Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
  • 18.03.2016
  • 525 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18038

Қазіргі таңда жастар тәрбиесі мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігіне бүкіл мемлекет көлемінде үлкен көңіл бөлінуде. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана шәкірттеріміздің сапалы білім алу мүмкіндігі молая түседі. Сондықтан да білім беру мекемелері тәрбие жұмысына баса назар аударып, тәуелсіз еліміздің отансүйгіш азаматтарын тәрбиелеуге көп көңіл бөлуі керек. Бүгінгі қоғам жағдайында рухани-сапалық қасиеттері жоғары, болмысы мен білім өресі биік, Отан игілігі үшін қызмет ететін жастарды тәрбиелеуге мүмкіншілік жасайтын, ықпалын тигізетін жастар ұйымдарының рөлі орасан зор. Мемлекетімізде болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық т.б. өзгерістерге де жастар қозғалысының қосар үлесі мол.
Міне, осы тұрғыдан Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына сүйене отырып, жастардың қоғамдық ұйымдарының іс-әрекеттерін жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыруды қажет деп тапты.
Елбасымыз жастардың тәлім-тәрбиесі мен біліміне ерекше назар аударуда, өйткені жас өскін – біздің болашағымызды баянды ететін алып күш.
Бүгінде тәрбиеге жаңаша көзқарас мәселесі оны іске асырушы мекемелерге де жаңа талаптар қойып отыр. Адамды тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – оның белсенділігін, шығармашылық әрекеттерін демеп отыру, себебі тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі мен жасына тиісті билігі болмайынша білім беру мекемелерінің жастармен өзара әрекеттесу идеялары жүзеге аспайды.
Еліміз «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ілгері дамып келеді. Соңғы жылдарды қол жеткізген табыстар да аз емес. «Әлемдік білім беру кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп Елбасымыз өзінің 2004 жылғы халыққа арнаған Жолдауында атап көрсеткеніндей кәсіби біліктілік қасиеттерін білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде қолдана алсақ, білім беру жүйесіндегі өзгерістермен бірге оны қажетті деңгейге көтеруге үлес қосқан болар едік.
Қазіргі ақпарат ағыны мен компьютерлік технологиялардың заманында тек осы талаптарға сай маман ғана табыс биігінен көріне алады. Мұндай маман болу терең де сапалы білімді талап етеді. Білім беру – аса жауапты іс. Өйткені, сол арқылы тұлға қалыптасады, кәсіпке даярланады. Сондықтан да қазір білім беруді жақсартуға негіз болатын мәселелер төңірегінде көп сөз қозғалып жүр.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, Ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру – міндетіміз. Ол үшін болашақ мамандарды даярлауға білім беру ұйымдары төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлуі тиіс.
1. Болашақ мамандарды ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге беймідеу.
2. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру жүйесінің жаңаруына үлес қосу.
3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру.
4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне және оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Бұл жайында ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қамтылған. Онда қойылған мақсат көпшілікке қозғау салары сөзсіз. Оны іске асырудың негізгі мәселелеріне қойылған мақсаттар тізбегінен жүктің салмағын байқауға болады. Онда:
- техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымдары мен мазмұнын қайта құру арқылы техникалық және қызмет көрсету еңбек кадрларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- техникалық және қызмет көрсету еңбек кадрларын даярлауды басқару мен қаржыландыруды жаңарту жолымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру болып табылады;
- техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын жақсарту.
Бағдарламаның негізгі механизмінде «Ғаламдық даму жағдайында ел техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кеңейтілген дағдылары мен құзіреттері бар білікті кадрларының жаңа ұрпағына мұқтаж»-деп көрсеткен. Бұдан, білім беру мазмұнын реформалауда педагогтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажеттігі туындайды. Бүгінгі оқытушыларға тек жақсы меңгерілген білім ғана емес, үздіксіз жаңалыққа ұмтылу өзіндік жаңалығын жаңа жағдайда қолдануға талпыну, шығармашыл ойлауын дамыту, жаңашыл қабілеттілігінің болуы, жаңа міндеттерді қою және шешудегі батылдылықтары қажет.
Қазіргі білім беру жүйесі жастардың өмір жолын таңдауда біліктілігін арттырып және өмірден тәжірибе ала отырып, ертең белсенді қоғам өкілі болып, өзінің өмірлік тәжірибесін жаңа ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Себебі, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай және де болашақ жастардың игіліктері мен өмір жағдайының жақсаруына, бүгінгі жастар проблемаларының шешілуімен және шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуына байланысты мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған.
Білім беру жүйесіндегі реформалар нарықтық экономика жағдайында болашақ мамандарға кәсіби білім берудің өзара сабақтас көп деңгейлі де икемді жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан мектебі. 2005 жыл № 5,8.
2. Қазақстан мектебі. 2007 жыл №12, 5.
3. ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың. 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Ақиқат. 2006 №5 Тәрбие.орг сайтынан КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Батырханов Асхат Мұратұлы

Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі «А/ш электрлендіру және автоматтандыру» мамандығының оқытушысы.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: manatkazybaieva
Көрсетілім: 525 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar