Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бастауыш сыныпта кітап оқыту жолдары
  • 07.07.2016
  • 328 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19275

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.6Kb)

Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кенті «Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ
бастауыш сынып пәні мұғалімі: Сасаенова Гүлгана Биттихановна

Бастауыш сыныпта кітап оқыту жолдары
Көркем әдебиет қай кезде де адамның ой-өрісін кеңейтетін, тіл байлығын арттыратын, ізгі адами болмыстарға жетелейтін тәрбие құралы екені белгілі. Сондықтан бұл тәрбие құралын бастауыш сыныптан бастап қолданып, оқушының көркем әдеебиетке деген қызығушылығын ояту ұстаздардың басты міндеті деп білемін. Сол себепті мен өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларына арнап оқуға, әңгімелеуге, жаттап айтуға, мәнерлеп оқуға арналған тапсырмалар жүйесін оқу тоқсандарына бөліп, жоспар құрып аламын. Оқушылардың көркем шығарма оқуға баса назар аударуы үшін шығарма оқуға қойылатын талаптарды алдын ала ескертемін. Яғни, баланың оқыған шығармасының мазмұнын сезініп, оқиғаға беріліп, сезіммен қабылдай білуді, оқиғаның баяндалу ерекшелігін түсініп, түйсіне білуді, оқыған шығармасынан ләззат алып, ондағы кейіпкерлерді жіктей білуді, кейіпкерлер мінез-құлқынан не үйреніп, неден жиренгенін ажырата білуді талап етемін. Ол үшін алдымен алдымен Абайдың 31 қарасөзін оқушыларыма жақсылап оқып беріп, оқыған, естіген нәрселерді қалай ұмытпай, жадында сақтау керектігін терең талдатамын. Содан кейін бұрын оқыған әңгіме, ертегісі жөнінде сұрап, оны сыныптастарына әңгімелеп беруін сұраймын. Сонымен қатар оқушыларға оқыған шығармаларына жоспар құрғызып, жоспар бойынша баяндатамын. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша сыныпқа жалпы берілген әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар жаудырту арқылы да оқыған шығарма мазмұнын меңгеруіне ықпал етемін.
Сөз – тілдің негізі. Көркем мәтіндегі сөздер тілдің бейнелік құралдары болып табылады. Қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер етіп, сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратын болғандықтан, баланың жүрегін толқытып, бойын балқытып, қиялын шарықтатындай жағдай туғызу керек. Ол үшін мен оқушыларымды шығармашылық сайыстарға қатыстырамын. Мектепте тіл мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтіп жататын мәнерлеп оқу сайыстарына сыныбымнан үнемі бірнеше оқушы қатыстырып отырамын. Оларды алдымен сынып ішінен іріктеп аламын. Бұл оларды бәсекеге қабілетті етумен қатар, тіл байлықтарын молайтуына, ана тілін еркін меңгеруіне, әр сөзді түйсініп, сезіммен қабылдауына әсер етеді. Бірнеше жыл қатарынан Мұқағали, Абай оқуларында жоғары сынып оқушыларына қалыспай жүлделі орындарға ілініп келеміз.
Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеяларға, зор арман-мұраттарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдық, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді. Көркем шығарманы оқу мен талдау барысында, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас негізделеді. Сонымен қатар, оқушыны азаматтыққа, отансүйгіштікке, зияткерлікке, ұлттық құндылықтарды сыйлауға, өзінің және өзіөмір сүріп отырған ортасының алдындағы жауапкершілігін сезінуге жетелеп,гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға бағыттайды. Бұл – қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы. Мектеп жасындағы оқушылардың көркем әдебиеттен қол үзуі бүгінгі күннің басты проблемасына айналып отыр. Осы мәселені шешудің бірден бір жолы бастауыш сыныпқа енді ғана келген баланы шығарма оқуға дағдыландыру, қызығушылығын арттыру. Ол үшін арнайы уақытты сарп етіп, оқушымен бірге отырып оқып, талдау, әңгімелесу, ой бөлісу. Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш сыныпта кітап оқыту жолдары Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сасаенова Гүлгана Биттихановна

ШҚО Ұлан ауданы Қ.Қайсенов кенті «Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ Бастауыш сынып пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 328 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar