Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 675
  • Баяндамалар
  • 25/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22981


Жамбыл облысы, Талас ауданы , Қаратау қаласы
Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Спатаева Индира Жуматаевна
Баяндама
Тақырыбы: Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына»
Ғұлама Жүсіп Баласағұн
Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі.
“Ақпарат” сөзі түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі салаларына кеңінен енгізіліп келеді. Ақпаратты қоғамға сай баланы тәрбиелеу-мұғалімнің міндеті болып отыр. Терең білімді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім ғана баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
Білім беруді ақпараттандыру –жаңа интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылығын дамытуға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Интербелсенді тақтаны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.


Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К.Д.Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді»,- деген болатын.
Бастауыш сынып оқушыларына тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Электрондық оқулықтың ерекшілігі мынада:
-оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, білімін бағалауға мүмкіндік береді;
-қажетті ақпаратты жедел түрде алуға жағдай жасайды;
-өздігінен жұмыс жасауға жетелейді;
-көру арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды;
1- сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта әліппе сабағында электронды оқулықты мынадай жағдайда пайдаланамын. Әріптерді үйрету және көркем жазуға баулуда.

Электронды оқулықтан көрсетіледі.
Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын.
Ана тілі пәндерінде ақпараттық технологияларды пайдалану үлкен жеңілдіктер туғызады, мультимедиялық программалар арқылы әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, әр түрлі ертегілерді тыңдауға, әрі эпизодтық бейнелерді көрсетуге болады. Мұндай сабақтар балалардың есінде ұзақ сақталады, тіпті балалардың пәнге деген, білімге деген құштарлығын арттыра түседі. Кейбір жұмыстарды электронды оқулықпен орындауға болады және тест тапсырмаларын орындауға мол мүмкіндік бар.
Атап айтқанда 1-сыныпта ана тілі пәнінен Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін өткенде.
Балалардың шығармашылығын дамытуда мынадай бейнетаспаны пайдаландым.
Бұл бейне таспаның тиімділігі:
-Оқушылардың шығармашылығы артады;
-Сурет салуға бейімделеді;
-Өлең жолдарын өздері қара сөзбен айтуға жаттығады.
Негізінен шығармашыл тұлғаны қалыптастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.
Оқушыны шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескертемін:
• Ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.
• Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу қажет.

Оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға бейім.
Ертегіні әрі қарай аяқтау мақсатында интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, ертегілерді көрсетемін.
Мысалы:

Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға, сандарды салыстыруға, ұзындықты өлшеу т.б. тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында оқушылардан электрондық оқулық арқылы тест алдым. Әр оқушы электрондық оқулық арқылы тест тапсырмасын орындады. Тапсырма орындалған соң компьютерде қанша дұрыс жауап болғанын көрсетіп, оқушыға бағасы беріледі. Оқушы өзінің жеткен жетістіктеріне қуанып, қанағаттана алуы керек.
Нәтижесі: талаптануы артып, оқу белсенділігі, өз біліміне деген сенімділігі артады.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік
баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынандай болмақ:

• «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
• оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
• шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
• ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
• оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
• оқушының қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекеттерінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Мұғалімнің рөлі ақпаратты тек қарапайым түрде беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыны материалды өздігінен оқып-үйренуге дағдылап, соған жетелеуді білдіреді. Бұл мәселеде оқытушы тек ақпарат көзі ғана емес, сондай-ақ оқу метериалдарын өз бетімен жетік меңгерудің әдістерін жақсы білетін білгір маман ретінде көрінеді. Яғни, мұғалім оқу және қабылдау процесіне тек демеуші күш ретінде ықпалдасады, ал оқушы «қалай оқу керектігін» үйреніп, мұғалімнің бағдарлаушы көмегінсіз бастауыш сыныптарда өздігінен білім алу әдістерін қолдануды үйренеді.
Пәндерді оқытуда ақпаратты технологияны пайдалану, оқушының ақпаратты тез қабылдап, тез түсінуіне, уақытын үнемдеуіне жол ашады. Оқушы жаңа нәрсеге қызығады, өзін-өзі бағалайды.
Сөйтіп, АКТ-ны бастауыш мектептегі оқу-үрдісінде жүйелі түрде пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:

оқу-тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату; оқытудың сапасын арттыру; оқушылардың дүниетанымын, кеңейту; оқушылардың компьютерлік сауаттылығын және білімге құштарлығын арттыру;
Қарастырылатын материалдар көбінесе суреттемелер арқылы келтіріледі. Нәтижесінде: бастауыш сынып оқушылары берілген материалдарды үлкен қызығушылықпен, жылдам қабылдап алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Бастауыш сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
«Егер сен тәнді шынықтыру, ерік жігерді шыңдау, жүректі ізгілендіру, ақыл-ойды жетілдіру және сана сезімді теңестіру әдістерін білетін болсаң- онда сен нағыз ұстазсың», -деген екен Летурно.
Елбасының «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген еді. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, салауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын терең меңгерген жан болғанда ғана білім мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады. Бүгінгі талап-ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың білімін дамыту, сапалы білім беру.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
“АКТ-ның орта білім берудегі маңыздылығы”
“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет”, - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық-коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлармен мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық Қазақстан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. “Қашықтықтан оқыту – үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы” оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамалық атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған электрондық басылымдар ұсынылды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
- үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту, коммуникациялық әрекеттерге қабілетті болуды дамыту, сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, оқу қызметі мәдениетін дамыту;
- оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
- қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында “... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек”, - делінген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары, ашық білім беру жүйесінде, мұғалімдерге осы уақытқа дейін қол жеткізе алмаған, оқыту мазмұнын жылдам жаңарту және жаңа білім мен технологиялар пайда болған сайын оқыту жүйесін жаңадан құру мүмкіндіктерін береді. Ақпараттық технологиялар мұғалімді дәстүрлі оқыту жүйесіне тән күнделікті оқыту материалын баяндау сияқты қызмет түрлерінен босата отырып, мұғалімге еңбек етудің интеллектуалды формаларын ұсынады.
Педагогтың сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ақпараттық тәрбие беру барысында оқушы бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра білуі қажет:
- Оқушы ақпарттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктерін жете түсінуі;
- Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамуы;
- Оқушының үздіксіз ізденушілікте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануы;
- Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;
- Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.
Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Біз сабақта теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қажеттілігі туындайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Кез келген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Сабағымда ақпарттық-коммуникациялық технологияларды қолдану міндетім, өйткені күнделікті өтетін сабағымыз ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру бірінші орынға қойылған. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Балаларға ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалануда қажетті жерде ғана, орнымен пайдалана білу, қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
- Теледидар бағдарламалары;
- Сандық теледидар;
- Интернет;
- Ұялы телефон;
- Ұтқыр қондырғылар;
- Компьютер/ ноутбук.
Ақпараттық технологиялардың тиімділігі мен нәтижесі:
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
- сабақта уақыт үнемді пайдаланылады;
- оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы жаңа сабақтарда көп, қызықты мәлімет алатын болды;
- шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді;
- көрнекілікті өзі жасай алады;
- компьютерлік сауаттылығы ашылады;
- шығармашылық қабілеті арта түседі;
- білім, білік дағдылары дамиды;
- оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамыды.
Ал, ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде оқушы:
- компьютерде еркін жұмыс жасайды;
- компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
- ақпараттарды алады, сақтайды;
- интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
- электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
- өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
- басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.
Баланың пәнге қызығушылығын арттыруда АКТ-ның тиімділігі
Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр.
Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді.
Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауды, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру арқылы табылатындай мынадан көруге болады. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. ХҮІ ғасырға дейін - материалдық жүйелер, ХҮІ - ХХ ғасырлар - энергетикалық жүйелер, ХХ І ғасырдан бастап – ақпараттық жүйелер, микропроцессорлық пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты.

Ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi - адамдардың 50%-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды.

Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не?

Пәндік білім - оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Технологиялық білім- оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Осы үш білімнің қилысуы Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімді береді. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Пәнді оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланысты белсенді қолдану оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіштері. [2;62-65]

Қолданылған әдебиеттер:
1.Бастауыш мектеп. №7. 1993жыл, 2008 жыл
2.Қазақстан мұғалімі 2008 жыл.
3.Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл
4. Ғаламтор желісі
5. http://tarbie.org Ұстаздар сайты Тәрбие.орг сайтынан Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Спатаева Индира Жуматаевна

Жамбыл облысы, Талас ауданы , Қаратау қаласы Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar