МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 946
  • Баяндамалар
  • 15/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18640


Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Тайынша қаласы №5 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Агзамова Казира Атенеевна

Мамандығым-мақтанышым
Мұғалім.Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік-бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты.
Сәбит Мұқанов.
Менің мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып жүргеніме 33 жылдан артық уақыт өтті.Осы уақыт аралығында менің алдымнан әріп танып,оқуға,жазуға үйреніп, білім алып мамандық иелері болғандары қаншама . Оқушыларымның жеткен жетістіктеріне мен әрдайым қуанамын. Әр ата-ана өз балаларының білімді, тәрбиелі әріі тиянақты болғанын қалайды.Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған кішкентай бүлдіршіндердің болашақ тағдырына жауапкершілікті сезіне білген мұғалім баланың сабаққа қызығушылығын арттыруда көп еңбектенеді .Бала білімді болу үшін оған тек қана оқулықта берілген тапсырмаларды орындатқызып қоймай көптеген шығармалар оқып,өлеңдер жаттауларына ықпал етуі керек.
М .Қашқари: «Бастамастан бұрын мақсатыңды ойла»дегендей,менің мақсатым заман талабына сай ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймай , ол қызықты болуы шарт.Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады»деген.Қызықты сабақтар, мұғалімнің ашқан жаңалығы,өзіндік қолтаңбасы.қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп ,шәкірт жүрегінен орын алады. Оқушылардың жүрегіне жол таба білу де өнер.
Сабақта ойын түрлерін қолдану да тиімді,өйткені бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделеді.Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Ойын –оқушы білімін берік меңгерту құралы. Бастауыш сыныптарда мен пайдаланатын: ойын – сабақ, ойын- жаттығу,дидактикалық мақсаттағы ойындар,сөздік ойындар,логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар т.б. Талпынысы мен таланты жоқ бала болмайды.Баланың мүмкіндігін дамыту үшін математика сабағында тапсырмаларды көбінесе өзіндік жұмыс ретінде беремін.
Әдебиеттік оқу,қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді жатқа айтып,жазғызамын,өйткені мақал-мәтелдің бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдері,нақыл сөздері баға жетпес бір үлкен қазына. «Мақал –сөз атасы»- деп бекер айтпаған. Балалар мақалдарды қызыға оқып,қуана тыңдайды,олардың ақыл-ойы, сөздік қоры дамып,танымы кеңейеді. Оқушының Отанға,халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру,өз халқының салт-дәстүрлерн сақтау,патриоттық сезімін ояту мақсатында тақырыппен байланыстыра отырып мақал- мәтелдерді жаздырып ,жаттатып, «Мақал – сөздің мәйегі» деген тақырыпта сайыс өткіздім.
Ұлтымыздың,ата-бабамыздың, қазақ халқның салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы мен жөн-жоралғыларын оушылардың бойына сіңіре отырып,тәрбиелеу мақсатында «Дәстүрімізді сақтайық» атты тәрбие сағатын өткіздім.
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырамын.
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру- өмір талабы.Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым)», «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп осы негіздің негізі түп қазығы. Бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттырып, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат мүддесін айқындап, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде осыған байланысты оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, әлеуметтік міндет болып табылады.Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіріп, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Яғни, бүгінгі күні мұғалім ретінде менің алдымда тұрған ең басты міндет – оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға жағдай жасау. Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш сынып – оқушы дамуының іргетасы, сондықтан бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы осы бастауыш сынып кезеңдерде қаланады. Әр оқушының өз елін, тілін, дінін, мәдениетін танып білуіне олардың дүниетанымын қалыптастыруға мұғалім жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп айтылған. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам – біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныпта танысады. Бастауыш сыныпта оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болатынына көп жылғы өзіндік тәжірибем арқылы көзім жетіп жүр.

«Қалалар» ойыны.
А Т Ы Е Б О Н
Қ А Р А Қ Т А
Т У А З О С Н
А А Ғ С Е Е А
У Н А Л М Е Й
Ы Д Т С А Т Ы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеріп, қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
Білгішбектің хаты
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала)
«Сандар сыры»
Ойынның шарты:цифрлар арқылы жазылған сөздерді табу.
Қ Ң Ы Ж Р Ұ А Ш Б
1 2 3 4 5 6 7 8 9
472935 175 965871
«Адасқан әріптер»Шарты: әріптерден жануарлардың атын құрап жазу керек. с а н т ы а к і т л ү қ ж б о ю

«Адасқан айлар» ойыны.
Шарты: Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырып, оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалаймын. «Кім жылдам?» Төрт түлік малдың суреттері тақтада ілулі тұрады Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.Қорыта келе,сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу әрі еңбек. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке,әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса,менің мұғалімдік міндетім осы ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың нәтижесінде оқушыларымның тіл байлығы артып, ойлау қабілеттерінің дамығанына көзім жетті. Төмендеу оқитын оқушылардың сабаққа ынтасы артып, психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез- құлқы қалыптасып, таным қабілеті артты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, иглікті нәтижеге жетері сөзсіз. Ұстаз үйрену барысында ғана ұстаз , ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды,-деп, К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс–тәсілдерді үйренуге, қолдануға ұмтыламын.
Педагогикалық шеберлікті терең меңгерген нағыз мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сынып оқушыларының бейнесі мынадай болуы тиіс:
1. Жүрегіне жылылық қалыптасқан
2. Білім стандартына сай міндетті, мүмкіндік деңгейдегі біліммен қаруланған
3. Білімге деген қажеттілікті ұғынған
4. Танымды күші қалыптасқан
5. Өз бетімен үйренуді мақсат еткен
6. Еркін ойын айта алатын
Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі білімді ұрпақ қолында» дегені бәрімізге белгілі. Ал «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Менің оқушыларымның жетістіктері: үш оқушы: Назарбаев Интелектуалды Мектебінде оқиды, бір оқушы Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебінде, 1оқушы Қазақ-Түрік лицейінде оқып жүр, ал қазіргі сыныбымдағы 12 оқушы қашықтық, халықаралық олимпиадасына қатысып, 10 оқушы 1-орын, 1 оқушы 2-орын, 1 оқушы 3-орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Ал 2015 жылғы 1 түлек «Алтын белгі»
алды. «Бұлақ көрсең - көзін аш» - деп айтқандай балаларды білім нәрімен сусындатып, сапалы білім, саналы тәрбие алуына себепші болғаныма, осы мамандықты таңдағаныма мақтанамын. Тәрбие.орг сайтынан МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Агзамова Казира Атенеевна

СҚО Тайынша ауданы "Тайынша қаласы №5 орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar