«Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге сәттілік!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 782
  • Баяндамалар
  • 18/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19234


Турсунбаева Анара Садыковна
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы
№6 орта мектептің ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары
«Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге сәттілік!»
«Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу,жас мамандардың мотивациясын арттыру біздің міндетіміз.

Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысады. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Іс – қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек.
ҰБТ, ОЖСБ сияқты мемлекеттік бағдарламалардың ережелерімен танысып, модификацияланған кабинеттерде жұмыс жасау, электронды журнал, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы мектеп әдіскері таныстырып отырғаны абзал.
Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.
Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.
Жас маман
Еңбек тәртібімен танысады,тәлімгер тағайындалады
Әдістемелік семинар,шығармашылық кеш, пәндік апталықтар т.б. қатысады
Тәлімгерлерінң сабағына қатысады
Өз сабағын талдай білуді үйренеді Дарынды оқушыны анықтай білу диагностикасын жүргізеді
Сынып журналын толтыру жөніндегі нұсқаулықпен танысады
Баға шығару,тоқсандық,қорытынды баға шығару туралы бағыт алады Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың формалармен,әдістерін үйренеді

Жастарды ақпараттандыру технологиясына сай бейімдеп, интерактивті тақтаны пайдалануды іске асыруды қолға алғанда, жас мамандар оқытудың жаңа технологияларына бетбұрыс жасайды.
Технологияларды қолданғанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып деңгейін анықтап алғаны дұрыс екендігін айтқанның артықшылығы жоқ.
Жалпы мектепте ақпан айын жас мамандарға бөлген қолайлы деп ойлаймын, себебі І жарты-жылдықта сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысқан жас мамандар заманауи талаппен қаруланған сабақ көрсетеді, оқушыларға «жақындай» түседі.

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Ұстаз үшін шәкіртінің білім әлемінде құлашын кеңге жайып, елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ.Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.
Құрметті, Жас Ұстаздар! Сіздердің алғашқы Ұстаздық қадамдарыңызға нұр жаусын! Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық – білім мен тәрбие. Ал, сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да, осы Ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге сәттілік!» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсунбаева Анара Садыковна

Маңғыстау обл.Жаңаөзен қаласы №6 орта мектеп Биология пәні пұғалімі

Пікірлер: 0

avatar