Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Отбасындағы қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық қасиетерді қалыптастыру"
  • 13.09.2016
  • 435 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19473

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аңдатпа
Мақалада отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру туралы мәлімет беріледі.

Тірек сөздер: отбасы, этнопедагогика, ұлттық қасиет, ұлттық әдет-ғұрып, дәстүр.

Қазақстан Республикасында өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерімен қатар, білім саласындағы басты мәселе - келер ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Ұлттық мәдениет халықтың ертеден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрлері негізінде жетілгені айқын. Ғасырлар бойы електен еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халқымыздың мәдени салт-дәстүрлерін жан-жақты зерделеп, оның сан қырлы тәлім-тәжірибесін бұқараның жас буынын тәрбиелеуде кеңінен пайдаланудың уақыты жетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі идеялары туралы «...Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілген[1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым және тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып дамытуға жағдай жасау қажеттілігі айтылған[2].
Қазақ баласының парасаттылық, имандылық, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды ұлттық мұралар арналған, Ибн Сина, Әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш «Орхон-Енисей жазуларынан» бастап, Ержүрек қолбасшы Күлтегін, Білге қаған және түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес мұра қалдырған; Ж.Баласағұн, М.Х.Дулати, А.Иүгінеки, Қ.Жалайыри, М.Қашқари шығармаларының отбасы тәрбиесінде орны ерекше.
ХV-ХVШ ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қазтуған, Сыпыра жырау, Шалкиіз сынды ұлы ойшылдар ұлт ұрпағын білімге, әдептілікке, тектілікке, елін, жерін сүюге, имандылыққа, намысқорлыққа баулыған тәлім-тәрбиелік идеялар иесі болган.
Ұрпақ тәрбиесіне оның ішінде отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, қазақ халқын әлемге танытқан Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов; тәлімдік ой-пікірлерімен аса маңызды із қалдырған: Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б.
Қазақ халкының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы- деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасыңдағы отбасындағы ұлттық қасиеттерді қалыптастыру туралы педагогикалық ой-пікірлердің өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз.
Осы тұста ертедегі қазақ отбасы тәрбиесінің сипаты туралы сөз етуде біз бірқатар деректерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат материалдары, қолжазбалар, бүгінгі күнгі мамандар зерттеулері және т.б.). Арнайы ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе отбасы тәрбиесінің жекелеген мәселелері Қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын табуда.
Қазақ отбасында бала тәрбиесінің мазмұнын толықтыруда отбасының тарихи тағдыры, отбасы жайы, неке жөнінде философиялық тұрғыда жазылған еңбектерге С.А.Ақтаев, А.Ж.Жақыпова, Э.А.Масанов, Н.С.Сәрсенбаев, А.Т.Төлеубаев, Қ.Ш.Шүленбаев және зерттеулері бар.
Бұл жұмыстарда қазақ отбасындағы бала тәрбиесін қалыптастыру барысы тарихи тереңнен алатындықтан, халықтың рухани құндылық мәдениеті мен ұлттық қасиеттерін салыстырмалы түрде талдауға мән бердік.
Қазақстанда этнопедагогика негізінде отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру мәселелерін Б.Р.Айтмамбетова, З.Әбілова, С.Қалиев, Қ.Ж.Қожахметова, Р.Төлеубекова, С.Ұзақбаева және т.б. ғалымдар зерттеген.
Ғалым Х.Арғынбаев өзінің «Қазақ халқындағы семья және неке», «Қазақ отбасы» деген еңбектерінде қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгі жағдайын және оның дамуындағы ерекшеліктерін тарихи-этнографиялық тұрғыдан шолу жасайды. Сондай-ақ, отбасындағы тәрбие мәселелері қазақтың тұңғыш журналист қызы Н.Құлжанова баланы мектеп жасына дейін тәрбиелеу саласында ата-аналарға арнап көптеген әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми еңбектер ұсынған.
Қазақ отбасында балаға тәрбие беру қазақ халқының қоғамдық санасының дамуына байланысты қалыптасқан. Қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесінің маңызы бауырмал, көпшіл, ізетті, төзімді, тіреулі болуы күнделікті тұрмыс тіршілігінде, тектік өрелігінде көрініс тауып отырған. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», -деп татулық белгісін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған[3].
Заман талабына сай, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы жаңа экономикалық қатынастардың пайда болуы, ұлттық тәлім-тәрбиенің жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тарихи, философиялық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық бағыттағы қазақ отбасы, бала тәрбиесі, отбасы және неке, ұлттық тәлім-тәрбие тақырыптарына ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.
Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Сондықтан да ол адамзатпен бірге жетіліп, әр халықтың ерекшелігіне орай түрлі кезендік сипат иеленіп, сан-саналы жолмен дамып келеді. Отбасылық ғұмыр жөніндегі дәстүрлі қазақы ұғымда тарихи көне, ішкі иірімдері мол, күрделі, кешенді құрылым. Оның сонау көне заманнан бергі даму тарихын тұтастай алғанда жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен іштей қабысып жатқанмен, қазақ деген халықтың қалыптасып, дамуындағы түрлі тарихи жағдайларға сәйкес өзінше ерекше болмыс танытады. Бұл ерекшелік жиһанкездер мен ғалымдарды халық өмірін зерттеуге тереңірек тануға ұмтылган зиялы жандарды ежелден қызықтырып, толғандырып келеді.
Отбасылық ғұрып-отбасылық өмірмен тікелей байланысты болып келуінде, яғни адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп үй болуы, ақыр соңында өмірмен қоштасар сәттегі соңғы сапарына дейінгі аралықты өлеңмен өрнектеп, әрлеп отыруында. Өмір мен өнерді аттастырып, тірлік сәніне айналдырған халық даналығының бұл сырын көрегендікпен танып, көкейіне тоқыған ұлы Абай аса шеберлікпен төрт-ақ өлеңге сыйғызған.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасап, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарағандардың бірі - қазақ халқы. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектері-ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден бастап ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отырған.
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы.
Қазақ халқында, отбасы тәрбиесінде ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың іс-әрекеті ұл мен қыз тәрбиесінде көптеп кездесетіні жайлы ұлы ғұламалар мен ақын-жыраулардың ой-пікірлерінен айрықша байқауға болады. Қыз бен ұл бойындағы асыл қасиет ата-ананы, аға, әпке, қарындас және туған туыспен сыйласа білуі. Жас баланың есі кіріп елмен, ағайын туыспен қарым-қатынас жасай бастауы ол тұлғаның қалыптаса бастауы деп айтуға болады.
Ұлттық сана-сезім адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Бір қазақтың тегіне тән ұлттық қасиеттер: ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, бауырмалдық, мейірімділік пен ізгілік, ынтымақтастық пен татулық, қонақжайлылық, меймандостық, кісілік, көпшілдік, тектікті сақтау, төзімділік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлық, мәдениеттілік, адамгершілік т.б. қасиеттер халықтық тәрбиеден ерекше орын алған.
Көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыруға байланысты тұстарын түгелдей шолып өту мүмкін емес, сондықтан біз олардың педагогикадағы ұлттық тәрбиеге қатысты жақтарын ғана сөз еттік, ол туралы зерттеу жұмысымызда аталған.
Отбасы тәрбиесі - барлық тәрбиенің негізі. Өйткені балаланың туған кезінен бастап, есейгенге дейінгі уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері (әке, шеше, ата, әже, аға, апа, жеңге, жезде) арқылы беріледі. Олар баланы ата-бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс-әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым-қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған.
Кейде қазақ отбасының жүйелі тәрбие беру мүмкіндіктері төмен деген пікірлер айтылып қалады.Мұндай пікір қазақ отбасының тәрбиелік ықпалын ұлттық тәрбиенің құндылықтарын ескермеуден айтылған.
Егер қазақ отбасы тәрбиесінің өзіндік ықпалы төмен болса әл-Фараби, Қорқыт, Абай. Ыбырай, Шоқан, Қаныш. Мұхтар т.б. зиялы тұлғалардың есімі әлемге әйгілі болмас еді. Демек, қазақ отбасында тәрбие жүйелі жүргізілген, оның тән мен тазалық, еңбек пен өнер, ақыл-ой; ізгілік пен адамгершілік; сыр мен сымбат сияқты мазмұнға ие болғанын Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев дәлелдейді.
Әр елдің, тіпті жеке отбасыларының тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктер болған. Мысалы, қазақ отбасында баланың тәлім-тәрбиесіне мұрындық болатын бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, шежіре үйрету, құда түсу, қыз ұзату, келін алу сияқты дәстүрлермен бірге, отбасында бірігіп ынтымақтық тіршілік ету, үлкеннің айтқанын орындау, кішісің дегенге көну, бірлесіп әрекет жасау, өнеге көрсету сияқты тәрбие жұмыстары өріс алған.
Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты - ата текті білу, ұрпақ тазалығын, яғни ген тазалығын сақтау. Мұны ғылыми тұрғыда Г.Мендель гибридтердің бірнеше ұрпағының біркелкілігі, гендердің тәуелсіз таралуы заңдылықтарына сүйеніп өз тәжірибелерінде дәлелдеген.
Сондықтар отбасы мен тәрбиеші мұғалімнің ықпалы баланың өзіндік білім алғысы келетін ерік күшіне дәл келуі қажет. Ю.К. Бабанский бұны «педагогикалық резонанс» дейді.
Ал «Отбасы тәрбиесі» атты ата-анаға арналған сөздікте; « Ата-ананың бірлесіп әрекететуі- бұл отбасы тәрбиесінің заңы. Ата-ана өзара келісе отырып әрекет етсе, балаға әсер етулері бұрынғыданда бірнеше рет өсіп отырады. Егер ата-ана өз балаларының тәрбиесі үшін шын мәнінде қам жейтін болса, олар өзара келіспеушілікті оңай жеңе отырып, бір пікірге келіп, бірлесіп әрекет етеді»,- деген түсініктеме берген.
Сондықтан баланың әке-шешесін балабақшаның тұрмыс-тіршілігімен таныстыра отырып, іс-әрекетке жұмылдыру мақсатында отбасы мен мектеп бірлігінің қарым-қатынасының бағыттары нақтыланды.
Адам баласының өмірдегі ең асылы-бала. Баланың барлығы талантты, шығармашыл. Ғалымдардың айтуынша әр баланың бойында барлық білімді меңгеретін күш бар.
Баланың тәрбиесінде ата-анаға көмектесетін бірден-бір орын – мектеп. Сондықтан мектеп пен ата-ана тығыз байланысты болса, бірлесе әрекет етсе, бала өз болашағына өзі дайындық жасай алады.

Әдебиеттер

1 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы.// Егемен Қазақстан, 2007.
2 Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Егемен Қазақстан, 2008.
3Асанова Ұ. О. Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік- эстетикалық тәрбие беру:– Алматы. 1994.
4 Әлімбаев М. Қазақ отбасы. – Алматы: Рауан, 1989.

Формирование национальных качеств в семье на основе казахской этнопедагогики

А.М.Альмукашева
Учитель начальных классов
ОСШ имени Муткенова Ақтоғайского района,
Павлодарской области, Қазақстан

Аннотация

В статье дается информация о формировании национальных качеств в семье на основе казахской этнопедагогики.

Ключевые слова: семья, этнопедагогика, национальные качества, национальные традиции, обычаи.

The formation of national qualities in the family on the basis of the Kazakhethnopedagogics.

Almukasheva A.
Primary school teacher
Secondary School named after Mutkenov
Aktogai district,
Pavlodar region, Kazakhstan

Abstract

In the article, the information on formation the national qualities in the family on the basis of the Kazakh ethnopedagogics is given.

Keywords: family, ethnopedagogics, national qualities, national traditions, customs Тәрбие.орг сайтынан "Отбасындағы қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық қасиетерді қалыптастыру" Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Узыханова Майгүл Абылкаирқызы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты селосы Абай Құнанбаев атындағы мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 435 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar