Тәрбиеші мен отбасының өзара байланысы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 188
  • Баяндамалар
  • 03/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21489


Атырау облысы,Исатай ауданы, Аққыстау селосы
"Балдырған" бөбекжай балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі:
Қапажанова Жанаргүл Айбарқызы

Тәрбиеші мен отбасының өзара байланысы
Қоғам үшін әр кезеңге, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздың дені сау,рухани бай, еңбекее, білімге құштар болып өсуі ең жоғары тілек, ең биік мақсат. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
«Баланы жастан», «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы терең. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік, этетикалық дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:
- Ата-ананың өмірге деген қөзқарасын өзгерту;
- Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі жеке тұлға боп қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
- Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- Бала өміріне қолдау жасау;
- Балаларды отбасы мен қоғамның дәстүрлері мен құндылықтарына тәрбиелеу;
- Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету;
Балабақшаның ата-анамен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі мазмұны:
1. Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімдерін көтеру(семинар,жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар);
2. Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру(ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар);
3. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасы ынтымақтастығы(әңгімелесу,пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама болып табылады.)
Бүгінгі таңда отбасында ата-ананың қолын ұзартатын, қоғамда еңбек өнімділігінің артуына септігін тигізетін балабақша деп ойлаймын. Сондай-ақ, ол балалардың қоғаммен араласуына, білім мен білік дағдыларының ерте қалыптасуына, танымы мен ой-өрісінің жетілуіне көмектеседі. Ендеше ата-аналармен топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен жүргізілетін жұмыстың негізгі формаларын:
(отбасылық кеш),(көрме),(танымдық викториналық ойын),(тренинг), (педагогикалық сырсандық), (жеке әңгімелесу), (пікірталас клубы), (отбасына бару) деп бөліп, ұйымшылдықпен ұжым болып, ата-анамен бірлесіп атқарып келеміз. Осындай жұмысым ата-анамен ұйымдастырылған «Ертегі еліне саяхат» атты педагогикалық сырсандықты ұсынамын.
Мақсаты: баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен тығыз байланысын, тәжірибелер алмасуын, ұлттық ауыз әдебиетінің ертегі жанрына деген ерекше көзқарастарын қалыптастыра отырып, педагогикалық әдіс-тәсілдерді насихаттау.
Қажетті құрал: интерактивтік тақта
1. «Ертегілік лебіз...» ойынының мақсаты: ата-аналардың бір-біріне деген ыстық ықыласын тудыру, ертегі желісін ойша бағдарлау, қандай ертегілердің мазмұнын білетінін аңғару. Мысалы: мен сізге «бауырсақтай» сүйкімділік тілеймін немесе «Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер» ертегісіндегідей ананың шексіз мейірімділігін тілеймін.
2. Күтпеген сәт: «Ертегі әлемінен сырсандық» (ортаға сандық әкеленеді)
Сұрақтар: Қандай ертегілерді білесіз? Ертегі мәтіні қалай басталады?т.с.с
3. Мәтінмен жұмыс: «Бұл қай ертегінің үзіндісі?»
-Қайда барасыз?Бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе?-деп қашып бара жатқан түлкінің артынан айқайлайды. «Қырғауыл мен түлкі»
4. Суретшінің қатесін тап. (белгіленген уақытта тауып үлгеруі тиіс.)
5. «Ата-ана шығармашылығы»(ертегіні басқаша аяқтау)
Сонымен «Педагогикалық сырсандық» нәтижесінде:
1. Ата-ана балабақшамен тығыз қарым-қатынас орнатты.
2. Педагогикалық әдіс-тәсілдерді насихатталды.
3. Ертегінің бала тәрбиесіндегі орны айқындалды.
4. Ата-ананың қызығушылығы артты.
5. Ата-аналар өзара пікір алмасты, тәжірибе жинақтады.
6. Бір-бірінің пікірін тыңдады, қошемет көрсете білді.
7. Ата-аналардың шығармашылық деңгейі көрінді.
8. Сырласу арқылы рухани байлықтары кеңейді.
9. Ата-ана мен балабақша арасындағы тәлім-тәрбие сабақтасты, ұштасты, мақсатқа негізделді. Тәрбие.орг сайтынан Тәрбиеші мен отбасының өзара байланысы Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қапажанова Жанаргүл Айбарқызы

Атырау облысы,Исатай ауданы, Аққыстау селосы "Балдырған" бөбекжай балабақшасы жоғары санатты тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar