Өндірістік білім беру шеберлерінің кәсіби құзыреттілігінің дамуы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру сапасын арттыру

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 667
  • Баяндамалар
  • 18/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19732


Бастапқы кәсіби білім -бүгінге елге ең қажеттісі. Ол сұранысқа сай, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешетін, барлық бағытта жоғары білікті мамандарды даярлайды. Бірақ та мемлекеттік стандартқа сай мамандарды даярлауда өндірістік тәжірибе міндетті. Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын кәсіптік білімге де өз әсерін тигізуде. Психологиялық зертттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері,негізгі оқу іс-әрекеті мен дағдылары үздіксіз дамып қалыптасады.
Кәсіптік білім берудегі өндірістік оқу сабағы оқушылардың оқу шеберханасындағы өндірістік оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өндірістік оқу сабағының ұзақтығы 6 немесе 7 академиялық сағат көлемінде болады.Құрылымы жағынан өндірістік оқу сабағы негізгі үш элементті қамтиды: кіріспе нұсқау, оқушылардың машықтану барысындағы жаттығуы (өзіндік жұмыс) және шебердің ағымдағы нұсқауы, қорытынды нұсқау. Кіріспе нұсқаудың міндеті — бұл оқушылар санасына атқарылайын деп тұрған өндірістік оқудың мақсаттары туралы толық және кең көлемді тұсінік қалыптастыру, оны орындаудың жағдайы, құралдар мен орындалу әдістері мен ерекшеліктері, сонымен қатар бақылау және өзін-өзі бағалау әрекеттері туралы мағлұмат беру болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан Өндірістік білім беру шеберлерінің кәсіби құзыреттілігінің дамуы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру сапасын арттыру Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Түйешиева Гүлнафис Жұмақұлқызы

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі өндірістік оқыту шебері

Пікірлер: 0

avatar