Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мектеп кітапханасы - білімнің қайнар көзі
  • 20.05.2016
  • 1146 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19076

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға селосы
Ділманова Айнагүл Баянтулиевна
«Бейнеу мектеп-интернаты»КММ-сі
кітапхана меңгерушісі
Мектеп кітапханасы – білімнің қайнар көзі
(Баяндама)
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана ошағы да осы міндетті бірге атқарады.
ХХІ ғасыр мәдениеттің, білім мен ғылымның ғасыры. Осы білімді, мәдениетті жас ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани қазынасы кітап қорын сақтап қалу, мына біз, мектеп кітапханашыларының парызы, алға қойған басты міндеті мен мақсаты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» - деген сөздерін алға қойып, жас ұрпақтың Отанға деген, отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Олардың бойына ана тілге деген қызығушылығын кітап оқу арқылы нығайту.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту біздің басты міндетіміз. Қазіргі заманда адамзаттың түгелге дерлік интернет желісіне бағынышты екенін білеміз. Осы мәселені алға қою мақсатында жұмыстанып келеміз.
«Бейнеу мектеп - интернаты»КММ – сі кітапханасының қорында 11097 дана кітап бар. Оның ішінде 6333 данасы мектеп оқулықтары, 1199 данасы көркем әдебиеттер, 68 данасы электронды оқулықтар. Мектеп кітапханасы соңғы талапқа сай интернет желісімен жабдықталған. Оқырмандарға ізденуге мол мүмкіндік бар.
Кітапханада жылдық жоспарға сай көптеген іс-шаралар өтіп тұрады. 2015-2016 оқу жылы қарсаңында облыстық «Мектепке оқулықпен» акциясы өткізілді.
21 – қыркүйек «Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алған күн» мерекесіне орай, «Тілім - тірегім» атты тәрбие сағаты өтті.
Мұғалімдер мерекесіне құттықтау сөз оқылды. 15 – қазан Кітапханашылардың төл мерекесіне «Кітап – кеме, білім - теңіз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге ақын – жазушылар мерей – тойларына арналған кештер өткізіліп тұрады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, қазақтың дара қызы Фариза Оңғарсынова апамызға арнап, «Фариза – поэзия әлемінің жарық жұлдызы» атты кеш өткізілді.
Ақпан айының 12 – ші жұлдызында бөбектер анасы – Сара Назарбаева Алпысқызының 75 жылдық туған күніне орай, «Жан жылуын төккен жан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ауданымыздағы мектеп кітапханалары арасында «Үздік оқырман - 2016» байқауы өтіп, мектебіміздің 10 – сынып оқушысы Таңатарова Ұлжанай «Мына кітапты міндетті түрде оқуға кеңес беремін!» тақырыбынжа жоба қорғап, нәтижесінде «Ерекше жетістікке жеткені үшін» атты номинацияға ие болды.
Біздің мақсатымыз, бұл шараларды тек өткізіп қою емес, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, өмірге деген талпынысын шыңдау болып саналады.
Кітап қасиеті қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ.
«Оқымасаң ой тоқымайды» демекші оқу, білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі. Қандайда өркениетті елдің дамуына білім тоқтаған жерде рухани өсуде тоқтайды. Сондықтан да мен сөзімді түйіндей келе, кітаптан асқан қазына жоқ, ешқандай байлық, дүние оның орнын баса алмайды, - деп айта аламын. Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан – жақты алу аудио, видео, интернет желісі арқылы мүмкіндік туғанымен, кітапхана арқылы әдеби кітапты оқи отырып алатын білім мен сауаттылықтың орыны ерекше екенін ұмытпайық... Тәрбие.орг сайтынан Мектеп кітапханасы - білімнің қайнар көзі Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнагул Дилманова Баянтурлиевнв

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сарға селосы "Бейнеу мектеп - интернаты"КММ Кітапхана меңгерушісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: Айнагул_Дилманова
Көрсетілім: 1146 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar