Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының ою-өрнектерінің шығу тарихы мен маңызын түсіндіру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 694
  • Баяндамалар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22652


Қызылорда облысы
Әйтеке би кенті
№7 "Балдырған" санаториялық - бөбекжай балалар бақшасы
Тәрбиеші : Үмертаева Мирамкул
Тақырыбы:Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының ою-өрнектерінің шығу тарихы мен маңызын түсіндіру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.

Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың сәндік өнерінің барлық түрлерінде де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасқан, халқымыздың тарихымен, өмірімен бірге ілгерілей дамып отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып. Бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталады. Ою-өрнек өнерінің даму барысында әрбір тарихи дәуірдің өз таңбасы бар. Ою-орнек үлгісінде әр халықтың ерекшкліктері, халықтың келбеті айқын танылады.
Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады.
1. Ай, Күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты өрнектер.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
5. Құстарға байланысты өрнектер.
6. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелеріне байланысты өрнектер.
7. Қару- құралдарға байланысты өрнектер.
8. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.
Негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданатын ою-орнек элементтерінің мынадай атаулары бар.
а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер; ай, кун, жұлдыз, айшық, жұлдызша, кемпірқосақ, т.б.
ә) заттардың атауына байланысты өрнектер; балға, балта, тарақ, балдақ, табақ, т.б
б) Эпиграфиялық өрнектер- яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
в) Мүйіз бейнелі айшықтар – қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің негізі.
Мысалы, қошқармүйіз, арқармүйіз, құс қанаты, т.б.
Әр шебер өрнекке өзі ат қойып отырған. Ою- өрнектердің мазмұнында, композициясында малшы, аңшы, егіншілер тіршілігі көрініс тапқан. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері- бай мұра, сарқылмас қазына.
Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-мағынасын аша түседі. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. «Мал жұтаса да,өнер жұтамас», - дейді халық даналығы, қазақтың қолөнері де өзінің даналығы, көркемдік мән мағынасы мен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Ертеде халқымыздың тұтынған заттарының бәрін оюмен әшекейлеп безендірілген. Мысалы, үй мүліктері, төсеніштері, ұлттық киімдері, т.б. Ою- өрнек қайдан шыққан? Ою – бір нәрсенің пішінін оцып алу. Қазақ халқы жер, от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп жер суының қадір қасиетін жетік білген жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған.
Мысалы, әр халықтың тақиясындағы оюына қарап, оның ұлтын тануға болады. Бабалардан қалған өнердің бірі ою-өрнек. Оларды жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Адамға қурал- жабдық пен ішер ас, киер киім қандай қажет болса, оны ұқсата білу, икемді де ұнамды ету, әдемілеп әшекейлеу қажеттілікті талап етеді. Халқымыздың астары терең асыл сөзін бала құлағына құя беруден, өнерлі болуға әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейміз. «Ою ойғанның ойы ұшқыр», «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды», «Көз қорқақ, қол батыр». Ою-өрнек арқылы қолдың икемін, буынның әсем қимылын жаттықтырып заттың бетіне сызу, өрнек салу әдістерін қолданамын.
Балаларды елестету және заттарға қарап сурет салуда пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, түстер туралы біліміне ( қызыл, сары, жасыл, көк, ақ, т.б) сүйене отырып, өз талғамымен түстерді таңдауға үйреттім. Қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білуге, ортасы мен жиектерін көрсете отырып сәнді өрнектерді саоа білуге, өсімдік элементтерінен өрнектерді орналастыруға үйрету арқылы іскерліктері мен дағдыларын
жетілдірдім. Қазақ оюларын салу жолында балаларға оюлардың көптүрлілігі туралы түсінік беріп, ерекшеліктерін атап өттім. Мысалы: құс қанаты оюында құстардың сыртқы бейнесін, бөліктерінің шамаларынан жалпы түсініктерін қалыптастыру арқылы түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге баулыдым. Қазақ ою өрнектерінің сипаты мен оның үйлесімділігін бере отырып, заттарды безендіру арқылы эстетикалық талғамын кеңейттім. Сондай-ақ халық шеберлері ою-өрнек түрлерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап орындаған. Сан ғасырлар бойы халықтың рухани да материалдық игілігіне айналған осынау ою өрнек өнері бүгінгі күнгі қоғам дамуының талабына сай, халық шеберлерінің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, соны мазмұнға ие бола түсуде.
Бейнелеу оқу іс-әрекетімде түрлі ою- өрнектердің салу әдістерін пайдаланып келемін. Мысалы, кесені әшекейлеу, орамалға орнектер салу, домбыраны безендіру, т.б. Кесені әшекейлеу тақырыбындағы оқу іс- әрекетәмде қошқармүйіз ою-өрнегін салғыздым. «Домбыраны безендіру» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімде балалар домбыраны қағазбен емес, жіптен қиып өрнектер жабыстырды. Сол сияқты «Тәрелкені әшекейлеу» іс-әрекетім алдын ала жұмысымның нәтижесін берді. Балалармен бірге клейстер мен қағаз қиындыларын пайдаланып папе-машеде тәрелке жасадым. Қазақ оюының бір түрі - өсімдік сипатты ою-өрнектер. Жалпы өсімдік өрнегі жапырақ, гүл, сабақша, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауказын бейнесінде ұшырасады, Өсімдіктерге байланысты «Гүл-жапырақ» өрнегін балалар тәрелкеге салып әшекейледі. «Гүлөжапырақ» өрнегін балалар тәрелкеге салып әшекейледі. «Гүл-жапырақ» өрнегі күнделікті өмірде жиі кездесетіндіктен балалар өз жұмыстарын жақсы орындап шықты.
Қорыта келе, өз халқының қол өнеріне үйрету арқылы біз олардың бойына еліне, туған жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырамыз. Балалар айналасындағы сұлулықты сезіне отырып, өз қиялының шарықтау шегіне жетті. Жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеп, іскерлікке баулып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады. Ата-бабамыздың асыл мұрасы ұлттық өнерді әрі қарай дамытып, өз үлесімізді қоса берейік. Тәрбие.орг сайтынан Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының ою-өрнектерінің шығу тарихы мен маңызын түсіндіру арқылы балалардың шығармашылығын дамыту. Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үмертаева Мирамкул

№7 "Балдырған" санаториялық - бөбекжай балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar