Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Баланы жазалаған дұрыс па?
  • 03.05.2016
  • 370 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18912

Баланы жазалаған дұрыс па?
Бірқатар ата-аналар баласын жөнге салу үшін оларды әлі күнге дейін ұрады, оларға ұрсады, әртүрлі тиымдар салады. Этнограф Жағда Бабалықұлының айтуынша, дүниеде адамды ұрып-соғу тәрізді жазалардың жүз жиырма түрі бар. Ал баланы жазалау дегеніміз оны міндетті түрде таяққа жығу емес. Ата-ана тарапынан бір нәрсеге рұқсат бермеу, шектеу қою, өкпелеу, сөйлеспей қою да жаза түрлеріне жатады. Негізінде, жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатын да жақтары баршылық. Мысалы, Сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтығына мән бермей, кешіре салсаңыз, ол өзінің осындай іс-әрекеттерінің елеусіз, жазалаусыз қалатынына сеніп, оны қайталай беретін болады. Сонан жеңіл-желпі бұзақылық үлкен тентектікке де ұласады. Алайда есте болатын бір жағдай, баланы үнемі қатал тәрбиелеп, оның әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту жасай бермеңіз. Мұндай бала жасқаншақ болып өседі. Және де орынсыз айтылған сын-ескертулер баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін де төмендетеді. Олар өскенде өз бетімен әрекет жасауға қорқады. Ата-анасы үнемі кемшілігін көріп, ұрсу ести берген баланың көп іске деген ынта-ықыласы мен құштарлығы да жойылады.
Шығыс ойшылдары балалардың қателік жасауларына рұхсат ету керек, - дейді. Себебі, қателескен сайын балалардың тәжірибесі арта түсетін көрінеді. Қателесу, оны түзету үстінде балалар өздерінің қолынан қандай істердің келетінін де түсініп, басқалардың көмегіне мұқтаж болмай өседі. Тек, баланың қате қылығын тыйған кезде оның орнына басқа бір дұрыс қылықты көрсету, үйрету қажет. Ойнағанда да, бір нәрсемен шұғылданғанда да осы қағида ата-анасының есінде болса, нұр үстіне нұр жауады. Балалық қызығушылық көп қателіктерге ұрындыратындықтан, ол үшін жазаламай, керісінше, оған талдау жасалып, дұрыс бағасы беріліп отырса, қажет кезінде қателігін қайталай бермеуі үшін баланы жазалап қойса да артық емес. Алайда кешірім өте жиі жазалау шектен тыс болмасын.
Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең әуелі балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мәселелерін ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді. Еңбекке баулу балалардың жас шағынан басталатын болғандықтан, оларға берілетін тапсырмалар: қоқысты шығару, дүкеннен нан әкелу тәрізді бірсарынды болмасын. Жасөспірім үйдегі бір жұмыста көмектесуге ниет танытса, қолынан қақпаңыз, тиым салмаңыз. Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс әртүрлі, қызықты болса, оның еңбекке баулуда пайдасы зор. Әсіресе, әрбір оқушының күн тәртібінің кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді, жақсы тынығуына жәрдемдеседі.
Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік. Тәрбие.орг сайтынан Баланы жазалаған дұрыс па? Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Прманова Гулназ Магимаркызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 370 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar