«Мектебім-мақтанышым»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 68
  • Баяндамалар
  • 19/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23528


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Жумабаева Батима Даусқожақызы
№169 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі
«Мектебім-мақтанышым»
Мектеп-кеме,
Білім-теңіз,
Толқында біз жүреміз.
Желбіреген ақ желкені,
Ұстаздар сенсің ұланымның ертеңі.
Иә мектеп, білім, ұстаз деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздердің құдіретін ұға білу де парыз. Дана халқымыз “дарын жанып тұрған жалын”- дейді, әр оқушының өз таланты болады. Шәкірттері білімді, дарынды, Алатаудың етегінен Алматы қаласының Шаңырақ-1 ықшам ауданынан орын тепкен алтын ұя мектебім жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Менің мектебім-менің мақтанышым! Неге десеңіз, заманауи талаптарға сай, терезесі тең білім ордасы. Мектеп ұстаздарының арқасында түлектерінің білімділігі мен шығармашылығының нәтижесінде мектебіміз алдыңғы қатарда келеді. Мектебімнің осы күндері мәртебесі биіктеп, түлектері көптеген беделді оқу орындарына түсіп, өнерлі жастары өркендеп өсуде. Әр оқу жылы, әр оқушыға өз жаңалығын әкеледі. Менің мектебіме биыл 10 жыл толды. Осы 10 жыл ішінде мектеп жан-жақты қырынан көзге түсіп, көп номинациялар, дипломадрға, орындарға ие болды. 10 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті.Осы жетістіктердің арқасында мектеп-лицей статусына ие болды. Мектебімнің дәлізінен өтсеңіз көздің жауын алатын, кеудеңді нұрға бөлейтін ақпарттар, оқу, білім туралы, оқушылар туралы баннерлерден сусындайсың. Осынша республика көлемінде атағы шығып, еліміздің көмегіне аз үлесін қосатын азамат пен азаматшалардың ой -санасына отансүйгіштік сезімді, білім нәрін сеуіп жаткан өнегелі орданы басқарып, алға жетелеп отырған мектеп директоры Гүлжан Мырзалықызы-жаңа ұрпаққа заманауи талаптарға сай тәрбие мен білім беруге инновациялық іс әрекеттің ғылыми педогогикалық негіздерін меңгерген, дарынды оқушыларды қалыптастыруда нәтижеге бағытталған сапалы көрсеткіштерге ие болған, жоғары санатты жаңашыл ұстаз.Менің мектебім - білімділер мектебі. Сабақ үстінде өтілген тақырыптар бойынша, таласа жүріп, тырмыса жүріп қосымша материалдар іздеп, ғылыми жобалар жазуға бейімделіп келеміз. “Мұғалім-мектеп жүрегі” біздерді білім нәрімен сусындатып,маман даярлау жолында аянбай тер төгіп келе жатқан ұстаздардың еңбегі орасан зор. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез, Нұрын сырын көруге, Көкірегінде болсын көз. Еліміздің көркейіп гүлденуі және өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Ертеңгі куннің бүгіннен де нұрлы да жарқын болуы тек білімге ғана тән.Ұшқыр ой мен өткір сезімді,қайраттылық пен жігерлікті ұрпақ бойына сіңіруші, білім шыңына қанаты талмай самғайтын шәкірт тәрбиелеуші ұстаздар қадамдарыңыз қарышты,шығармашылықтарыңыз жемісті болсын дегім келеді. Тәрбие.орг сайтынан «Мектебім-мақтанышым» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумабаева Батима Даускожаевна

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №169 мектеп-лицейі география пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar