«Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1446
  • Баяндамалар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22545


Байтуякова Тазагул Тухтаровна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
№2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі


«Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру»

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт — жас күнде көрген өнеге.
Жүсіпбек Аймауытов


Қоғам үшін әр кезеңде , әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл — қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі — ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата — ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы — өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты — балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
— Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
— еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.
— Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
— Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі.
« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез — құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
Отбасы — барлығының басы, жан — жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата — ана мен баланың қарым — қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше — баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты — білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата — аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата — аналармен қарым — қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата — ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата — ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата — аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата — ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата — аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата — аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата — аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата — аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата — аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата — аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата — аналардың ұсыныс — пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата — аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата — аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата — аналардың ұсыныс — пікірлермен санаса отырып ата — аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ — жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата — аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс — тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс — шараларға, ата — аналар және топ жиналыстарына ата — аналарды тартудың қажеттілігі:
* Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
* Ұнайды;
* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Тәрбиешілер ата — аналарға ақыл — кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым — қатынас ережелерін есте сақтауы керек;
Бір – біріне көңіл бөлу
Тыңдау
Сыйлау
Көзбе – көз қарау
Тиімді орынды таңдау
әзілді сезіну
ұрыс – керістен сақтану сияқты
Сонымен қатар ата — аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Сиқырлы сөздер айту;
Баласының жетістігін айту
Сенімді болу
Көңіл — күйіне қарау
Намысына тимеу
Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)
Қарапайымдылық
Пікірін сыйлау
Ата — аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары
* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата — ана болғысы келеді;
* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;
* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата — ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
* Баланың дамуы туралы ақпарат ата — аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;
* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;
* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;
* Ата — анамен баланың ортақ қарым — қатынастары жөнінде кеңес беру;
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата — ананыңда, тәрбиеші — ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған — туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Ата — ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата — ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс — тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Тәрбие.орг сайтынан «Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байтуякова Тазагул Тухтаровна

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі

Пікірлер: 0

avatar