Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сындарлы оқыту технологиясын математика сабақтарында тиімді пайдалану
  • 02.01.2017
  • 146 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20741

Бүгінгі таңда білім саласының парадигмасы өзгеріп жатыр: өзге мазмұн, өзге тіл табулар, өзге құқық, өзге қатынастар, өзге тәртіп, өзге педагогикалық менталитет. Әрине, осы уақытқа дейін қолданып келген дәстүрлі оқытудың салмақты жақтары бар, мысалы оқу үдерісін ұйымдастыруда, жүйелі оқытуда,сабақ барысындағы мұғалімнің төрелігінде т.с.с. Сабақтарда қолданылатын көрнекі құралдар, кестелер,техникалық жабдықтар. Дәстүрлі оқытуды біз жылдар бойы қолданып келдік,бірақ бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Қарқынды өзгеріс білім саласындағы жалпы мектептерде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.
Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу,бүгінгі күн талабынан туындап отырған педогогика ғылымының міндеттерінің бірі Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың өздігінен ізденіп, оқу материалының теориялық мазмұнын игеруі және олардың функционалдық сауатты болуы. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің жаңа технологияларды меңгеуіне, инновациялық жетілуіне, кәсіби өсуіне байланысты. Мектеп қабырғасынан шыққан оқушы біреудің көмегіне мұқтаж болмай,өз проблемасын өзі шеше алатындай шәкірт болып тәрбиеленуі керек.Білім беру саласында ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізу, оның нәтижесіне қорытынды жасау терең зерттеуді керек етеді. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Егер оқушыларға сыни ойлауды үйрету маңызды болса, онда сыни ойлауға жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек (Зелина, 1994).
Сыни ойлау-адамның зияткерлік іс- әрекеті,жоғарғы дәрежеде қабылдауы, түсінуі,жан- жағындағы ақпараттық алаңға тез бейімделуі .
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-бұл кемшіілкті айту емес,керісінше оның жақсы ,не жаман жақтарына әділ баға беру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту-оқытудың сондай атмосферасын құру, оқушылардың мұғаліммен бірге белсенді жұмысы,оқу үдерісіне саналы келуі,білімдерін кеңейтуі, жаңа идеялар ұсынуы, қоршаған ортаны сезінуі және олардың ойымен келісуі.
Зерттеушілердің ойынша, сындарлы оқыту технологиясы былай сипатталады:
Оқыту мақсаты білім көлемі мен көп ақпарат беру емес, сол ақпаратты оқушы өмірде қалай пайдалана алады.Оқу үдерісінде кездесетін «дайын» білімді алмай, оны өздері іздеп табу.Сындарлы оқыту технологиясының бір модулі СТО.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясында кез келген жұмыс формасы, әдісі, стратегиясы үш фазадан тұрады.
Бірінші кезең - ой қозғау
Оқу үдерісінің бұл кезеңінде келесі мәселелер жүзеге асырылады:
1.Тақырып бойынша білетіндерін ортаға салу.
2. Танымдақ белсенділік
3. Дербес ұйғарым жасау.
Екінші кезең- мағынаны ашу
Ақпаратпен белсенді жұмыс жасау
Жаңаны, осыған дейін білетіндерімен салыстыру (жұмыс жұппен немесе жеке орындалады)
Үшінші кезең - рефлексия
Жаға материалды өздігінен жүйеге келтіру.
Алға жылжу үшін бағытты анықтау.(жұмыс жұппен немесе топпен орындалады)
Технологиялық карта
Мұғалім Оқушы
Ой қозғау
Оқушыны қозғайды
Сұрақ қояды
Проблема тудырады
Оқушыны ынталандырады Жауап береді
Тақырып бойынша білетінін есіне түсіреді
Бірінші гипотезасын айтады
Мақсат қояды
Мағнаны ашу Тақырыпқа байланысты тірек мәтінін ұсынады.
Мәтінді оқуды, талқылауды, түсінуді, дискуссия жасауды ұйымдастырады.
Топпық жұмысты бақылайды
Мақсатқа жету үшін ынталандырады.
Келісіп жұмыс жасауды үйретеді. Мәтінді оқуды, талқылауды, түсінуді, дискуссия жасайды
Топтық қарым- қатынас орнатады.
Мақсатқа жету жолында түзетулер жасайды
Тыңдайды, сұрақ қояды, жазады,негізгілерді сызады.
Келісіп жұмыс жасауды үйренеді
Рефлексия
Қорытындылауды бақылайды
Келесі жаңа сұрақтар мен тапсырмалар береді
Оқушылардың іс- әрекеттерін бағалайды. Барлық жасалған жұмыстарды қорытындылайды.
Сұрақтар қояды
Өзінің іс- әрекетін бағалайды.
Математика сабақтарында қолдануға қолайлы сын тұрғысынан ойлаудың бірнеше әдіс- тәсілдері. Белгі қойып оқу (INSERT-Interactive Noting System for Effective Reading and Thinkeng– тиімді ойлау мен оқуға арналған белілеудің интербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Оқушылар сабақ барысында жекелей кестені толтырып отыруы тиіс: Бірінші («қанатша») бағанға оқушылар өздерінің бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді. Екінші («плюс») бағанға осы сабақта өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады. Үшінші («минус») бағанға осы сабақта келтірілген ақпаратты , басқаша ойлағанын, немесе тек бір ғана анықтамасы бар деп ойлағанын жазады. Төртінші («?») өзін қызықтырған сұрақта жазады. Мысалы «Көпбұрыштар» тақырыбы
v + - ?
«Бұрынан білемін» «Жаңа ақпарат» «Басқаша ойладым » «Сұрағым бар»
Көпбұрыш
Элеметтері
Диагоналдары
Белгілеулері
Сызбасы
Ішкі және сыртқы аймағын Ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын
Диагоналдарының санының формуласын Диагоналдарын жүргізуді
Диагоналдарының санын
Формулаларды қорытуды
Өмірде көпбұрыштарды қай жерлерде қолданады
« Кластер жасау» Кластер – материалды схема түрінде жүйелеу. Кластерлер (ағл.Cluster - «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасына шеңберге жазылады да, одан туындайтын тақырыпшаларды оқушылар оның жан-жағына жазып, шеңберлеп бір-біріне қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді. Кластерлер оқушыларға жеке орындауынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады. Мысалы, 8 сыныпта «Төртбұрыштар» тақырыбан өткенде, оқушыларға осындай кластер дасауды ұсынуға болады.

.

Сұрақ құрастыра білу және қоя білу әдісі.
1. «Ашық және жабық сұрақтар»
Жабық сұрақ Ашық сұрақ
кім...
не...
қашан...
мүмкін...
болады...
болуы мүмкін...
қалай аталады...
дұрыс па ... не үшін солай болды,...
не себепті, солай ойлайсыз...
анықтама беріңізші...
айырмашылығы неде...
егер басқаша болса, қалай ойлар едіңіз...
егер, не...
салыстырып көріңізші...
«Ашық» және «Жабық» сұрақтар сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады. Ой қозғау кезеңінде: жаңа тақырыптаң мағнасын ашу үшін, мағынаны ашу кезеңінде мәтінді оқып,тыңдау барысында. Рефлексия кезеңінде оқып-үйренгенін қолдану барысында.
Оқушылардың бойында «Ашық» және «Жабық» сұрақтарды ажыратуды бастауыш сыныптан бастау керек. Оқушылар «Ашық» және «Жабық» сұрақтарды құрастырып, оларға өздері жауап беру арқылы, оқушылардың ой өрісі дамиды және тұрақты зейін қалыптасады. Сұрақтар классификациясы оларды жауабын іздеуде мәтінді терең түсінуге көмектеседі. 2. « Блум таксаномиясы» Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді. Б. Блум таным -ойлау деңгейі мен біз қоятын сұрақтардың арасында тікелей байланыс бар екендігін анықтап, дәлелдеген. Білу- Түсіну- Қолдану- Анализ - Синтез- Бағалау І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл сұрақтар категориясы мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Сұрақтары: Кім,не, қашан, ата, көрсет.
Мысалы: Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. Километрді мертге айналдыр.
ІІ.Түсіну.Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.); Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Сұрақтары: Бейнеле, өз сөзіңмен айт, түсіндір, салыстыр, астын сыз, ең негізгісін айт. Мысалы: Егер мен мына төрт кесіндіне тізбектей тұйықтасам, қандай фигура пайда болады. ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Сұрақтары: Қолдан,пайдалан,түсіндір,таңда, қорытындыла. Мысалы: Егер шардың радиусын 2 есе арттырса, көлемі қалай өзгереді. І V.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Сұрақтары: Не себепті, талдау жаса,жікте,диаграммасын жаса, ықшамда, бөліс, салыстыр. Мысалы: Квадрат теңдеуді , келтірілген квадрат теңдеуге келтіріп, Виет теоремасы арқылы түбірін табыңдар. V Синтез (жинақтау, жүйелеу). Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Сұрақтары: Құрастыр,графигін сал, басқа жағдайын қарастыр,жоспарла, жобала. Мысалы: Көпжақтардың қимасын сал. VI Бағалау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Сұрақтары: Бағала, салыстыр, ең тиімдісін таңда, тексер, бұны не себепті ең маңызды деп таптың. Мысалы: Өз жұмысың туралы не айта аласың? Саған ұнағаны қайсы?
«Білемін – Білдім – Білгім келеді» (Б – Б – Б ) кестесі
Мысалы: Геометрия,8 сынып, «Параллелограмм». Оқушының ынтасын қалыптастыру.
Білемін Білдім Білгім келеді
Дөңес төртбұрыш екендігін
Ішкі бұрыштарының қосындысы 3600
Қабырғалары параллель
Парпаллелограмныің анықтамасын.
Қарама –қарсы қабырғаларының тең екендігін
Парпаллелограмның қасиеттерін

Синквейн (ағл. cinquain) – бес жолдан тұратын тақпақ. Мұнда студенке оқу материалын қысқаша түйіндемелеу талап етіледі. Бірінші жолда – синквейннің негізгі мазмұнын құраушы бір негізгі сөз (ұғым); екінші жолда – берілген ұғымды сипаттайтын екі сын есім; үшінші жолда – ұғымның әркетін көрсететін үш етістік; төртінші жолда – автор өз қатысын көрсететін қысқа сөйлем; бесінші жолда – ұғымға қатысты ассоциясын сипаттайтын бір сөз (зат есім).
Мысалы, «Функцияны зерттеу» тақырыбын өткеннен кейін синквейн құрауға болады. Ол келесі түрде болуы мүмкін:
Функция. Бірсарынды, жұп (тақ). Өседі (кемиді),периодты,экстеремумы бар.
Функция анықталу обысының кез келген нүктесінде үзіліссіз. График.
Пазл (ағл. puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар ойыны. Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрінде өткізуге болады. оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс.Математика сабағанда есептер шешуде формулалармен жұмыс жасағанда, теоремаларды, анықтамаларды бекітуде, қайталау сабақтарында қолдануға болады. Бұл әдісті оқытудың кез келген бөлігінде қолдануға болады, ол жеке не топтық жұмыс болуы да мүмкін.Бұл тәсілді сыныптан тыс сабақтарда немесе қорытында сабақтарда қолдануға болады.
Мысалы,10 сыныпта,«Кеңістіктегі түзулар мен жазықтықтардың параллелдігі» тарауынан кейін әр теоремаға карточкалар жасауға болады:
1-ші карточка теореманың жазбаша берілуі
2-ші карточка – теоремаға сызба
3-ші карточка теореманың қысқаша жазбасы
4-ші карточка – теореманың математикалық жазбасы
Оқушыға осы белгілері бойынша теореманы толық жинастару керек.Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушыда қызығушылық артады, егер әр теоремаға жасалған карточкалар саны әр түрлі болса, оқушының қандай теореманы жақсы меңгерген немесе меңгермегенін аңғаруға болады.
Жаңа технологияны сабақтарда ықпалдастыра отырып, нәтижеге бағатталған білім беру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық қасиеттерін қалыптастырады.Өзін-өзі дамытып,өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы, 2014 жыл
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.
3. www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.
4. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
5. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж. Тәрбие.орг сайтынан Сындарлы оқыту технологиясын математика сабақтарында тиімді пайдалану Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ергалиева Жаныл Жылкыбаевна

Жамбыл облысы Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 146 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar