Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сынып жетекшілерімен ата-аналардың бірлескен жұмысы
  • 24.03.2016
  • 536 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18109

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (110.0Kb)

І. Кіріспе

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.
Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата - аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім - тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір қасиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім - тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке - шешенің жеке басты үлгі - өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата - аналардың үлгі - өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс - әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез - құлқына, жүріс - тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс - әрекетіне, басқалармен ара - қатынасына еліктейді. Олай болса, әке - шеше қарым - қатынасы, өзара сыйластығы, бір - бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір - біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі - өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс - әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң - солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата - ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін - бірі толықтырады. Ата - ана тәрбиесі терең ата - аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата - аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан - жақты дамытып, ой - өрісін өрбітеді.
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата - аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсатта әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата - аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым - қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата - аналардың нені қадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата - аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс - әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға ата - аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, қаржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата - аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата - аналар және балабақшаның өзара қарым - қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым - қатынасы өте киын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.
Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы - Ш. Амонашвили «Бала тәрбиесі ата - ана тәрбиесінен басталу керек» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Себебі, оның есептеуі бойынша бастауыш сынып оқушысының барлық өмірінің тек 7% ғана мектептегі тәрбие үлесіне келеді екен. Олай болса, тәрбие ісінде ата - ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата - анасы. Отбасындағы ата - анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27 - бабында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» - деп көрсетілген. Демек, баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата - ананың орны бөлек. Туындаған тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата - ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата - анаға, құрбы - құрдастарына, олардың күнделікті іс - әрекетіне, жүріс - тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т. б. қасиеттеріне байланысты. Жан - Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата - анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы,
сана - сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата - ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер ұрпаққа аманат. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан ата - ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан - жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

Ұстаздар мен ата - аналар қарым – қатынасының функциялары
• тәрбиелік - дамытушылық;
• қалыптастырушылық;
• бақылаушылық;
• тұрмыстық;
• хабарламалық;
Педагогикалық ұжымның міндеттері:
• Ата - аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын
қалыптастыру;
• ата - аналарды педагогикалық білім - білікпен
қаруландыру;
• ата - аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;
Қ. Р. Гуманитарлық академиясының академигі, педагогикалық ғылымының докторы, Қалыбекова Асма Ахметқызы былай деп жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың тәрбиешісі - мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан шығатын маңызды қорытынды: ата - аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде педагогикалық білім - біліктермен қарулануы тиіс» Шыныменен қай маман болмасын өнімнің сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата - ана педагогикалық білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата – анамен жүргізілетін жұмыс формасын дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?
 Отбасын зерттеу
Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау
 Топтастыру
Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт - бағдарын тану
 Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау

Ата - анамен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың формасы
Ата - аналарға арналған лекторий
- Таныстырып болған соң үш түс бойынша топқа бөлінеміз «Балаларды тәрбиелеудегі ата ананың рөлі» ата - аналарға арналған ликториямызды бастаймыз.
2. Үш топқа бөліну.
Сары қағазға жазылған «Әке туралы жыр», қызыл қағазға жазылған «Ана туралы жыр», көк қағазға жазылған «Балапаным» әндерінің шумақтары жеке – жеке жазылған үлестірмелі тапсырмалар таратамын. Әр ата - ана өзіне тиген өлең шумағын өлеңдете айта отырып, түсіне орай топқа сары түс - «ӘКЕ», қызыл түс - «АНА», көк түс - «БАЛА» тобына бірігіп отырады.
3. Баяндама оқылады.
4. Жаттығу. Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме
р/с Сұрақтар ---------------------------------------------------------- ия ------- жоқ
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары
2. Баларыммен сирек ойнаймын сары жасыл
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сары
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін жасыл сары
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызыл
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сары
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сары
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл сары
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызыл
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сары
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сары
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сары
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары

Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.

Жасыл түсті шаршылар:
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.

Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.

Сары түсті шаршылар:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.

Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.

Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.

Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.

В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
5. Бала тәрбиесіне байланысты бейне ролик қаралады ол талқыланады.

6. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жүректі өзіне біреуін таңдап алады
ә) жүректерге болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі.

7. Қорытындылау. «Тілек шамы»

Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата - анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру
• Педагогикалық білім университеті

Педагогикалық, психологиялық, медициналық, заң туралы
кеңестер беру
Ата - аналарға арналған этикалық кодекс 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық - қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 6. Мектепішілік және сыныптағы ата - аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал - жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата - ана мектепке ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы.
Ата - аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Ата - аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.
- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы
«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш» пен «кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.

2. Ой шақыру.

- Міне, ата - аналар сіздер «реніш» пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды топтадыңыздар.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?
- Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзі адамгершілік қасиетке жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек. Олай болса келесі бөлім.
3. Өзіңді өзің тани біл.
- Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар
Мен ___________
Мен____________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы
өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен. Олай болса келесі бөлім:
4. Оқып, талдап, ғибрат қыл.
- Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.
- Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.
- Әкесі неге қарапайым талап қойды?
- Ата - анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
- Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?
- Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
- Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?
- Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу, оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
5. Жақсы мен жаман қасиеттер.
Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек - кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек - кезек жығылып, жатып тұрып,
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез - келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.
- Маған қарап тұрған кім?
- Ол қандай адам?
Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасиеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)
1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар?
2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?
3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?
4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?
Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.
- Олай болса, келесі бөлім:
6. «Тазарту».
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықта сезінемін. Мен өз қалпындамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».
Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
7. Қорытынды.
Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық. Тренингке келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Тренинг: «Суретті тауып ал»
Алдын - ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде
болдыңыз?
Тренинг «Аралда»
Қажетті құралдар: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар
аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте - бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір -
біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата - аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т, б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
V. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бір - біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды Жағымсыз
Мейірімділік өтірік айту
Жан ашу өшпенділік
Сыпайылық Кек сақтау
даналық Тіл алмау
- Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын беру. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны
айтайық.
VІ. «Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Құрметті ата - аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған

Ата - аналарға арналған кеңес:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2 - 3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер баланы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:
«Баланы 5 - ке дейін патшаңдай көтер,
15 - ке дейін құлыңдай жұмса,
15 - тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез - құлықтар үнемі есепке алынса;
ата - ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата - ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Ата - аналар кодексінде: - Ата - ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; - Баланы тәрбиелеу үшін ата - ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру - ақыл айту емес;
- Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
- Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
- Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол - жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата - аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық - қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата - аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал - жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата - ана мектепке ұйымдастырушылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Әлеуметтік педагог;
5. Мектеп басшысы.

Ата - аналарды оқу - тәрбие үрдісіне тарту
• Ата - ана жиналысы
• Біріккен шығармашылық істер
• Отбасылық байқаулар
• Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс - шараларды ұйымдастыруға ата - аналарды қатыстыру Ата - аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру
• Сынып кеңесі, сыныптағы ата - аналар комитеті
• Мектеп кеңесі
• Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсету
• Қоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету) Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек
• Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет
• Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі
• Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері

Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
 ата - аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;
 зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы
 зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
 психологиялық - педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;

Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш - қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық - психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу - сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Жанұя түрлері

Балалары үлгілі жанұя Бала тәрбиесіне ұстаз көмегімен қажет ететін жанұя Ынтамақсыз жанұя Жағымсыз қасиеттері басым жанұя Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя
Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес Жанұядағы ата - аналардың қарым - қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата - ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді. «Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі. Мұндай жағдайда ата - аналар өзара қарым - қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл - күйді өзгертуге белсенді педагогикалы ықпал қажет Сырттай қарағанды қолайлы жанұя қатарында болмағанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс - керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етеді.

Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:
- Төрт одақ жұмысын жандандыру;
(отбасы, бала, мұғалім, қоғам)
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу - тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата - аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата - аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата - аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс - шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата - аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
- Ата - аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
- Ата - аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
- Ата - аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата - аналармен сыйластық қарым - қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
- Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата - аналар жиналысының түрлері
 Ұйымдастыру
 Тақырыптық
 Қорытынды
Ұйымдастыру ата - ана жиналысы
Жиналыстың мақсаты: Сынып оқушыларының ата - анасымен
танысу, ата - аналарды өзара таныстыру, ата - аналарды мектептегі
жұмыстарға тарту.
Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:
 Ата - аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
 Ата - аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжымымен
өткізетін шығармашылық, белсенді іс - әрекеттерінің
жоспарымен таныстыру;
 Ата - аналар комитетінің сайлауын өткізу;
Ұйымдастыру ата - аналар жиналысында төмендегі сұрақтарға
жауап алынуы тиіс:
1. Ата - аналардың аты - жөні, тегі.
2. Туған жылдары, білімі.
3. Мекен - жайы, телефоны.
4. Ата - аналардың мамандығы, кәсібі.
5. Жанұядағы бала саны, жас мөлшерлері. 6. Толық немесе толық емес жанұя.
7. Бала дамуындағы ерекшелік (дәрігерлік есепте, жиі ауырады,
созылмалы ауруы бар т. с. с.).
Ұйымдастыру ата - аналар жиналысының үлгісі
Ата - аналар отырған соң алдын - ала дайындалған сауалнамаға
жауап береді.
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық тәжірибесі жөнінде, сол
сыныптың жетекшісі ретінде оқыту мен тәрбиені
ұйымдастырудағы жоспары туралы айтады.
2. Оқушылардың ата - анасы өзара танысады.
3. Ата - аналарға ескерткіш кітапшалар таратылады.
Бұл кітапшаға ата - аналар тәрбие туралы ұлағатты сөздер, өз
баласының тәрбиесі жөнінде ұсыныс, ой - пікірлерін жазады.
4. Сынып жетекшісі ата - аналарды оқу - тәрбие жұмысының
жылдық жоспарымен, мектеп дәстүрлерімен таныстырады.

Сіздерді толғандыратын тәрбиедегі кедергілер
Сыныпта ұйымдастыра аламыз Ата - аналар комитетінің құрамына кіре аламын. Көмек көрсете аламын.
Тәрбие сағаты Үйірме Секция Студия

5. Ата - аналар төмендегідей кестені толтырады:
6. Ата - аналар комитетін сайлау.

Ата - анамен бірлескен іс - әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға
диагностикасы шығады:
Қарым - қатынас мәдениетін меңгерген;
Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар;
Ата - ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.

Қорытынды
Бала тәрбиесі бүгінгі таңда барша ата - аналар мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, бала жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Сондықтан оның алғашқы тәрбиешісі - ата - анасы. Ендеше ұл - қыз өсіріп отырған әр ата - ана жауапкершілік сезімін жоғалтпауы керек. Баланы әуел бастан - ақ қандай жағдайда болсын шыншыл әрі әділ болуға баулу - басты міндеті.
Қорыта келе, ата - ана мен мектептің бірлескен ортақ мақсаты - жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан - жақты дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын рухы асқақ азамат тәрбиелеу.
«Біздер, қандай ата - ана болсақ та, балаларымыздың әрқайсысы қабілетті, тапқыр, талантты, басқа балалардан кем емес, керісінше, артық болғанын армандаймыз. Алайда, қымбатты әріптестер, біз алдымен бұл жайында емес, біздің балаларымыздың жақсы Адам болғаны туралы армандауымыз керек деп ойлаймын. Оның кісілерге жақсылық жасауы, қоғамға зиянын емес, пайдасын келтіруі жайында. Адам деген биік атақты бүкіл өмір бойғы сын - сынақтардан шаң тигізбей алып өтуін арман етсек деймін...».
Бала – әр шаңырақтың қуанышы болуымен қатар, Отанымыздың болашағы. Отанын сүйгіш азаматтар тәрбиелеуде ата - ана мен мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана сіңірген еңбек өз нәтижесін береді.
Еліміз егемендік алып, еркін даму жолына түскен жылдардағы заман талабы халық санасына салмақты өзгерістер енгізді. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш құрған, ғылымы мен мәдениеті қатарласа дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі - ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс - тәсілдер жинақтала бастады. Себебі ХХІ ғасыр білімді, тәрбиелі халықтың ғасыры болады дей келе, ата - ана, бала, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты зерттеу барысында төмендегі ұсыныстарды ұсынамын:
- сынып жиналысын сайыс, тренинг, пікір талас ретінде жоспарланып өткізу;
- ата - аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру және оны тәрбие жұмысы жоспарына енгізу;
- жылына екі рет өзін - өзі тану сабағымен ұштастыра отырып ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру;
- балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізу;
- балаңызды өзіне - өзі қызмет етуге дайындаңыз;
- жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя білу.
- балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз;
- баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі);
- балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ендеше, ата - аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б. Момышұлы былай деген екен:
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата - ана да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.
Осы баяндаманы аяқтай отыра, Ғабиден Мұстафин «Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле - өлгенше суынбайтын махаббат" делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата - аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан - жақты болса ғана жемісті болады.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.

Сіз қандай ата - анасыз?
(өз - өздерін тест арқылы тексеру)
1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.
А) Сіз ол балалардың ата - аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз Тәрбие.орг сайтынан Сынып жетекшілерімен ата-аналардың бірлескен жұмысы Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садуова Адеми Салимовна

Антоновка орта мектебі,Антоновка селосы,Айыртау ауданы,Солтүстік Қазақстан облысы Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар | Логин: САЛИМОВНА
Көрсетілім: 536 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar