КӨПТІЛДІЛІК-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 360
  • Баяндамалар
  • 15/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21766


Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Көп тіл білу-заман талабы. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі.
Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ… Көптілділік, белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.
Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70 ке жуық ұлттың тілін жеттік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кеткендігі анық. Бір азаматтың өз ана тіліне қанық болуы шарт астында өзге бір ұлттың тілін жеттік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға ілгерлеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін, қос тілді болып қана қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу әрқандай адамды кең өріске, тың өмірге бастайтын жол есептелмек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді.
Бұл өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Көптілді білім- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту-жастардың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін тануына мүмкіндік беретін қажеттілік. Көп тілде оқыту-заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті мәдениеттік тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі "өмір заңдылықтарында" және "нақты жағдаяттарда" қарым-қатынас жасай алу үшін қажет болмақ.
Менің мақсатымөз ойын нақты жеткізіп, шешен де ойлы сөйлей білетін рухани бай, дүниетанымы жан-жақты дамыған, өзін-өзі басқара алатын, білікті, көптілді құзіретттілігі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті маман даярлау.Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет. Бүгінде студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті.
Бүгінгі таңда көптілді білім беру саясатын жүзеге асыру мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың қазіргі технологияларын енгізе отырып өткіземін.Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың деңгейлеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әр түрлі тәсілдерін пайдаланужақсы нәтижелерге жетелейді. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.Соның айғағы қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп болады.

The part of becoming interested. -Қызығушылықты ояту кезеңі
The method «Brainstorming »
1. Define the meaning of the sentences:
1. a substance for treating all illness.
2. a substance that you rub in to our skin, especially as a medical treatment.
6. drug, that is used to cure infections, to kill infections
7. to give someone, usually to stop them feeling pain or to make them sleep
2. Speak in to English and Kazakh. Quick answer. “Who is quicker?”
1) Не принмайте лекарство без назначения врача.
2) Закажите эту мазь в аптеке.
3) Взбалтывайте эту микстуру перед употреблением.
4) Принимайте эту настойку по столовой ложке 2 раза в день до еды.
5) Принимайте эти таблетки по одной каждые четыре часа.
6) Храните свечи в прохладном месте.
7) Запивайте эту пилюлю c молоком.
8) Не принимайте эти капли натощак.
3. Translate into English:
1. Қабылдаңыз the medicine in accordance рецептпен.
2. Take таблеткаларonce two hours.
3. Шайқаңызyour throat every two hours.
4. This isауруды басатын пилюля.
5. This is антибиотиктер.
6. This isәлсіреткіш .
7. I take ұнтақ (тамшылар)
8. It’s good forбас ауруына.
9. It’s good forарқадағы ауруға.
10. I shall жазып беремінa foot-bath.
11.This must be takenас қасықпенevery two hours.
12. Five drops (бір шай қасықпен) three times a day
The part of learning meaning- Мағынаны тану кезеңі
T: Today we’ll speak on the theme «General care of patients and care items»
We’ll discuss how care of patients and use care items. You will know something interesting and new for you. I hope that our co-operation will be important and useful for you and for me. First of all we’ll take the new lexis. Look at the blackboard. Listen to me.

«General care of patients and care items»

The part of thinking-Ой толғаныс кезеңі

The method of 5 line poem.
1. The Noun. – Who?
2. The Adjective. – What kind of?
3. The Verb. – What did he do?
4. Write 4 word combinations opening meaning of the text.
5. Synonym

Semantic map

arterial pressure a thermometer temperature chart temperature intradermal,
intravenous,
intramuscular
injection treatment compress
To review
To take
To prescribe
To take
To give
To insert
To put

Сондай-ақ көптілді білім берудегі құзіреттілікті қалыптастыруда колледжімізде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесі аясында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған “ The status of languages is the future of our country”-«Тіл тұғырлығы- ел болашағы», "Blossom, Kazakhstan!"-«Гүлдене бер,Қазақстан!» пресс-конференциясы, Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай ұйымдастырылған шара "Abai's creative heritage"-«Абайдың шығармашылық мұрасы», «Поэзия шеберлері: Абай және Пушкин», СПИД айлығына орай «We are Against the disease of century!»атты үш тілде өткізілген әдеби танымдық кештерді атап өтуге болады.
Ойымды қорыта келе,Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде.Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік Елге айналумыз керек. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Тәрбие.орг сайтынан КӨПТІЛДІЛІК-БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Габдуллина Гульмира Сайлауовна

БҚО Орал қаласы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Кәсіптік шет тілі пәнінің жоғары санатты оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar