Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 819
  • Баяндамалар
  • 18/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18036


Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден-бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай-ақ рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу – осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емсе, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшелінетін жеке тұлға қалыптастыпу міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту» деп атап көрсетеді. .
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай, тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасағаны бекерден бекер емес.
Жеке тұлғаның рухани өсуі дегеніміз – кісілік қасиетін, шығармашылық қасиетін, дүниетанымын кеңейту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды – тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан оқушылардың мынандай ерекшеліктері болады:
- балалардың өзіндік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
- шығармашылықпен айналысуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады;
- қиялдары жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, болмыстары поэзиядан құралады;
- бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шектеледі;
- оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме, өлең, ертегі жазуға бейім.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни, педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынандай болмақ:
- «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
- ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
- оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
- оқушының қойған сұрақтарына пейілімен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету.
Оқушыларға алуан түрлі тапсырмалар беру, ойындар ұсыну оқушы назарын шығармашылық арнаға бұрады. Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық түйін табу, сөзді сүю, оның мән-мағынасына түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйрету қажеттілігі мектепте тіл тәрбиесін жүргізудің сан алуан формасын меңгеруді керек етеді. Шығармашылықтың түрлері көп. Солардың ішіндегі ерекшесі – сөз өнері саласы. Олай болса, оқушыларға сөз өнерін меңгерту ұстаздың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі болуы тиіс.
Шығармашылық қызығуы қалыптасқан балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу қоғам үшін өте қажет, себебі дарынды адам басқа адамдарға қарағанда көп пайда алып келеді. Сол себепті оқушыны зерттеу, бейімдеу, ынталандыру жұмыстары көптеп жүргізілуі қажет.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалымы М Поташник былай анықтама береді:
- жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
- іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әр қилы шығармашылық әрекет барыында жүзеге асады. Оқушының шығармашылық әрекеті – оның мұғаліммен бірлесе отырып, білім үрдісіндегі материалдық және рухани мәдени нысандарын жаңаша сапалық тұрғыдан тануға, жасауға, өзгертуге бағытталған әрекетінің өнімді түрі.
Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетін қалыптастыруға болады.
Шығармашыл оқушылармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағыт бағдар қажеттілігі қазіргі өмір талабы. Шығармашыл оқушыларға арналған бағыт пен талаптар сипаттамасы төмендегідей:
-оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
-абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
-жаңа ой таба білуге ынталандыру;
-алуан түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
-өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
-әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін, өз жұмысын бағалай білуге ынталандыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан мектебі» №3; 2008 ж.
2. «Қазақстан мектебі» №8; 2011 ж. Тәрбие.орг сайтынан Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердибаева Ақтамақ Ахметовна

Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі Орыс тілі пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar