Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқытудағы инновациялық әдістер негізінде математикаға
  • 09.11.2016
  • 222 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19955

Оқытудағы инновациялық әдістер негізінде математикаға
қызығушылықты арттыру.
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және басқада адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының басты ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын негіздеу. Білім философиясының негізі оқушы денсаулығын сақтай отырып, тұлғалыққа бағытталған танымдық көзқарас қызметін ұйымдастыру арқылы оқытуды жүзеге асыру.
Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен»менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.
«Әлеуметтік – эканомикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә.Назарбаев Білім беру жүйесін жаңғырту барысында «Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің маңызы зор»1 деген болатын.
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Жаңа педагогикалық әдістер мынадай екі бағытта қарастырылады.



Осы аталған жаңа әдістерді күнделікті сабақта қолдану барысында көз жеткізген кейбір тиімді жақтарын атап өтер болсам. Мысалға оқытудың үш өлшемді технологиясы (деңгейлік саралау). Бұл технологияны 2004-2005 оқу жылынан бері басшылыққа алып жұмыс жасап келемін. Мектебіміздегі « Үш өлшемді оқыту технологиясы » шығармашылық тобының мүшесімін. Топтың арнаулы семинары, топ мүшелерінің әдістемелік жұмыстарынан озық тәжірибелер таратылып, үлгілі сабақтар өткізіледі. Осы технологияның негізінде жасаған кейбір жұмыстарымды айта кетер болсам.Күнделікті сабақта әсіресе тиянақтау, қайталау сабақтарында тапсырмаларды үш деңгейге бөліп, өз бетінше жұмыс жасауға ұсынамын. Әр оқушы өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады, қызығушылығы артады, ұпайды неғұрлым көп жинап, бір – бірінен асып түсуге асығады. І – ші деңгейді орындаған оқушы өзіне – өзі сенім білдіріп, бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге талаптана отырып, өз білімін толықтырып, жетілдіреді. Әр қайсысы мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларын орындап болған соң тексертуге жұмыстанады. Сабақ соңында үй тапсырмасына қоса өтілген материал бойынша карточка жасап әкелуді тапсырамын. Әр оқушы өз деңгейіне қарай берілген жаттығуларға ұқсас есептер құрастырып әкеледі. Дайындалған карточканы оқушы деңгейіне қарай, әсіресе, І– ші дейгей ұпайын жинай алмаған оқушыға қосымша тапсырма ретінде беріп оның орындалуын дайындаған оқушыға тексеруді тапсырамын. Ол оқушының дайындаған жұмысымен қандай деңгейде тұрғанын анықтай аламын. Оқушы тек осын деңгеймен шектеліп қана қоймай келесіде одан да қиынырақ есептер құрастыруға тырысады. Сөйтіп өзінің білім деңгейін жетілдіре түседі.
Тиімділігі:
Әр оқушы өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланыды.
Деңгейі төмен оқушылар жоғарғы деңгей тапсырмаларын орындап, ілгері ұмтылып, білім дәрежесін көтереді.
Бір – бірінен кейін қалмауға тырысып, қызығушылығы артады.
Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып беріледі, сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешім табады.
Әр оқушы деңгейіне қарай өтілген материалға байланысты ойдан есептер, сөзжұмбақтар, ребустар құрастырып шығармашылық қабілеті артады.
Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.
Сонымен қатар ол оқушы білім деңгейінің көтеріліп келе жатқанын өзінің «бағалау парағы» ұпайларының санының өсуімен сезеді және де ол жөнінде хабарлап, ынталандырып отырамын. Сабақтың соңғы 2 – 3 минутында жинаған ұпайларын бағалау парағы беріліп, бағасын хабарлайды. Содан соң даму мониторингіне белгілеп отырады. Тарау аяқталған соң жалпы сынып оқушыларының сапа көрсеткіштерін анықтап, даму мониторингін жасап отырамын.
Ақпараттық технология құралдарын математика пәніне пайдалану оқушының шығармашылық, интелектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалануына, білім дағдыларын қалыптасуына әсері мол.
Мысалы: 5,6 – сыныпта « координаталық сәуле », «координаталық жазықтық» тақырыбында, график, бұрыш, шеңбер салуға « Activ word » - та сызғыш, циркуль, транспортирді пайдалану арқылы меңгергенде жоғарғы белсенділік, қызығушылық танытты. 9, 10, 11 – сыныптарда тест өткізу барысында «шторка» құралы өте тиімді. Есеп шығару барысында амалдарды немесе есеп жауаптарын жасырын түрде беру үшін «прожектор» құралын пайдалану өте тиімді. 5, 6 – сыныпта ойын элементтерін пайдалануда «Activ word»- тағы «Выбрасования кости» құралын сабақта жиі қолданамын. ( ІІІ слайд )
Осындай уақыт үнемдейтін, әрі оқушы қызығушылығын арттыратын бағдарламалары көп ақпараттық технологияны пайдалану тиімді болмақ. Осы технологиядағы бағдарламаларды пайдаланып өткізген бір сабағымды ұсынғалы отырмын.
Сабақтың тақырыбы:§7.Тригонометриялық функциялардың негізгі
қасеттері мен графиктері
Property trigonometrical functions and its schedule
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Негізгі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін
меңгерту;Қарапайым түрлендірудің көмегімен
триогонометриялық функциялардың графигін сала
білуге үйрету.
Дамытушылық:Жаңа тақырыпқа қатысты оқушылардың алған білімі
мен қалыптасқан білік,дағдаларын практикада қолдана
білуге үйрету;Шығармашылық іс-әрекеттерін,
іздемпаздығын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушының еңбек сүйгіштік қасиетін
қалыптастыру,ұқыптылығы мен өзіндік ой пікірін жан-
жақты,дәлелдей білу қасиетін тәрбиелеу,өзін-өзі
жетелеуге,басқаруға, қазақ тілімен қоса ағылшын тілінде сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді үш тұғырлы тілде меңгерту.
Сабақтың әдісі:Топтық,оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызбалар,белсенді тақта,активойд,постер, маркер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі -Omganizational moment
II.Үй тапсырмасын тексеру -Lets check up your homework
III .Ой қозғау (пысықтау) -Warm up
IV .Жаңа сабақ -New Theme
V.Сабақты бекіту -Condusion
VI.Сабақты қорытындылау,бағалау –Summing, Marking
Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларымен амандасу ағылшын тілінде.Сыныпты 3 түрлі түсті таңдау арқылы 3 топқа бөлу.Психолог маман әр түстің психологиялық
сипаттамаларын беру.
Үй тапсырмасын тексеру:
№79 (а,ә), тригонометриялық функциялар тақырыбында шығармашылық жұмыстар(реферат,сөзжұмбақ,ребус,жұмбақтар)Үлестірмелі карточка жасау.
III .Ой қозғау (пысықтау) кубизм әдісі
1.Функция дегеніміз не?(анықтамасы)
2.Функцияның қасиеттерін ата.(жұп,тақ, периодты,периодсыз шектелген,өспелі,кемімелі, max,min нүктелері)
3.Белсенді тақтадағы графикті зерттеу арқылы функциянызерттеу алгоритмін ата,және не үшін керек?
4.Тригонометриялық функцияларды ата,анықтамасын айтып бер.(геометриялық және алгебралық)интерактивті тақтадағы суреттер арқылы.
Ендеше осы аталған мәліметтерді пайдаланып жаңа сабағымызға көшеміз.
Жаңа тақырып жазылып,әр топқа постер,маркерлер таратылады.Әр топ 3 фунцияны еркінше таңдап алып,дайын болған соң бір оқушы шығып қорғайды.Келесі топтар сұрақ арқылы жаңа сабақ түйінделеді.
I.топ: y=sin ∝ функциясы
II.топ: y=cos ∝ функциясы
III.топ: y= tg ∝ функциясы

V.Сабақты бекіту.(Сабақты бекіту деңгейлік тапсырмалар арқылы жүргізіледі)
Деңгейлік тапсырма ұяшықтарда жасырылған,оны таңдау арқылы тапсырмалар орындалады.
I.деңгей: №78(а), 78 (б) (оқулықтан)
II.деңгей:№82 (а), 82 (б) (оқулықтан)
III.деңгей:№75 (1), 75 (3) (есептер жинағынан)
Қалған оқушыларға үлестірмелі парақшалар беріліп,әр оқушы өзін тексеріп,нәтижесін хабарлайды.
1. Ықшамдаңыз: cos2β/(cos β +sin β)
A. Sin β B. cos2 β E. cos β -sin D. cos β
2.Өрнекті ықшамда: (1-sina)(1+sina)
A. - Cosk β.a B. Cosk β.a E. Cos2a D.1-2sina
3. Есептеңіз: tga, егер a=135º
A. -1 B. 1 E.v2/2 D.v2
4. Жұп функцияны анықтаңыз:
A. y=xku-cosx B y=x β –cosx E. y=x-cosxku β D. y=x-cosx
5.Ықшамдаңыз: (.cos(a+b)+2sina*sin cool /cos(a-b)
A. 1/2cos(a+b) B. -1 E. cos(a-b)/2 D. 1
6. ф/ң мәндер обылысын табыңдар: y=2sinx+cosx²
A. [-2;2] B. [-2;0] E. [-2;∞] D. [0;2]
7. Ықшамдаңыз sad sin10º+sin80º)(sin80º-sin10º)/sin70º
A. -1 B.1 E. 0.5. D.0
8. Ықшамдаңыз: (1+tg²(3р/2-a)).cos²a
A. 1/ctg²a B. ctga E. ctg²a D. tga
9.Функцияның анықталу обылысын табыңы: y=vx-1/tga
A.x≥1,a≠,pn x≠p/2+pn,n€Z. B. x≥1,x≠pn,n€Z E. x≠1/3; Dx≠pn,n€Z
10.Ғасыр-кун
A. Минут-сағат В.Теңіз-тамшы E. Математика-сан D. См, км
Тесттік тапсырма белсенді тақтада беріледі,активойд арқылы жүргізіледі.
VI.Қорытындылау: видео жіберіліп (видео сілтемесі беріледі), сұрақтарға жауап беру;
-анықтамалар жазылып жауаптары ағылшынша,орысша,қазақша айтылады.
Бағалау: Оқушылар қолындағы житондар арқылы өзін-өзі бағалау парағына бағалайды.
Үйге тапсырма: §7.№79(а),80(в). Үлестірмелі парақша жасау. ctg ∝
функциясын зерттеу,график салу.
Осындай сабақтың нәтежесінде:
Интерактивтік тақтамен трек схемалары арқылы берілген формулалар оқушылардың есте сақтауына ықпалын тигізді.
Топтастыру әдісі арқылы оқушы формулалардың жалғасын өздері жазуда қызығушылық танытты.
Орташа деңгейде оқитын оқушылардың өзі сабаққа белсене араласты.
Қалам, укаска арқылы тақтаға жұмыс жасау, қызықты әрі уақыт үнемдеуге, тазалық сақтауға, белсенділік танытып, білім деңгейін көтеруге өте тиімді болды.
Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтежеге жетуді көздеп, ақпараттық технологияны интернет желісін пайдалану мүмкіндігі жоғары болса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мүмкіндігі жоғары болары сөзсіз.
Осы сабақтың нәтежесі мынадай сапа көрсеткішін берді:
«5» - тік бағамен 2 оқушы
«4» - тік бағамен 9 оқушы бағаланды.
Жалпы сапа көрсеткіші 73,3 %
Кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймын. Инновациялық әдістерді қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Оқытудағы инновациялық әдістерді қолдана отырып жүргізген жұмыстарымның нәтижесінде
Әр оқушы өз бетіншежұмыс істей отырып білім деңгейі жоғарылады.
Қосымша тапсырмалардыорындай отырып шығармашылық қабілеттері дамыды.
Төменгі деңгейдегі оқушылар өздерін басқа деңгейі жоғары оқушылармен салыстырып ілгерілеушілік байқалды.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында « Отанды қалтқысыз сүю оның суығына шыдап ыстығына күюді талап етеді »1, - деген болатын.
Егемен еліміздің білімді, өнерлі, ұлттық тәрбиемен сусындаған жеткіншектерін өсіріп шығаруды көздеймін. Өз мамандығымның қиындығына мойымай, келешек ұрпақ тағдырына жауапкершілікпен қарап, олардың бойларына халқымыздың қымбат қазынасын, асыл қасиеттерін сіңіре білу- менің ұстаздық парызым. Тәрбие.орг сайтынан Оқытудағы инновациялық әдістер негізінде математикаға Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исагалиева Толкын Сагидоллиевна

Атырау облысы, Атырау қаласы, №11 Ы.Алтынсарин орта мектебі математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: tolkin261270
Көрсетілім: 222 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar