Мектептегі туризмді дамыту алғышарттары

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 990
  • Баяндамалар
  • 15/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19005


Мектептегі туризм – ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторлардың бірі.
Ғылыми әдебиеттердің арнайы теоретикалық–әдістемелік талдау, оқушылардың ой– пікір мониторингі, ата–анасының және туған турыстарының, денешынықтыру, спорт және туризм саласында мамандармен тәжребие алмасу мектептегі туризм перспективалары үлкен екенің көрсетеді.
Мектептегі туризмнің дамуы бір жағынан туризмге және денешынықтыру сабақтарына халықтың үлкен контингентің тартады.
Оқушылардың өздеріне пайдалы жаңа сабақ қызықтырады. Олардың бос уақыттарын оптималды түрде жаңа тәрбиелеуді тану және сауықтырумен үйлесімді етіп ұйымдыстыру керек. Туристік клубтардың және орталықтардың кірісін өсіру және денешынықтыру бойынша мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, туризмнің инфрақұрылымын және спорттық құрал жабдықтарды бекіту қажет.
Мектептрде туризмнің әр түрімен айналысу азаматтық сезімге, туристік мәдениетке және қонақжайлылыққа әрбиелеуге мүмкіндік береді, іске асыру кезінде туризм экономиканың пәрменді секторы ретінде табиғат пен қоғам үшін ең төменгі салдарлар әкеле отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Оқушылардың туризмін дамытуды мектептік білім беру жүйесіндегі он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспірімдер мекемелерін қалпына келтіру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешенді түрде жүргізу қажет.
Туризм – туған өлке бойынша саяхат, белсенді қозғалыс жасаудың әдісі ғана емес. Бұл іздестіру қызметі, өз туған жерін тану, оның өткені мен болашағына жақындау, халықтың салт-дәстүрімен танысу, бейтаныс жерлерді ашу және зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Біздің елде туризмнің перспективті дамуы үшін туристік–экскурсиялық қызметті кенінен дамыту қажет. Сонымен қатар, туристік бағдарламалардың мазмұның жақсарту керек және туризм саласында жоғары құзыреттілігі бар мамандарды дайындау жөн.
Мектептерде туризмнің тек сауықтыру бағытына ғана емес, сонымен қатар ой–өрісін кеңейтетін туризм түрлеріне көп көңіл бөлу керек, яғни оларға мұражайлар, экскурсиялар, көрмелер және т.б..
Әр мектептерде балалардың туристік шараларға белсенді қатысуын мұғалімдер қадағалап жүру керек. Әр туристік шараларды педагогикамен байланыстырып жасау қажет. Оқушылар туристік шаралардан өздерін тәрбиелейтін қасиеттерді қалыптастырады және жан–жақты дамып, ден саулықтарын түзейтеді. Мектептерде туризмді кеңінен тарату үшін ең бастысы мұғалімдердің туризм білімін терең түрде түсіну және туристік шараларды дұрыс ұйымдастыра білу өте қажет.
Мектеп туризмнің дамуы үшін туристік–экскурсиялық қызметті кенінен дамыту қажет. Сонымен қатар, туристік бағдарламалардың мазмұның жақсарту керек және мектеп педагогтарына туризм бойынша білім беру. Мектептерде туризмді толық қолдану үшін ең бастысы туризм саласындағы білімді толық меңгеру керек.
Менің ойымша педагогика, мектеп, мұғалім туризмнің тұтынушы сипатына сәйкес келу керек.
Мектептерде саяхатты жақсы көретін оқушылар өте көп. Мектеп ондай балаларды назарсыз қалдырмау керек, олардың туризмге деген ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру керек–олар үшін жастар саяхат клубын құру қажет. Мектептерде туризмнің тек сауықтыру бағытына ғана емес, сонымен қатар басқа түрлеріне көп көңіл бөлу керек. Тәрбие.орг сайтынан Мектептегі туризмді дамыту алғышарттары Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кадиргалиев Базаргали Абугалиевич

М.Өтемісов атындағы БҚМУ туризм мамандығы

Пікірлер: 0

avatar