Бастауыш сыныпта оқушының тілін дамыту – ертеңгі болашақтың негізін қалау

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 593
  • Баяндамалар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21666


Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту - оқушыларға білім жүйесін нақты меңгеруге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен формалар, оқыту мазмұны жайлы ілімнің бастауы деуге болады. Олай дейтініміз, тіл дамыту жұмыстары арқылы біз оқушының ана тілінен алған білімін дамытып, оның сөйлеу тілін жаттықтыра аламыз. Оқушының өзіндік ойлауына ықпал етіп, ойын еркін және таза жеткізе алуына себепші боламыз. Ана тілі бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға әр түрлі саладағы білімді тіл арқылы береміз. Оқушы әр сөздің мағынасын терең ұғынған жағдайда ғана өзіне берілген тапсырманы, оқып отырған материалды толық түсіне алады. Қазіргі заманауи талапқа сай әр оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе алуы шарт. Жазбаша және ауызша түрде. Бұл бастауыш сынып мұғалімдеріне түсетін үлкен жауапкершілік. Сол себепті бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстарын жиі жүргізу, оны түрлі бағытта өткізу оқушының сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуіне төселдіреді. Ендеше бастауыш сыныптағы оқушының тілін дамыту барысында қандай жұмыстар тиімді? – деген сұрақ туындайды. Меніңше, басты дүние - кітап–оқу. Жай ғана оқу емес, Абай атамыз 31-қарасөзінде айтылғандай көкірегіне байлап, тұшынып, ой елегінен өткізіп, көңілге түйіп оқу керек. Бұл мәселе бүгінгі күні ауқымды болғанымен ана тілін оқытуға арналған әдістемелік оқулықтарда бұрыннан келе жатыр. Мысал С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» атты еңбегінде оқыған әңгімелерін оқушының қабылдауы мұғалімнің оқу әдісіне тікелей байланысты екенін, әсіресе,мәнерлеп оқытудың маңызы зор екенін баса айтқан. Ғалымның пікірінше, сауатты сөйлеуді үйрететін жұмыстың негізгі түрі – мазмұндау түрі. Бірақ қазіргі оқушыға, әсіресе қала баласына бірден мазмұндай кету қиындық тудырады. Себебі бала сөз мәнісін түсінбейді, оны түсінуі үшін төмендегідей жұмыстар жүргізу тиімді деп санап, өз тәжірибемде үнемі қолданамын:
1. Мәтіндегі түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргізу;
2. Кейбір ауыр сөздердің синонимдерін табу;
3. Негізгі тірек сөздерді табу;
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау;
5. Мазмұнын жазбаша жеткізу;
6. Ұнаған оқиғаны баяндау.
Қорыта келгенде қазіргі заманда ойын жеткізе алмайтын, сөйлеу мәдениеті төмен елдің тығырыққа тірелері сөзсіз. Сондықтан да біз қадам басқан Мәңгілік ел мұраты - ойын ашық жеткізе білетін, сауатты сөйлей және жаза алатын , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу. Қазіргі кездегі білім саласындағы бетбұрыстың негізгі мақсаты да оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі жаңашылдандыру. Жүргізіліп жатқан реформаның басты талабы - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті, еркін ойлы, ана тілінде таза сөйлей алатын, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш сыныпта оқушының тілін дамыту – ертеңгі болашақтың негізін қалау Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Онгарбаева Зинура Кабылгазиновна

ШҚО Ұлан ауданы Алғабас аулы К.Аханов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar