Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
  • 04.09.2016
  • 253 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19440

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (22.9Kb)

Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебі.



Тақырыбы: Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға
дайындаудың тиімді жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Уатқанова Бақытгүл
Жұмабекқызы



“Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны , жаратылыс ғылымдарын өз бетімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты өзекті пән екені түсінікті емес пе ?!”- деген екен Ұлы педагог К.Д.Ушинский
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі .Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал,бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын.
Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нуктесі бар» (9. с. 15) дегендей, мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Біріңғай ұлттық тестілеудің көрсеткіші. Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі болып қоймай, бірыңғай ұлттық тестілеудің балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушының төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық
ҰБТ – ге даярлауда менің көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім . Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетім болды.
Негізгі міндеттер:
1 Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру.
І бөлім : фонетика.
ІІ бөлім : лексика
ІІІ бөлім: морфология
ІҮ бөлім : синтаксис
Ү бөлім : пунктуация

2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары.
3. Оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуы.
4. Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру.
5. Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағандығын анықтау.
6. Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.

Әр тақырыпқа арналған шың кітаптағы тесттер мен жаттығулар орындалады. Соңында қателермен жұмыс өткізіледі, ережелер қайталанады. Оқушының әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін , анализ жасалып,білім сапасы, үлгерім сапасы, орта балы есепке алынып отырады. Бұл жұмыстарға арналған әр оқушының арнайы дәптерлері бар. Пән бойынша тапсырмалар беру ,тапсырма түрлері мынандай: Тренингтер,сызбалармен жұмыс ,глоссарий,тест түрлері (толықтыру тесті,балама тест,) Морфологияны талдау барысында Н.Оразахынованың «Сатылай кешені бойынша» талдауын пайдалану, әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.
• Тапсырмаларды түрлендіріп қолданудағы мақсаты- оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттырып,жоғары деңгейде білім алуына көмектеседі. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық түрде пайдаланып отырады.
• Тапсырмалар 5-сыныптан басталған теориялық материалдарды қамтиды.
Қазақ тілінде теориялық материалды ,соның ішінде түсінуге қиындық келтіретін тақырыптарды сызба түрінде сұрау баланың ойын жинақы жеткізуге көмектеседі. Оқушы қазақ тілін сапалы меңгеру үшін тілдік терминдерге көбірек мән беру керек.
Тілдік теориялық материалдарыды сапалы игеру оның атауын дұрыс түсінуден бастамақ. Сол себепті мұғалім талапкерді терминнің мағынасын түсінуге дағдыландыру керек
Өз тәжірбиемде оқушылардың тест орындау жолдары:
1Тақырыпты оқу , тапсыру.
2.Тақырып бойынша тест жаттығу жұмыстарын орындау.
3.грамматиканы басқа тілдермен салыстыра білу.
4. Әр қателге анализ жасау білу .

Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс бірден жүргізіледі , ортақ талдаулар , түзету жұмыстары жүргізіледі. Ережелерді мысалдармен қоса жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды. Тест тапсырмасын жиі алып отыру оқушының білімін шыңдай түседі.
Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ – ге даярлауда болатын мынадай кедергілерді айтқым келеді.
1. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын табалмай жатады.
2. Сұрақты дурыс түсінбей
3. Оқушылардың сөздік қорының аздығы. ( синонимін, омонимін таба алмай жатады).
4. Диалект сөз бен кәсіби сөзді шатастыру
5. Септеуліктерді және демеулектерді ажырата алмайды.
6. Қабысу, матасу, жатасу, қиысуды ажырата алмау
7.Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру.
8.Орфография мен орпоэпия нормаларын сақтамауы.
Осындай оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тест сауаттылығына үйрету мақсатында төмендегідей жұмыстарды өз тәжірибемнен ұсынбақпын. Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау үшін бұл материал жүйелі.Оқушылар үшін де , жас ұстаздар үшін де бұл тәжірбиеден туған жинақ – мысал өте маңызды.Сызбамен және нақты мысалмен түсіндіріледі.

1)табыс жалғауы

2)жіктік жалғау (ІІІ ж)
1..Ды,ді,ты,ті
3)сын есім тудыратын жұрнақ

4)жедел өткен шақтың жұрнағы
5)демеулік шылау

1)Кітап+ты таза ұстаңдар.
2)Құстар жылы жаққа қайт+а+ды.
3)Құм+ды жерге орналасты.
4)Ол қуанып күл+ді.
5)Біраз жыл бұрын болған-ды.
ҰБТ – ге даярлауда мұғалімнің орны ең басты назарда тұруы қажет . Әр мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде әрекет жасауы тиіс. Оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, мектеп өміріне енгізілгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да мұғалімнің өзі жаңа технологиямен үздіксіз жұмыс жасайтын, жеке тұлғаны қалыптастыруда орны ерекше .
Біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың үш жолы бар:
Біріншіден: алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;
Екіншіден:оқушы 5-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, қазақ тілінің бағдарламасында берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;
Үшіншіден:пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен өздері оқытып отырған оқушыларынан сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процентін шығару керек.
Сонда ғана Біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уатқанова Бақыткул Жұмабекқызы

Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 253 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar