Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 188
  • Баяндамалар
  • 12/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23313


Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді? Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді.Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады.Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы» Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек » ,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді.Мұнда мәселе –ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде.Педагог –білім тасушыдан-Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс: . - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
- тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,
-рухани дамыған,
- толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Ұстаздарға қойылатын талаптар:. : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат болып табылады.Мектеп педагогтарының еңбектен қол үзбей біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырған мұғалімдердің,яғни мектеп тренерлерінің әлеуетін пайдалану арқасында мектептің 8 ұстазы «Тәжірибедегі рефлекция»курсын тамамдап,сертификатқа ие болды. Курс жүргізген Мектеп тренері Садуова Нұргул мектеп ұстаздарын оқушылардың шығармашылық зерттеу,сын тұрғысынан ойлау,логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс тәсілдерді меңгертті.Осы әдіс тәсілдерді сабағында кеңінен қолданатын Садуова Нұргүл2016-2017 оқу жылында аудандық пед. Оқудан ІІ орын .облыстық пед оқудан Құрмет грамотасымен марапатталған.Аудандық «Жыл мұғалімі » сайысынан ІІ орын иегері.Жеке тәжірбиесін таратуда мақалалары «45 минут кз», «Өрлеу» білім ғылым порталында, Республикалық «Көкжиек»журналында жарияланған.Аудан ұстаздарына «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы баланың дарындылық қабілетін арттыру » тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырды.Бұдан басқа Мектеп Ұстаздары Адырбаева Альбина,Уразова Ғалия,Ермекбаева Инжу,Изденова Дина Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курсын аяқтады.Мектеп басшылары курстарынан Абдрахманова Нұрайна мен Жаекешова Құралай республикалық білім жетілдіру курстарынан өтіп,сертификатқа ие болды.Бұлардан басқа №17 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық меклекеттік мекемесінде 2016-2017 оқу жылында жаңаша білім беру мазмұнындағы курстардан 9 ұстаз білімдерін жетілдірді..
Мектеп ұстаздарынан өздерінің іс тәжірбиелерін Республика көлемінде насихаттап жүргендері де аз емес.Атап айтқанда мектептің жас маманы Омарова Айгүл Республикалық «Ұлт азаттық көтерілістің 100 жылдығына» орай ұйымдастырылған қашықтық олимпиада да «Алғыс хатпен» марапатталды.Тарих пәні мұғалімі Жауымбаева Орынай аудандық пед оқу –ІІІ орын иегері,Құмарғалиева Жаңылсын аудандық Ж.Нәжмеденов оқуларынан ІІІ орын иеленді.Ұстаз еңбегінің нәтежиесі білімді шәкіртте десек, 2016-2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде аудан бойынша мектеп оқушыларының ең жоғары орта ұпай жинағаны да мектеп ұстаздарының еңбегінің жемісі деп айтуға болады. Сөзімнің соңында 2017-2018 оқу жылында барлық ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеймін.Сөзімді американдық психолог және философы Абрахам Маслоудың идеяларындағыдай 5 деңгейлік қажеттіліктерді қанағаттыра алатын тұлға тәрбиелейтіндей ұстаз болайық деп аяқтағым келеді. Тәрбие.орг сайтынан Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзіреттілігін дамыту Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: САтканбаева РИта Рахымжановна

Атырау облысы Жылой ауданы №17 жалпы орта білім беретін мектеп математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar