Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сабақ беру жаңадан жаңаны табатын өнер
  • 10.05.2016
  • 614 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18976

Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,
ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов
І. Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңаруда. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын.
Осы орайда ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтер алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Осы курстан біздің мектебімізден 7 мұғалім-3 деңгейді, 1 мұғалім – 2 деңгейді және мектеп басшысы Астана қаласынан үш айлық курстан өтіп, кәсіби шеберліктерін арттырып келді. Енді осы мұғалімдердің көмегімен мектептің оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы жаңа өзгерістеріне тоқталайын.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Мектептің оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы жаңа өзгерістер
2014-2015 жылында мектебіміздің жұмыс жасау бағытында айтарлықтай өзгерістер болды. Яғни, мектептің даму жоспары жасалып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар таныстырылды. Мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда мұғалімдер арасынан шығармашыл топтар анықталып құрылды. Мектептің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, мектептің әдістемелік тақырыбы таңдалды, оның мақсат пен міндеттері анықталып, мектептің даму жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілді. (слайд)
Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша жеті модуль берілген. Жеті модуль негізінде коучингтер өткізілді. (Коучингтер слайд)
Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс әрекетті үйретеді. Әріптестерімізбен бірлесе отырып, біз нені үйренгенімізді, нені үйрену керек екенін ынтымақтастықпен жүзеге асыруға тырыстық. Алғашқы күндері бәрімізге беймәлім сияқты көрінген жоба, күн сайын ұстаздар арасында өзіндік қолдауын тауып келеді.
Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген көзқарас өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұра бастадық. Осыған орай екінші ілгері деңгей курсын оқыған мектеп әдіскері Сайфуллина А. Коучинг сессия барысында Lesson Study әдісіне тоқталып, мұғалімдерді осы әдістің қыр сырымен таныстырды. Lesson Study зерттеу әдісін өз іс - тәжірибемізге қалай енгіздік және нәтижелеріне тоқталайын.

2. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер – мұғалімдер іс-тәжірибесінде

Бүгінгі біздің алдымызда келелі міндет оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып саналы, рухани бай, салауатты, жан жақты дамыған жеке тұлға даярлау. Олай болса өзімді-өзім танып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуім керек деген мақсатпен бүгінде танысып, үйреніп жатқан сындарлы оқыту бағдарлама негізіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсында оқып келген әріптестерімді тыңдаушылардың бірі болдым. Менің басты көңілге түйгенім - сабақты оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыру. Яғни, сабақ үстінде оқушының ролін көтеру көзделіп отырады, білімді дайын күйінде алмай, өзі ізденіп табуды үйренеді. Мұғалім тек оларға бағыт- бағдар беріп, оқыту барысын ұйымдастырады.
Осы мақсатта мұғалімнің кәсіби біліктілігін, өзара тәжірибе алмасуын дамытуда математика пәні мұғалімдерінің арасында Lesson Study әдісі негізінде топ жасақтадым.
Ал Lesson Study әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс-мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау,оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп,кейіннен үлгілі сабақтардан таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Топ зерттеу сабағының алдында қандай сыныптың және қандай үш зерттелетін оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады.
•Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше зар аудара отырып, оны жоспарлайды.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – зерттелетін үш оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушылармен сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді.
Содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, бірлескен жұмыс қайта жоспарланады.
Аталған әдістерді өз іс- тәжірибемізде қалай қолданғанымызға тоқталып өтейін. Осы ретте, математикадан оқушылардың білім сапасын көтеру, мұғалімнің кәсіби шеберлігін, өзара тәжірибе алмасуын дамытуда математика пәні мұғалімдерінің арасында Lesson Study әдісі негізінде топ құрылды. Зерттеу жүргізуде топ мүшелерінің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.
Ең алдымен «Зерттеуді қандай бағытта жүргіземіз» деген сұрақ туындады. Ол үшін оқушыларға бірнеше сұрақтардан тұратын сауалнама жүргізілді. (слайд)

Сұрақтар Иә Жоқ
Математика сабағы жеңіл қабылдана ма? 40% 60%
Сабақта өз бетінше жұмыс жасай аласың ба? 36 % 64 %
Күнделікті сабақтар ұнай ма? 44 % 56 %
Топпен жұмыс жасаған жұмыс ұнай ма? 60 % 40 %
Сабақта достарыңның көмегі қажет пе? 56 % 44 %
Сен қойылған сұрақтарға талдау жасап, жауап бере аласың ба? 48 % 52 %

Сауалнама қорытындысында «сабақта өз бетінше жұмыс істей аласың ба?» деген сұраққа жауап басымдыққа ие болды. Себебі, аталған сұраққа жауап беруде оқушылардың 64 %-ы «өз бетінше жұмыс жасаудан» қиналатындықтарын атап көрсеткен.
Нәтижесінде Lesson Study өткізу үшін «Математикадан білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбы алынды. (Слайд)
Мақсаты: Lesson Study зерттеу әдісін тәжірибеде қолдану, зерттеу сабақтарын жүргізу арқылы әріптестерді Lesson Study әдісінің мақсатымен, жүргізілу ретімен, нәтижесімен таныстыру арқылы тәжірибеге енгізуін насихаттау.
Күтілетін нәтиже: математика сабақтарында оқушылардың математикаға қызығушылығын ояту үшін қолданылатын үлгілі сабақтар топтамасын жасақтау;
Негізгі идея: оқушылардың математикалық білімдерін өз бетінше жетілдіруді қалай үйрете аламыз?
Шығармашылық топтың жұмыс ережесі құрастырылды.
Шығармашылық топтың ережесі (слайд)
Жұмыс жоспары негізінде бірінші зерттеу сабағын 7 сынып математика пәнінің мұғалімі Турекешова Л. өткізді. ( Сабақ жоспары слайд)
Жоғарыда айтылғандай сынып жетекші және пән мұғалімінің айтуымен үш зерттелетін оқушы анықталып, бақылау картасы дайындалды.
Осы жерде сабақ өту барысында зерттелген В деңгейлі оқушының бақылау картасын ұсынып отырмын.
Сабақ аяқталысымен оқушыдан сұхбат алынды, зерттеу сабағын топ мүшелері талқылады. Зерттеу сабағының қорытындысы дайындалды (Слайд)

Бірінші зерттеу сабағының қорытындысы

А деңгейлі оқушы В деңгейлі оқушы С деңгейлі оқушы
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысының қалыптасуы және мүмкіндікті пайдалану деңгейі Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді «А» мен «В» деңгейлі оқушы бір топта болғандықтан В деңгейлі оқушы белсенділік танытпады Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанды. Өзіне сенімсіздік басым.
Топтық жұмыстағы оқушылардың бір біріне өзара көмек жасауының тиімділігі Оқушы қызу пікірталасқа қатысып, топпен есептерді шығаруға ұмтылды және топ мүшелеріне көмек жасады. Сонымен қатар топта бірнеше көшбасшы оқушылар бар екені байқалды Оқушы топ мүшелерінің көмегіне сүйеніп, қателерін жөндеп отырды.
Топтық жұмыста белсенділік танытпады. Оқушы сабақ барысында белсенділік танытпады
Келесі сабақты жоспарлағанда оқушы белсенділігін арттыруда қандай жұмыстар ұйымдастыру қажет?
Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерінің дамуына назар аудару

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін үлкен топтармен қатар шағын топпен жұмыс ұйымдастыру. Нашар оқитын оқушыларға жақсы оқитын оқушылардың көмек көрсетуіне бастамашы болу.

Ұсыныстар:
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың зерігуінің алдын алу;
Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы қажет;
Өз бетінше жұмыс түсінікті әзірленуі тиіс;
Осы жоғарыдағы зерттеу сабағының қорытындысы негізінде 9 сыныпта екінші зерттеу сабағы өткізілді. Өткізген математика пәні мұғалімі Кирбасова Ж.К. (Сабақ жоспары слайд)
Бұл сыныпта белсенді оқушылар басымдау болғандықтан әр деңгейден бірнеше оқушылар зерттелді және сабақ барысында шағын топтардың жұмыс жасауы оқушылардың белсенділігін арттырды.

Екінші зерттеу сабағының қорытындысы

А деңгейлі оқушылар әрекеті В деңгейлі оқушылар әрекеті С деңгейлі оқушылар әрекеті
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысының қалыптасуы және мүмкіндікті пайдалану деңгейі Өте белсенді, көшбасшылық басым болды және мұғалімге көмекші В деңгейлі оқушыларда да жоғары белсенділік
Сұрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанды.
Топтық жұмыстағы оқушылардың бір- біріне өзара көмек жасауының тиімділігі Жұптық, шағын топтар жұмысы оқушылардың қызығушылығын арттырды Деңгейлік тапсырмалар бойынша бөлінген топтарда В деңгейлі оушылар бір топқа түсті.
Жұмыс жасау жеңіл өтті. С деңгейлі оқушылар және ер балалар бір топқа түсті, бұл оқушылар бірлесе отырып дұрыс жауаптарды таба білді
Келесі сабақты жоспарлағанда оқушы белсенділігін арттыруда қандай жұмыстар ұйымдастыру қажет? Оқушылардың көшбасшылығына қолдау көрсету

Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтаудың әр түрлі тәсілдерін қарастыру

Нашар оқитын оқушыларға жақсы оқитын оқушылардың көмек көрсетуіне бастамашы болуды әліде жақсарту
Ұсыныстар:
Тапсырмалар мөлшерін азайту, уақытты үнемдеу

Бірнеше зерттеу сабақтарының мониторингі
Зерттеу сабағына дейін Зерттеу сабағынан кейін
А деңгей 9 % 22 %
В деңгей 22 % 43 %
С деңгей 69 % 35 %
Сонда Lesson Study әдісімен зерттеліп жасалған сабақ жоспары үш деңгейдегі оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын сабақ жоспары үлгісі болып табылады. Солай десек, біздің топтың қорытынды сабақ жоспары әзірленіп әдістемелік кеңес шешімі және Lesson Study топтары қатысқан кеңес шешімімен үлгілі сабақ жоспары деп табылып, математика пәні мұғалімдеріне таратылу шешімі шықты. Сол жоспармен сабақ өткен әріптестерімнің пікірін тыңдағаннан кейін, тәжірибемді таратуға болады деп ойлап, осы өтілген зерттеу сабағымды Республикалық «Мәртебе.kz» білім сайты мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен республика мұғалімдері арасында өткізілген «Менің жаңа сабағым» атты байқауға жіберіп, жүлделі ІІІ орын иеленіп, диплом және байқауға қатысқандығымды растайтын сертификат берілді. Сонымен бірге «Менің жаңа сабағым» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдар жинағына енгізілді. (Слайд)
Бұл жұмыстар әрі қарай (28.01.2015ж. «Ұстаз мұраты – шығармашылық ізденіс және кәсіби даму» математика пәні мұғалімдерінің қалалық семинарымен жалғасын тапты. Семинарға қала мектептерінен 20 мұғалім қатысып өз ой -пікірлерін бөлісті.Семинарда өткізілген сабақтар да зерттеу топтамаларына енгізілді.

Қорытынды:

Балаға ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – педагог. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан педагогтарға үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу - мұғалім қолында десек те, осы жұмыстардың барлығы да «мектебіміздің оқушыларының білім деңгейін қайтсек көтереміз, бәсекеге қабілетті оқушыны қалай дайындап шығамыз» деген мақсаттардан туындап отыр.
Яғни, осы мақсатқа жету үшін біз өзімізде бар бұрынғы педагогикалық құндылықтарымызды жаңамен толықтыра отырып, әрбір жаңа сабақтан жаңаны тауып,жоғары белестерге ұмытылуымыз қажет демекпін.


Мазмұны

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

1) Мектептің оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы жаңа өзгерістер
2) Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер – мұғалімдер іс-тәжірибесінде

3. Қорытынды




ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

Педагогикалық оқу
Сабақ беру - жаңадан жаңаны табатын өнер



Оқыған: № 274 орта мектептің І санатты
математика пәнінің мұғалімі
Кирбасова Ж.К.

2015 ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
2. Сындарлы оқыту бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 2012 ж.

3. Б.Р. Айтмамбетова «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» Алматы, 1991 ж.

4. «Менің жаңа сабағым» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. 1-ші кітап, 2015 ж. Тәрбие.орг сайтынан Сабақ беру жаңадан жаңаны табатын өнер Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кирбасова Жанар Каскырбаевна

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №274 орта мектеп математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: JKirbasova
Көрсетілім: 614 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar