БАСТАУЫШ СЫНЫПТА – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕРІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 542
  • Баяндамалар
  • 22/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23118


Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу- білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.
Бастауыш мектеп педагогикасы – кіші оқу жасындағы балаларды тәрбиелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол заңдылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс- қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттілігі артуда.
«Педагогикалық технология дегеніміз,- В.П.Беспальконың анықтамасы бойынша, - тәрибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педогогикалық жүйенің жобасы, педогогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана». Педогогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан – жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады.
Б.Т.Лихачев педогогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік құралдардың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған психологиялық – педогогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді. Ал, технологиялық процесті нақты педогогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді. В.Т.Лихачев педогогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педогогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу.
В.В.Воронов педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт деп есептейді. Бұл оқыту технологиясының мынадай арнаулы белгілері арқылы анықталады: диагностикалық тұрғыда қойылған оқыту мақсатын анықтау; барлық оқу әрекетін оқу мақсаты белгілі бір нәтиже беретіндей етіп бағдарлау; нәтиженің ағымдағы және қорытынды бағалары; үйрету әректінің пайда болуы.
В.М.Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі», - десе, М.Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі»,- деп анықтама береді.
Осылардың кейбіріне тоқталар болсақ, М.Н.Скаткин «бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды пробемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан – жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс», - дейді.
Ғалым – дидактик В.В. Давыдов, М.Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістердің енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.
В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материялды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.

Кесте – 1 . Дамыта оқыту тәсілдері.
Педагогикалық
процестің
компоненттері Дәстүрлі иллюстрациялық-
түсіндірме әдісі Дамыта оқыту
Мақсат білік, дағды қалыптастыру Оқушыларға білім, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту Байқампаздығын
Бастапқы мазмұн Мысалдар, дәлелдер, ақиқат, мәтіндер Заңдылықтарды, теорияларды, ережелерді, ұғымдарды қорыту.
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фроньталды. Бірлескен оқу қызметі, ұжымдық оқыту әдісі
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық. Проблемалық баяндау, ішінара ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, бағалау Бақылау, оқыту нәтижесін мұғалімнің бағалауы. Өзін- өзі бақылау,
өзін-өзі бағалау.
Ойлау Эмпирикалық: индукция, салыстыру, жіктеу. Теориялық :
Дедукция, талдау. Рефлекция, модельдеу.
Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын ( оқушылардың зерттеу – жобалау іс- әрекетін ұйымдастыру әдістемесі, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту ) тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.
Баланың айналаны өз бетімен танып- білуге ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез- келген саласындағы іс- әрекетінің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктерімен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде » алмай, өз бетімен ашады.
Оқытуды іске асыру тәсілдерінің бірі- жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілікті тәсілді қолдайтын технология.
Оқушылардың жобалау іс- әрекеті субьективті жаңа өнімді алуды көздейді. Мұндағы жобалау іс- әрекетінің алгоритмі оқушының іс-әрекетінде қағидатты түрде сақталады. Оқушы межелеген мақсатынан бөлек білім нәтижелеріне қатысты мұғалімнің дидактикалық мақсатының да маңызы зор. Дидактикалық мақсаттарға жету алгоритмі оқушылардың жобалау іс- әрекетінің қамтамасыз ететін және қолдайтын әдістер мен тәсілдер жиынтығынан көрініс табады. Жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту- проблемалы бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары- білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздеу арқылы білімді практикада қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім, біліктерді меңгеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану тілектерін ескеру. Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану- оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы- оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім- білік дағдыларды қалыптастырудан жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әректтерін дамыту- бағалау жүйесіне өзгерістердің енгізілуін көздейді.
Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға есте сақтауға, тіл дамытуға бағытталған. Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікір- сайысқа салу; сабақ құрлымының оңтайлығы; дидактикалық ойындар; өзіндік іс- әрекеттің қарқындылығы; сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беретін ситуация құру.
Коммуникативті оқыту технологиясы- сабақта диалогтық және монологтық оқытуға жағдай жасайды. Коммуникативтік әдіс- оқушылардың танымдық оқу іс- әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым- қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсатты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Педагогикалық технологиялар қолдану сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді. Инновация ( «новация » - жаңа, жаңашылдық ; «ин», «қайталанатын» процесс, құбылыс, оқиға, т.с.с. білдіретін жұрнақ.) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым кейде «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық», «жаңаны жасау», «реформалау» ұғымдарымен теңестіріледі, ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білдіреді. Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В. Зобарт, В. Метчерлих және австриялық экономист Й. Шумпетер болып табылады, олар бұл қағидаларды әлеуметтік- экономикалық және технологиялық процестерге байланысты қолданған. Бүгінде ғылыми зерттеулерде әдіснамалық тұрғыдан қатынастың әртүрлілігіне байланысты «инновация » түрліше анықталады. Көптеген ғалымдар әсіресе шетел ғалымдары ( Н.Мончев, И. Перлаки, В. Д. Хартмай. т. б. ) бұл ұғымды өз зерттеулерінің обьектісі мен пәніне байланысты тұжырымдайды. Мәселен, Б. Твисс инновацияны жаңалық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын процесс ретінде анықтайды. «Педагогикалық инновация » (жаңаны енгізу ) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі:
1. Тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді. (жаңашылдықты) білім беру ортасына енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер.
2. Жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т. с. с. ) меңгеру процесі;
3. Ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу.
Сонымен бірге педагогикалық инновация педагогикалық іс- әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұнымен технологиясын өзгерту болып табылады.
Әр түрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытындыға әкеледі, ал инновациялық өзгрістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады.
Инновация мамандар даярлау міндеттерін дәстүрлі формалар (мазмұн)арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда пайда болып, жаңа мақсат пен міндеттерге сәйкес жаңа технологияларды пайдалану қажеттігін тудырады.
Дәстүрлі және инновациялық педагогоикалық технолонгиялардың аражігі болғанымен, бұл оларды тұтас бір- бірінен ажыратып алу деген сөз емес. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен қатар бірін- бірі өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаттары да болады. Оқытушы білім берудің мақсаты мен міндеттерін нәтижелі жүзеге асыру үшін педагогикалық технологиялардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін ала отырып, оларды өзара байланыстырып қолданудың мәнін жете түсіну қажеттілігін ғалымдар өз зерттеулерінде анықтап отыр. Сондықтан біз өз зерттеуімізде дәстүрлі технологиялардың аражігін бөліп көрсетуді жөн көрдік. Оны төменде берілген 1- кестеден көруге болады.

Кесте -2. Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі.

Дәстүрлі технологиялар Инновациялық технологиялар
Мазмұнды компонент
Білім беру стандартымен анықталады Білім беру стандарты оқушылардың дайындық деңгейі бойынша саралап оқыту есебінен байытылады, оқыту бағдарламалары кеңейтіледі және тереңдетіледі,
Жобалау компоненті
Мақсатпен міндеттерді бағдарлама мен мамандарды даярлауға қойылатын талаптарға сәйкес оқытушы анықтайды. Мақсатты жобалауға және соңғы нәтижені анықтауға оқушы өз мотивациялары мен сұраныстары бойынша қатынасады.
Оқыту моделі (әдістемелер, әдістер, құралдар, педагогикалық тәсілдер )
Түсінідірмелі – иллюстративтік оқыту әдістемесі, «талап қою педагогикасына » құрылған оқыту әдістері, құралдары, педагогикалық тәсілдері. Студенттердің ақыл-ой іс-әрекетін белсенділендіруді, дамытуды көз-дейтін әдістемелердің әртүрлі нұсқалары тән:
Проблемалық сұрақтар, эвристикалық әңгімелер, тренингтер, іскерлік ойындар, дамыта оқыту. т.б.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ. Сарбасова – «Инновациялық педагогикалық технология » Алматы. Атлас баспасы- 2001, 2006ж.-176 бб.
2. С. А. Мұсаева, Т. Б. Бегалиев- «Жас ерекшелік педагогикасы » Астана. Фолиант, 2006ж - 472 бб.
3. Г. Қ. Нұрғалиева, А. Қ. Құсайынов, Қ. С. Мусин – «Салыстырмалы педагогика » Алматы. Рауан баспасы – 1999 ж. – 176 бб.
4. С. Б. Бабаев – «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы. «Заң әдебиет», 2007.- 413 бет. № 7, 2009ж
5. С. Елубаева - «Бастауыш мектеп – республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журнал» 050010, Алматы, Жамбыла, 25, ком, 403
6. Ү. Жексенбай- «12 жылдық білім – республикалық ғылыми әдістемелік журнал.» Астана , пр Бейбітшілік № 1,2007 ж
7. Ү. Жексенбай- «12 жылдық білім – республикалық ғылыми әдістемелік журнал.» Астана , пр Бейбітшілік № 2, 2007 ж
8. Ү. Жексенбай- «12 жылдық білім – республикалық ғылыми әдістемелік журнал.» Астана , пр Бейбітшілік № 3, 2007 ж
9. С. Елубаева - «Бастауыш мектеп – республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журнал» 050010, Алматы, Жамбыла, 25, ком, 403, №1, 1998ж Тәрбие.орг сайтынан БАСТАУЫШ СЫНЫПТА – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕРІ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аскарова Акерке Бериккалиевна

ШҚО Семей қаласы №35 жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar