Қазақ тілі сабағында-оқушылардың өз бетімен ізденушілігін арттыру.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 482
  • Баяндамалар
  • 16/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20050


Қазақ тілі сабағында – оқушылардың өз бетімен ізденушілігін арттыру


Аленова С.А. № 3 ОМ

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру –заман талабы. Оқу- тәрбие үрдісінде оқушының оқудағы іс- әрекетін, ойлау дағдысын жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту басты назарда болып отыр. Тілден жүйелі білім беру- оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы белгілі. Осыған орай мұғалімдер де оқытудың жаңа технологияларын игере отырып, оны сабақтарында тиімді қолдану жолдарын іздестіруде. Бұл әдістемелік оқу құралы осы ізденістердің бір көрінісі.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, қажетті іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға және іздемпаздықпен жұмыс істеуіне қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кезеңдегі оқыту талаптарына сай болуы әр талаптарымен бірге мұғалімнің күнделікті сабағы ғылыми түрде негізделіп,оның тәлім тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осы талаптардың орыны атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Мұғалім өзі сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып өтілетін сабақтары оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып отыруы тиіс. Мұғалім өтілетін сабақтар тақырыбына сәйке алдын-ала жоспарлаған сұрақтар мен оқушы ынтасын, зейінін ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін -өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керектігінде.
Баланың жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері,мазмұны қандай?
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің шарттарына мына мәселелерді жатқызуға болады: 1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау ( топтау,бақылау,қалыптастыру). 2. Қызығушылық және шығармашылық пен белсенділігін арттыру. 3. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қарама- қайшылықтарды есепке алып зерттеу. 4. оқушы мүмкіншілігіне ( потинциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, оларды белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс- тәсілдірді қолдануға болады.
Олар мыналар: Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау. – Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. – Логикалық ойлауын дамытатын ойындарымен берілген тапсырмалар шешу. – берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есептер, құрастыру,мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін,әңгіме құру). - Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою. – Қиялдау арқылы сурет салғызу. – ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру. – Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру. –Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Жалпы өз бетінше іздендіру жұмыстары мұғалімнен аса терең психологиялық, педагогикалық, әдіскерлік біліктілікті талап етеді. Сонымен қатар әр баланың қабілет –қарымын, қызығушылығын, икемділігін жіті танып отыратын байқампаздықты қажет етеді. Осы орайда мұғалім өз бетінше іздендіру жұмыстарын берерде жоғарыда баяндалған мәселелерді толық ескеру қажет. Сонда ғана баланың білімі тереңдеп, жеке тұлға ретінде шығармашылық қабілетінің артуына қол жеткізуге болады. Жоғарыдағы жұмыстардың барлығында оқушының қарым-қабілеті мен мүмкіндігіне, ең бастысы қызығушылығына қарай үйлестіріп бере білу үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Өз бетінше жұмыс түрлерін берудегі психологиялық, педагогикалық негіздері: 1. Баланың табиғи мүмкіндігін ескеру; 2. Жас ерекшелігіне сай тапсырма көлемін реттеу; 3. Қызығушылығын ескеру; өз бетінше іздендіру жұмыстарын түрлендіріп беруге қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мүмкіндігі өте мол. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілі сабағында-оқушылардың өз бетімен ізденушілігін арттыру. Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аленова Самал Аманбаевна

Ақтөбе облысы № 3 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar