Мектептегі даярлықтың маңызы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 479
  • Баяндамалар
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22805


Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде әлемге танылды. Экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды .Егемендік алған алғашқы жылдан бастап ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне аса мән берілді, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына, танымдық әрекетін дамытуға ерекше назар аударылды.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, салт-дәстүр, моральдық- этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алып, мектепалды даярлық сыныпта жалғасады.
Мектепалды даярлық-бұл ең алдымен бүлдіршіндердің үлкен өмірге басатын алғашқы қадамы, бірінші баспалдағы десе болады. Өйткені бала балабақшадағы алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік сезімін қалыптастыра бастайды. Даярлық сыныбындағы оқу-тәрбие ісінің маңызды мәселелерінің бірі балалардың өмірін қорғау және денсаулығына қамқорлық жасау болып есептеледі. Даярлық сынып тәрбиешісінің міндеті бүлдіршіндерді жан-жақты дамыта тәрбиелеу болса, мен өз жұмысымда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа стандартын басшылыққа аламын. Баланың қимыл-қозғалысы жеткілікті болғанда ғана денесі қалыпты дамиды. Сыныпта өткізілетін ертеңгілік жиындар, шаттық шеңбері ,сергіту жаттығулары осы талаптарды көздейді Тәрбие.орг сайтынан Мектептегі даярлықтың маңызы Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Елеуханова Раушан Асқарқызы

Алматы облысы, Сарқан қаласы, "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" КММ-сі мектепалды даярлық топ жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar