Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
  • 17.03.2016
  • 2025 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18018

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті

Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, оқушыны адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сиқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды.
Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл- ой мәдениетіне жету қиын. Егер мұғалім бірнеше тілді меңгерген болса, тіпті, жақсы, көп тілділік адамның сөйлеу мәдениетіне де, сөз қорынының мол болуына да қолайлы әсер етеді.
Оқушының ана тілінде сөйлеуін дамытуда ықпалы мол мұғалімнің сөйлеу тілінің кейбір ерекшеліктері туралы сөз етсек дейміз. Әрбір есейген азаматтың есінде қалған сүйікті ұстазының барлық жақсы қасиеттері үлгі болатыны. Мүмкін жақсы дегн жекелген ұстаздардың есімізде қалуы олардың сөйлеу мәдениетінің де жоғары болғандығынан шығар. Мұғалім оқушымен сөйлескенде қазақ тілінің мол байлығын орынды да шебер пайдаланып, нәрлі сөздерді қолдана білсе, біріншіден, баланың жүрегіне жол табады, екіншіден, сөйлеу мәдениетін байқаған оқушының ұстазына деген сезімі молаяды, үшіншіден, ұстазына еліктеген оқушының да ана тілінде шебер сөйлей білуге ынта- ықыласы артады.
Тіл арқылы қарым-қатынас жасау өте күрделі процесс.Сондықтан мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылар талап та биік. Ұстазының сөзі шәкіртіне әсер етуі жағынан екіге бөлінеді екен. Бірінші түрі- көбіне ақыл айту, кеңес беру ретінде болса, екіншісі – алғашқы сөзі өтпегеннен кейін қолданылатын талап қою, бұйрық беру. Мұғалім мен оқушының қарым –қатынасы барысындағы сөйлеу тілі ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстың жемісті болуын: берілетін білім мен тәрбие мазмұны саналы және тәжірибелік қызметтің ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Ұстаздың сөйлеу тілінің мәдени деңгейі оның сабақ беру барысында да , сабақтан тыс кезде де көрінеді.
Мұғалім сөзі айқын анық тылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлдігімен, тыңдаушыларды баурап кететіндігімен жұртқа үлгі болуға тиіс. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының , сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді.
А.С. Макаренко да мұғалімнің осы қасиетіне ерекше мән берген.
«Оқушылар – деп, жазды ол, - сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» Сөйлеу кезінде адамның адамгершілік қасиеттері, ерік жіігері мен қажыр қайраты немесе жалтақтық, жағымпаздығы да айқын аңғарылып тұрады. Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрліше әсер етеді. Сондықтан мұғалім сөзін оқушыларды қуантатын жерде қуантып, қолайсыз көріністерге реніш туғызатындай етіп құруы тиіс. Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қояды.
Сабақ бергенде мұғалім даусы оқушылардың бас миында жеткілікті қозу аймағын туғыза алатындай көтеріңкі ашық шығуы керек. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргендегі сөздері естілер- естілмес, жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипнозды түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайына келтіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалімнің сөйлеу стилін оның психологиясын басты көрсеткіші десек те артық болмас еді.
Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу – барлық пән мұғалімдерімен қатар, тәрбиешілердің де міндеттерінің бірі. Әсіресе, шәкірттерді өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің басты бір элементі. Өйткені ана тілі К.Д. Ушинский айтқандай : «Адамның кір жуып, кіндік кескен жерінің тауы мен тасы, орманы мен өзені, дауылы мен нажзағайы, одан сонымен қатар халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы да көрінеді. Ана тілінің жан жүйесінің жан- жақты қалыптасуындағы құдетті күші туралы ұлағатты сөздер ұстаздар қауымының жадынан тұрақты орын алуы керек.
Ана тілінің осын дай табиғи қасиеті туралы жан тебентерлік ұлағатты сөздерді естен шығаратын мұғалімдер жоқ емес. Мұғалім оқушымен сөйлеу барысында тіл тазалығын сақтау керек . «Тіл тазалығы дегенді екі жақты түсіну керек. Бұның себебі кейбір мұғалімдер өзара және оқушылармен сөйлесу барысында тіл тазалығын онша сақтай бермей, қазақшаға орысша қосып сөйлейді. Әрине мұндай мұғалімдер өзі түгіл өзгені де бүлдіреді, ана тілінің қадірін кетіреді. Қазақтың ойшыл ақыны С. Тоайғыров өз кезінде осындай тіл бұрмалаушыларға бар ашу ызысын білдірген еді. Ана тілінде
«Шүлдірлеп, шолжаңдап, жығылып, сүрініп жүруге болмайды,- деп жазды ақын,- ол қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы»
Олай болса бүгінгі өмірдің талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде мұғалімдер мен тәрбиешілердің сөйлеу мәдениетінің алатын орны ерекше болмақ. Тәрбие.орг сайтынан Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серикова Айжан Базарбайқызы

Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: manatkazybaieva
Көрсетілім: 2025 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar