Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 655
  • Баяндамалар
  • 11/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21665


Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту
Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шы-ғармашылық қасиеттері, мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім, ойлау процесімен тығыз байланысты болады.
Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.
Дидактикалық ойын балалардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.
Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа тақырыпты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды ҰОҚ қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
- ойынның оқушыларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.
Ойын барысында бала өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, мұғалімнің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі.
Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы:
Қабат-қабат киінген,
Жұмырланып түйінген.
Доп-домалақ көк допты,
Күнде көрем үйімнен.
Ол қандай зат, балалар,
Сорпасы тіл үйірген?
(қырыққабат)
Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны.
Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын.
Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы.
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын.
І. Математика
1. Санды сызып таста (кесте)
2. Суреттегі геометриялық пішінді ата.
3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты?
4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема)
5. Теңгемен жұмыс
6. «Сипат тап» ойыны
ІІ. Сауат ашу
1. «Кім жылдам?»
2. «Әріптер жарысы».
3. Әріптерден сөз құрастыр
4. «Дыбыстар болған екен»
5. Мына заттар қандай әріптерге ұқсайды?
6. Шөптің арасындағы әріптерді тап.
7. Телефон арқылы сөздерді табу.
Сабақ барысында «Сандар туралы»
1 саны: Сан бір цифрынан басталады, күн біреу, ой біреу, жер біреу.
2 саны: Екі санындағы көрініс, әке мен шеше, ұл мен қыз, күн мен ай.
3 саны: Үш саны мықты, жараңдар, үшінші орын тұрағы, үлікті қосып тұрады.
4 саны: Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар: Қыс мезгілі күн суық, ақ қар жатыр, жер жауын.
Көктемде келер жер жаңа, Егейін егін далаға.
Жазғытұрым күн ұзақ, Аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр, Жеміс-жидек пісіп тұр.
5 саны: Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші,
Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші,
Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші,
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші,
Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші.
6 саны: Алты саны-ұлық па,
Ұқсас өзі құлыпқа.
Алты саны, ол-алтау,
Бестен кейін келеді,
Тапқыр бірден біледі.
Саны: 1 аптада жеті күн бар: 1-ші күн – дүйсенбі, 2-ші күн - сейсенбі, 3-ші күн - сәрсенбі, 4-ші күн - бейсенбі, 5-ші күн - жұма, 6-шы күн - сенбі, 7-ші күн – жексенбі.
8 саны: Қараңдаршы көз тігіп,
Сегіздікте - қос жүйрік.
Бас аяғы жоқ оның,
«8» саны, ал біліп.
Көзілдірік ол білсең
Жүрер көзге ел іліп.
9 саны: Тоғыз алты сияқты білмегенге,
Құйрығы бірақ қарап қалған төменге.
10 саны: Тоғызға бір қосамыз,
Он санын енді тосамыз.
Қос таңбаны кім білсе,
Олар бір мен дөңгелек.
0 саны: Кетсе бәрі дөңгелеп,
Ұшып, қонып, не керек?
Жоқтығын заттың білдірер
Қояйық нолді ертерек.
Тура және кері сандарды санау: 12345678910-10987654321
Бұл ойын оқушылардың танымын арттырып, жақсы көңіл-күй тудырып, ой-өрісін да-мытып, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады.
Міне, баланы ойната отырып тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру қазіргі кездегі заман талабы. Тәрбие.орг сайтынан Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймаханова Динара Есиркеповна

ОҚО Шымкент қаласы №60 "Тараз" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar