Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Балалардың ұлттық дүниетанымын кеңейту
  • 11.11.2016
  • 82 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19988

Бүгінгі танда ұлттың мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, әдеп – ғұрыптың, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Әрбір жас ұрпақ өзінің отбасынан алған тәрбиесін ары қарай жетілдіруіне, жан-жақты болып өсуіне, өзінің келешегіне көз жеткізуіне мүмкіндіктерін ұлттық болашақ пен тағдырға байланыстыра білу. Ұлттың болашақ пен тағдырды толық менгеру үшін баланы балабақша мен мектеп алды даярлықты ұйымдастыруда пән ретінде ұлттық дүниетанымды қосымша енгізіп тәрбиелеудің маңызы өте зор. Мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, ұмыт болған ұлттық ұғымдарды қайта жаңғырту.
Алынатын тақырыптар баланың өмірге көз қарасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, эстектиқалық талғамдарын өсіру, ұлттың түрлі ырым тыйымдар негізінде тәрбиелік мәні бар. Қазақ халқының тарихи тегі, үлкендерді құрметтеу, кішілерге ізет көрсету, әдепті болу, туыстық жүз туралы, жеті атаны тану, білу, бірлікке, елдікке тәрбиелеу өмір қажеттігіне, танымдық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі заман талабына қарай әр жас бүлдіршін бала өзіне көңіл бөлу, өзін тану, өзіне баға беру, өзін құрметтей білуге үлкен мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндіктерді өз уақытында, жас ерекшелігіне қарай түсіндіре отырып, өзіне сенуге талпындыру ұстаз міндеті.
Ұрпақ тәрбиесінің ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Ақыл – өсиет сөздер, ырым, тыйым сөздерің баланың санасына кіріп, ой қалауына қажетті жағдай ,қазіргі ғылыми-техниқалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі - компьютер дәуірінде өмір сүріп жатуы айқын дәлел. Бірақ бір нәрсе жетіспейтіндей. Ол - рух қассиеттігі, рухани азық. Әрбір халықтың рухани азығының көзі, бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері, ұлттық дүниетанымы болып табылады.
Адам өмірінің «алтын бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Әдептілік, имандылық, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білуі үшін, әрбір тәрбиеші ұстаз халық педагогиқасын , сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды жан- жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт.
Ол рухани - адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің, тәрбиелеудің барлық кезендерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, өзіне баға бере алатын, мінез - құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін балаларда жас кезінен бастап ең манызды адамдық саналарды - адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
Ежелгі қалықтардың туған топырақ, ата - мекен, табиғат, жан – жануарлар туралы ұғым түсініктері, таным талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Өмірден туындап, ғасырлар бойы сақталып келген ырымдар мен тыйым сөздер де бірнеше даму сатысынан өткен наным сенімдердің бірі болса керек.
Ырымдар мен тыйым сөздер халқымыздың айналаны қоршаған орта, табиғат, өзара қарым – қатынас туралы өмірдің өзінең түйіндеген пайымдаулары мен қағидаларың, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші болып табылады, сондықтан жас бүлдіршіндерді жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рахымшылдық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелеу керек.
Ырымдар мен тиым сөздерді мазмұны мен мақсатына карай;
- тұрмыстық - шаруашылыққа, енбекке баулу;
- мәдени - гигиеналық машығын қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие беру;
- әдеп мәдениетіне тәрбиелеу;
- қауіптен сақтандыру, жіктеп, қазақ халқы өз ұл – қыздарының оғаш та, осал қылықтарын сынап, тыйып, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған.
Ырымар мен тыйым сөздер баланы ағаттық жасаудаң, қауіптен сақтандырып, ақыл айтып, адамгершілік қасиетке тәрбиелейді. Ырым, тыйым сөздерді белгілі бір жағдайға байланысты, сабақтың тақырыбы мен мазмұнына, тәрбие жұмыстарының мақсатына бейімдей отырып, пaйдалану керек. Ырым, тыйым сөздерді баланың құлағына жанұядан, балабақшадан сіңіре берген жөн.
Әрбір халықтын тарихи дамуында ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – ғұрпы, салт - дәстүрлері бар. Дәстүрлердің бәрі халықтың тіршілік бейнесін, тұрмыс - салтын, мінез - құлық ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып. Хлықтың сана - сезімі мен ұлттық дуниетанымын, жан дүниесінің, сыр - сипатын, психологиялық ерекшеліктерін айқын көрсететін тұрақты қасиеттер әдеп ғұрпы, салт - дәстүр.
Әдет - ғұрыптар жеткіншек ұрпақты ұлттық салт - дәстүрлердің тарихи даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың сана – сезімін, дуниетанымдық шеңберін өрістетуді жүзеге асыруда үлкен көмегін тигізеді.
Ұлттық дүниетаным таңдау пәнінде алынған тақырыптар; бала тәрбиелеу дәстүрлері, жетілік ұғым, әдептілік, төрт түлік мал, ұмыт болғат қазақша ұзындық өлшемдері әр баланың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан ұлттық тарихымызда ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан салт - дәстүрімізді кеңінен пайдаланып, оқу - тәрбие ісіне кеңінен ақау ету - бүгінгі күннің өзекті міндеті.
Қазақ елінің дәстүрі бойынша да таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші болып сәлем беруі - міндет. Біз өзіміздің ұлттық рухымызды тіктеп, халықтық негіздерін бетбұрыс жасап отырған қазіргі кезде ұсақ - түйекті санамай, әдептілік, имандылық негізі болып табылатын дидарласу әдебіне; жасы үлкендерге, көпшілікке, отырғандарға сәлем беру салтымызды отбасында, балабақша, орта және жоғарғы оқу орындарында қайта жаңғыртуымыз, қалпына келтіруіміз керек. Тәрбие.орг сайтынан Балалардың ұлттық дүниетанымын кеңейту Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кунбаева Турганай Усмановна

ОҚО Мақтарал ауданы Бірлік ауылдық әкімшілігі ЖШС "Жиенбет ата" бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 82 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar