Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушыларға Батыс Қазақстан облысының туристік ерекшеліктері туралы түсінік берудің әдіс- тәсілдері
  • 14.05.2016
  • 349 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19004

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (18.9Kb)

Қазіргі таңда оқушыларға туристік білім мен бағдар беру қолданысқа енгізіліп жатқанымен толықтай аясын кеңге жая алмай отыр. Дегенмен, бұл ретте облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының жұмысы ерекше. Қосымша білім беру бағытында мектептерде туризм, өлкетану, экология үйірмелері ашылып, картография, табиғатты пайдалану сыңды қолданбалы курстары жұмыс жасауда. Осы ретте оқушыларға өз өлкесінің тарихы мен табиғаты, экологиясы, туризмі туралы түсініктер беру мақсатында әдістемелер жасақталуда. Соған байланысты мен мектепте оқушыларға Батыс Қазақстан облысының туризмі туралы ақпарат беру мақсатында бірнеше сабақтар мен танымдық бағдарламалар жасақтап, өткізген болатынмын. Алдымен, бір аптаны «Өз өлкем» атты тақырыпта алып, сауалнамалар арқылы оқушылардың облыстың туризмі туралы білетіңдерін анықтап, саралап алу қажет. Содан соң анықталған сараптамалар бойынша топ- топқа бөліп, облыстың туризмі туралы түсініктер беріп, байқаулар мен сайыстар өткізу керек. Сол бағытта Батыс Қазақстан облысының туризмі туралы өткізген сабақтарға мыналар жатады:
 Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайы мен зерттелу тарихы
 Батыс Қазақстан облысының туризмі
 Батыс Қазақстан облысындағы ерекше табиғат нысандары мен ерекше қорғалған табиғи аумақтар
 Батыс Қазақстан облысындағы мұражайлар
 Батыс Қазақстан облысындағы тарихи ғимараттар мен ескерткіштер
 Батыс Қазақстан облысындағы қонақ үйлер
 Батыс Қазақстан облысындағы туристік агенттіктер
 Батыс Қазақстан облысындағы балалар туризмі
Бұл сабақтардың мақсаты: Оқушыларға Батыс Қазақстан облысының туризмі туралы ақпарат беру, туристік ерекшеліктері мен кереметтері туралы айту, туристік бағдар беру, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтар барысында оқушылар сұрақтар қойып, ақпаратты еркін алмасады. Бейнефильмдер көрсетіліп, слайдтар арқылы көрнекіліктер арқылы кеңінен түсінуіне жағдай жасау.
Ал,танымдық бағдарламаларға:
 Батыс Қазақстан облысының туризмі
 Өз өлкем
 Батыс шырайлы өлкем!
сыңды ерекше шараларды жатқыза аламын. Бұл шаралардың мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, облыстағы туристік орындар мен дамуы туралы түсінік беру.
Сол сияқты, туристік білім беру бағытында мынадай байқаулар өткізуге болады:
 Өз өлкемнің туризмін дамытамын! (ғылыми- шығармашылық байқау)
 Облыс аудандарын туристік ерекшеліктері бойынша топтастыру (ғылыми- зерттеу байқауы)
 Бір кадр (ерекше фотосуреттер байқауы)
 Облыстағы болашақ энергия (ғылыми- ізденістік байқау)
Байқаулар бірнеше бағыттарды қамти отырып, оқушылардың Батыс Қазақстан облысындағы туризм туралы түсініктерін арттыра түседі.
«Ел іші- алтын бесік» ғылыми- шығармашылық туристік байқауы. Бұл байқаудың мақсаты: оқушыларға облыстағы немес облыс аудандарындағы дамыған және дамымай отырған туризм мен туристік орындар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйрете отырып, танымдық қабілеттерін арттыру. Бұл байқау мынадай секциялар бойынша жұмыстар қабылдайды:
 Өлке экономикасы (облыстағы немесе аудандағы дамыған, дамушы және дамыту керек экономика саласы жайлы сөз қозғайды. Ғылыми зерттеу міндетті түрде туризмге әсер ету қажет)
 Туризм және спорт (Облыста немесе аудандағы туризм түрлері мен оны дамытудың жолдарын қарастыру)
 Табиғат және экология (облыстағы немесе аудандағы тылсым табиғат құбылыстары мен көз тартар қызғылықты, туристік бизнес дамитын орындарды анықтау)
 Өлке тарихы (белгісіз болып келген жердің немес елдің таризхы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу)
 Өлкедегі жаңа туристік маршруттар (облыста немес облыс аудандарындағы жаңа туристік маршруттар жасақтау)
 Салт- дәстүр (ұмыт қалған жергілікті салт- дәстүрлерді зерттеу, қалыпқа келтіру, насихаттау, қолөнерлік бұйымдардың жаңа түрлерін жасау, оны жеңіл өнеркәсіптік фирмаларға ұсыну)
Бұл айтылғандардың барлығы оқушының өз өлкесін танып білудегі тұлғалық ойлауын қалыптастырады, сабақ барысында өз ойларын толық жеткізе білу, еркін ойлауға өз септігін тигізеді.
«Туристік агенттіктер жәрмеңкесі» қызмет көрсету сайысы
Бұл танымдық бағдарламада оқушылар 2 не 3 адамнан топтасып Батыс Қазақстан облысындағы туристік агенттіктер атауын иемденіп, клиенттерге қызмет көрсетеді. Олар келген клиенттерге ішкі және сытқы саяхаттауларға турпакеттер сатады. Туристік агенттіктегі қызметкерлер турфирманың құрылтайшылары болып саналады.Туристік агенттік міндетті түрде Батыс Қазақстан облысы бойынша маршрут жасақтап, ұсыну қажет. Сонымен қатар құрылтайшылар қызмет көрсету аясында визалар, қонақ үй қызметі, сақтандыру қағазы, жол ақы, туристік шығынның калкульяциясы секілді құжаттарды толтырады. Сайыстың қорытындысы бойынша ең көп турпакет сатқан фирма жеңімпаз болып табылады. Мақсаты: оқушылар Батыс Қазақстан облысындағы туристік агенттіктерді біледі, туристік агенттіктер жұмысымен танысады. Адамдармен қарым- қатынас жасау және сөйлеу этикасы мен этикетін жақсы жағынан қалыптастырады. Тәрбие.орг сайтынан Оқушыларға Батыс Қазақстан облысының туристік ерекшеліктері туралы түсінік берудің әдіс- тәсілдері Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кәдірғалиев Базарғали

Орал Болашақ көпсалалы колледжі туризм пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: bazik94
Көрсетілім: 349 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar