Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарының отбасымен өзара байланысы»
  • 01.10.2016
  • 214 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19562

Оқушылар мен жасөспірімдер Үйі

Баяндама
Тақырыбы:
« Балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарының отбасымен өзара байланысы»

Дайындаған: Мырзахметова Перизат

2016-2017 оқу жылы

Отбасы- отанымыздың ошағы.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер
жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген
ыстық сезім- жақындарына , туыстарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев.
Бала тәрбиесінің негізі- бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ- бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім- тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Бүгінгі қаралатын мәселе «балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарының отбасымен өзара байланысы».
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімделуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім- тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш- жігерін дұрыс бағытта жұмсау, бойында тұнып тұрған туа біткен қабілеттердің көзін ашып, өнерге баулу қай кезеңде болмасын, өзектілігін жоғалтпаған мәселелер. Баланың болашақта мықты, салауатты, сауатты, кәсіпке бейім яғни жан-жақты тұлға болып қалыптасуына бұл факторлардың ықпалы өте зор.
Айта келе, қазіргі таңда жасөспірімдер арасында европаға еліктеушілік, құқық бұзушылыққа бейімділік, нашақорлық секілді жағдайлар белең алып бара жатыр. Сондықтан да мемлекет баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қосымша білім беру орталықтарын барынша ашуға мүмкіндік беріп қойған.
Жалпы біздің мақсатымыз баланың бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, этикалық, эстетикалық тәрбиесін жетілідіріп, өнерге баулып, іс- шараларға белсене қатысуларына ықпал жасау және денсаулығы зор, отансүйгіш, адамгершілігі мол, рухани дүниесі бай азамат тәрбиелеп шығару.

Қазіргі таңда балаға таңдау көп, демалатын, оқитын жерлерде баршылық. Тек осыларды дұрыс пайдалану, дұрыс бағыт- бағдар беру біріншіден ата- ана, ұстаздар қауымы сосын педагог- психолог маманына тікелей байланысты.
Қазіргі дамыған мемлекетте әрбір мекемеде педагог- психолог бекітілген. Не үшін? Яғни, ұжымдағы, балалар арасындағы психологиялық ахуалды дұрыстап, таразылап отыру үшін, ұжымға, ата-анаға, балаға кеңес беру үшін.
Мысалы, қазіргі таңда мемлекеттің қойып отырған міндеті қосымша білім беру саласында баланы қандай да бір кәсіпке баулу. Қазір бала мамандық таңдамайды көп жағдайда ата-ана таңдау жасап жататыны барлығымызға белгілі. Ал ата- аналар балаларына дәрігер, мұғалім, заңгер секілді мамандықтарды таңдап жатады. Ал, баланың қабілеті оған жете ма, жетпей ма, болашақта қандай маман иесі болғысы келеді, оның баласының арманы қандай яғни оның пікірімен санаспайды, есептеспейді.
Сондықтанда үйірмелердің осы тұста қажеттілігі мол. Үйірмеге бала тарту мәселесі ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге шешіледі. Әр үйірменің өзінің үйретері бар. Оны өздеріңіз білесіздер. Бірақ, кей ата-аналар баласының қабілетін онша білмейді, ал кей ата-аналар жақсы біледі, міне осы тұста педагог- психологтың көмегі өте зор.
Мысалы, бір ата- ана баламның әншілік қабілеті бар деп вокал үйірмесіне береді, бірақ ол баланың бойында басқа өнерге талпынысы болуы мүмкін, сондай жағдайда мен балаға түрлі сұрақтар, сауалнамалар, анкета алу, тапсырмалар беру арқылы ол баланың қай өнерге қабілеті бар екенін анықтап, басқа да үйірмелерге баруына жол ашамын.
Анкета:
1. Аты-жөніңіз?
2. Сыныбыңыз?
3. Таңдаған үйірмеңіз?
4. Сүйікті ісіңіз?
5. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
6. Сен қандай маман иесі болуды армандайсың?
7. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
8. Мамандық таңдауда ата-анаңмен кеңестің бе?

Анкета жауабын талдай келе мынадай қорытынды жасаймын:








Қосымша білім алу барысында баланың өзіндік ойлау жүйесі қалыптасады, дарыны ашылады, ақыл- ой қабілетін жетілдіреді, тәртібі жақсарып, талғамы жоғарылап, таланты ашылып, кәсіби білімі дамиды, сұлулықты, сауаттылықты үйренеді, өзіндік ойлау жүйесі қалыптасып, бала рухани дамиды.
«Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Тәрбие.орг сайтынан « Балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарының отбасымен өзара байланысы» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мырзахметова Перизат

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: ұйымдарының, тәрбиелеуде, Беру, қосымша, отбасымен, білім, адамгершілікке, Балаларды, өзара, рухани-
Көрсетілім: 214 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar