Ұлттық ұғым танымның жемісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 814
  • Баяндамалар
  • 27/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18168


Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы
Сарытөбе негізгі мектебі
биология - химия пәнінің мұғалімі
Қартабаева Алмагүл Берикбаевна

ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМ ТАНЫМЫНЫҢ ЖЕМІСІ


Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-бабаларымыздан бізге мирас болып қалған, әлі күнге дейін халқымыздың сана- сезімінде берік орын алған наным, сенім, ырым, тиым, әдет-ғұрыптармен қатар қазақ халқының өз ұрпақтарына қалдырған, табиғатты аялай білуге арналған ұлттық ұғымдар мен даналық тұжырымдар,мақал-мәтелдер аз емес. Кейбірі табиғат, өмір заңдылықтары бойынша, басқалары дініміз арқылы қалыптасып, тыныс-тіршілігімізге сіңісіп кеткен,халқымыздың асыл мұраларында жабайы жануарларға, құстарға байланысты, яғни биологиялық ұлттық ұғымдарды кеңінен дәріптейді, насихаттайды. Тіпті әрбір жануарлардың атауының өзінде сол жануардың өзіне ғана тән белгілері айқын орын алады. Сонымен қатар, ұлттық ұғымдар әәрбір жануардың тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын, ерекшеліктерін де айқын көрсетеді. Мысалы, "балықтың жаны суда", "құлан қырда, құндыз суда", "арқар дейтін аң болар, ол арқардың мекені асқар ала тау болар" (Нұрым Шыршығұлұлы), көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін"(Асан Қайғы). Бұл мысалдардан біз, әрбір жануардың тіршілігіне қолайлы табиғи орта жағдайларын дәлме-дәл аңғартып тұрғанын байқаймыз. Ғылыми тілмен айтатын болсақ бұл жануарлар мен қоршаған орта жағдайларының бір-бірімен өзара байланысын білдіреді.
Халқымыз ежелден -ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Омыртқалы жануарлардың ішінде табиғаттың азат перзенті, құстар жайлы бірер сөз қозғасақ. Біз қазақ халқы жалпы құс атаулыны аяймыз, жанашырлық танытамыз.
Сонымен қатар, "құстың ұясын бұзба", "аққуды атпа", "аққу көлін сағынады, ер жігіт елін сағынады" сияқты құстарға байланысты тиым сөздер мен мақал мәтелдер, жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу, еліне, жеріне деген махаббатын дәріптеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғымға айналған.
Дуадақ - тырнатәріздес ең ірі құстардың бірі. Ел арасында дуадақ құсын үлкендігіне байланысты "шөл тауығы", "тоқтыбалақ" деп те атайды...
Тоқтыбалақ, ендеше тоқтыбалақ,
Тоқтыбалақ жайылар шөп қуалап-
деген өлең олдарынан бұл құстың өсімдіктермен қоректенетінін көреміз.
Ақ дегелек. "Жылқының жауы- бөгелек, жыланның жауы - дегелек", "Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды"
Табиатта өз міндетінөз міндетін өтемейтін ештеңе жоқ, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе "жыл құсы". "қаз қайтса күз", "қарға келсе қар қалмайды", "ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды", "сауысқан келсе суық болады" және т.б.қағидалар халық көңіліне мықты орнаған және жастарға тәлім - тәрбие беруде атқаратын ролі өте зор.
Осындай ұлттық ұғымдарды насихаттауда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры Сәтімбеков Рысбай ағамыздың еңбектерінің және ақын Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларының берері мол "Ұлттық ұғым -ұлтымыздың сан ғасырлық ұраны,
Қастерлеуге міндеттіміз ұлттық асыл мұраны.
Ұлттық сана нәр алатын ұлттық дана ұғымды,
Біліп өссін ұлттың әрбір ұрпақ-ұланы"
"Зор мән берсе табиғатқа адам баласы,
Арта түсер еді ақыл - ой мен санасы.
Шатқалында Шарынның ғана өседі
Көненің көзіндей боп ерен ағашы."
(Рысбай Сәтімбеков)
Мұзафар Әлімбаев шығармаларынан "Өспеген табиғаттың аясында, табиғат сұлулығын аясынба", "ұнамасын ұнасын, бұзба құстың ұясын", "жаратылыстан үйренбеген жасампаз атанбас", "жадында сақта, күнәға батпа, аққуды атпа".
Жабайы жануар қасқырға қатысты кейбір ұлттық ұғымдарға тоқталсақ.
Қасқырдың тіршілігіне қатысты сөз тіркестер баршылық. Мысалы,
"қасқыр жүйрік жылыс жоқ,түлкі жүйрік дыбыс жоқ, қоян жүйрік тыныс жоқ". "қасқырды аяғы асырайды" деген мәтелден қасқырлар қорегін іздеп үнемі жортуылдап сағатына 40-45 км жүріп өтеді.
"Қасқыр да қас қылмайды жолдасына, түспесе бір зомбылық нақ басына" (Қапез Байғабылұлы) деген мақалдан егер адамдар оның бөлтіріктеріне тиіспесе қасқырда сол маңдағы малдарға тиіспейтіндігін көреміз.
Қорыта келе айтарымыз, адам мен табиғат әрқашан да егіз. Қоршаған ортадағы орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын және әлемнің біртұтастығы мен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөлшегі деп тануы жайлы білімдерін сонымен бірге табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптастыру, жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім- тәрбие беру, табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Е.Раушанов "Құстар біздің досымыз", Алматы, "Жазушы", 2009 ж
2."Биолог анықтамалығы" ғылыми - танымдық педагогикалық журнал
3.Ғаламтор материалдары: bilim. idhost.kz Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ұғым танымның жемісі Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қартабаева Алмагүл Берикбаевна

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Сарытөбе негізгі мектебі химия-биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar