«Қазіргі балабақша - білім берудің инновациялық - технологиялық ортасы»

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 353
  • Баяндамалар
  • 15/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20031


«Қазіргі балабақша - білім берудің инновациялық - технологиялық ортасы»

Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.
Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева, Р.К.Дүйсембінова, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ұ.А.Асанова, Ж.Нәжмеденов, Ж.З.Өтемісов, М.Оразалиева , әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. зерттеген.
Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.
Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы-педагогтарының да (Әбунасыр Ибн Мухаммед әл-Фараби, Әбуғали Ибн-Сина және т.б.) назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып-білуде қызығушылықтың рөліне үлкен мән берген.
«Балам, біліп қой, егер сен музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Үстіңдегі киіміңді әр кез таза ұста. Музыка өнеріне арналған зәулім сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыржитып, қабағыңды түйме...
Әкесінің баласына айтқан ғибрат сөздерінің ішінде адамның үлкен жиын үстінде өзін қалай ұстауы да қамтылған. «Егер тыңдаушылар толыққанды, шырайлы болса - екінші ішекте; сұрланып, сарғыш тартып отырса - жоғарғы ішекте, ал аққұба жүзді, толық күйінде отырса - баста көбірек ойна. Өйткені, бұл ішектер адам мінезінің төрт түріне сай жасалынған», - деген.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызығушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:
а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;
ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;
б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;
в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.
Екінші міндет -белгілібір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.
Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:
а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс
бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы
ерекшеліктерін түсіндіру;
ә) түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;
б) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен
шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).
Үшінші міндет - музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл:
а) шығарманы тыңдап, талдай білу дағдысын қалыптастыру;
ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;
б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының жас ерекшелігі - олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым–қатынасының пайда болуымен, «балалар қоғамының» құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.
Қазіргі музыка сабағы - мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б.
Музыка - эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты - халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту - бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр. Тәрбие.орг сайтынан «Қазіргі балабақша - білім берудің инновациялық - технологиялық ортасы» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джаманшалова Гулжан Науаровна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №22 "Ақбұлақ" балабақшасы балабақша директоры

Пікірлер: 0

avatar