып келген әдет ғұрып ойындары бар. Ғылымнын қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан әрі алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады. Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезендері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі ғылымдардың дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.Содан бері біздерге жетіп,ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату,қаракүйе т.б. Ойын үстінде баланың ертегі өмірге деген қабілетін байқауға болады.Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқайдың айтуынша: «адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да істелетін меншілікті бала кезінде істелетін кезі бар. Ол ісі жас уақытындағы ойын» Халық ауыз әдебиетінің қағидасына сүйенетін болсақ, онда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай: « бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он төртке дейін жас өспірім, он бестен жиырма беске дейін жігіт» деп, төрт топқа бөледі. Осы дәстүрлі қағиданың негізіне сүйене отырып ұлт ойындарын төрт топқа бөледі. Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «Бесік жыры», «Саусақ санау» және «Тұсау кесу» жырлары жатады. «Баланы жастан» дегендей, нәресте дүниеге келгеннен бастап тәрбиеге аланады. «Бесік жырында» ата ананың баласына деген ізгі тілегін, жақсы ниетін еңбек етуге тәрбиелеуді аңсаған ойын көреміз. Енді алты сегіз айға дейін «Бесік жырын» естіп келген нәресте саусағының жыбырлағанын қызықтап айналасындағы дүниені бірінен бірі ажырата бастайды.Осы сәтте ата анасынан « Саусақ санау жырын естиді». Қазақ халқының арасында кең тараған бес саусақтың аттары бар: бас бармақ, сұқ қол, ортан саусақ, аты жоқ саусақ шынашақ. Осы саусақ аттарын бала тілінде ұғынықты да жеңіл айтылуы үшін басқаша айтады: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек. «Саусақ санау» жырларының тәрбиелік маңызы тілі жаңа шығып келе жатқан нәрестені сөйлеуге қызықтырып қана қоймай, он бірге дейін санауды үйретіп, сол сандармен қатар заттардың атымен танысып, тілі дамиды. Нәресте өмірінің келесі кезені еңбектеуден өтіп, каз тұрып аяғына басар кезде, оның тез жүріп кетуі үшін «Тұсау кесу» жыры қолданылады. Екінші топта сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындары жатады. Үшінші топтағы жас өспірімдер мектеп қабырғасындағы балалар. Сондықтан да оларға дене тәрбиесі немесе би үйірмелері, би сабақтары арқылы қозғалмалы ойындар беріледі. Осы орайда біздің есту қабілеті бүзылған мектеп интернат кешенінтегі «Түзету ырғақ» және би үйірмесі пәндерінің ролі өте зор. І,ІІ,ІІІ сынып оқушыларына берілетін би сабақтарына халық ойындары «Ұшты ұшты», «Күміс алу», ән би ойыны «Соқыр теке», әуенді би ойыны «Аңдардың айтысы» т.б. ойындар еңгізіледі. ІҮ сыныптан бастап сабақтың күрделендірілуіне байланысты классикалық экзерсис енгізілуі керек. Адамның көркемдік шығармашылығы қай салада болсын белгілі бір ептілікті, шеберлікті, қалыптасқан машықты талап етеді. Осы ептілікке, шеберлікке, машыққа ие болу үшін оған би шығармашылығындағы классикалық экзерсис үлкен көмегін тигізеді. Экзерсис (француз тілінен - жаттығу) деген түсінік дүниежүзілік тәжірибеге енген. Сондықтан да қазақ экзерсис атауында қолдану әбден орынды әрі заңды, былайша айтқанда өзіміздің халық биінің қайт аланбайтын дәстүрлі мен мүмкіндіктерін тәрбиелкйтін қазақы жаттығулар. Қазақ экзерсис – халық биінің өзіндік қимыл ерекшелігі мен ұлтық бояуын сақтап қалу үшін, оны қате үйретуден сақтану мақсатында жасалған жаттығулар жиындығы. Ол аяқтың, қолдың, дененің халықта қалыптасқан қимылдарының негізінде құралады. Төртінші топтағы жастарға қазақтың ірі ірі билерін пайдалануға болады. Халқымыздың ойын – сауықтары, әдет – ғұрыптары көптеген балетмейстеріміздің қиялы үштап, қызықты ойларға жетеледі. Соның ішінде халық арасында көп тараған аса бір қазақ ойын «Қыз қуу» Бұл ойын – ұлттық спорттық дене шынықтыру ойыны ретінде дамыған. Қыздары бозбалаларға қосылып, ай астында алтыбаған тепкен, дөңгелене ән айқан, оттан секіріп «Айкөлек», «Қара құлақ» ойындарын ойнаған. Мысалы: қазақ ұлтық биінде көптеген ұлт ойындарын қимыл қозғалыс арқылы бинелеп көрсетуге болады. «Жастар» биінде алтыбақан, арқан тарту,қыз қуу, қыз жігіт айтысы т.б ойындарда көреміз. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп – интернат - кешенінде би үйірмесі көп жылдар жүргізіліп келеді. Мектебіміздің мақтанышы «Арман» би ансамбільі балаларға эстетикалық тәрбиенең аса қуатты құралы болып саналады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ халық биі – эстетикалық тәрбиенің аса қуатты құралы Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абулхайрова Эльвира Едилбаевна

Орал қаласы Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені педагог-хореограф

Пікірлер: 0

avatar