Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қызым - сырласым
  • 18.08.2016
  • 213 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19351

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.0Kb)

Қызым сырласым
Түзу тәлімнің тетігі – сырласу.
Ағаш тамырына су құйғандай, адамдар өзара қарым-қатынасында жанын рухани әңгімемен суарып отырған жөн. Сырласу – құлып салынған құпияларды ашатын кілт. Оңашадағы рухани әңгіме арқылы ата-ана баланың көңіл көкжиегіне көз салып, жан жарасын жазады. Сырласу теріс емес, түзу тәлім-тәрбиенің кірпішін қалайды. Жаныңда жүргенімен жүрегімен жырақта болмау үшін сырласатын жан серігі, рухани жан досы: ана – қыз, жеңге – қайын сіңлі, апалы – сіңлі, ене – келін, дос қыз.Сырласу үшін сыр айтатын кісіге, сыр тындайтын кісіге де парасат қажет. Екеуінен де сыр табылмай тұрып, екі кісі бас қосқан кез-келген әңгіме сырласу бола бермейді. Сырласу – молшылық, кеңшілік. Әдетте кісі сырласып отырып, мол пейілін жайып салады, мол пейілін жайып салып отырып, сырласады.
«Жақсыдан үйрен» деген сөз байырғы бабалардан қалған. Асқар таудай әзіз әкеміз бен асыл анамыздың бетінен сүйіп, оларды жанымыздан жақсы көретінімізді айына, жылына бір рет емес, жиі-жиі айтқанның несі айып? «Мен сені жақсы көремін» деген сөз тек ғашық жанға ғана арналып айтылуы міндетті емес. Ал бізде түсінік дәл осылай. Таңертең оянғанда немесе ұйықтар алдында ата-ана бөбегінің бетінен сүю қалыптасқан әдет.
Кішкентайынан бала ата-анасын жан досындай жақын тұтып, ашық сырласып, кез-келген тақырыпта еркін әңгімелескені абзал. Сәбиінен сыр сақтамай, әрі ата-ана, әрі дос, әрі ақылшы,әрі ұстаз бола білетіндер өмір өткелдерінен сүрінбей өтуге дайындайды. Сөйтіп, ата-аналар перзентінің ішкі тылсым табиғатымен түгел танысып, баласымен бірге өсіп-өнеді. Бала жанын тыңдаудан жалықпайды. Содан бала ақыл-кеңесті көшедегі көрінгеннен іздемей, ең алдымен ата-анасымен ақылдасуға асығады.

Көп жағдайда отбасы мүшелері бір-бірінің ішкі әлеміне үңілмейді. Бала ата-анасынан ұялады, одан қалса өлердей қорқады. Кезінде көрер деген суық салғырттықпен ата-ана баласын есіктің сыртындағы өмір атты жамау тіршіліктегі жан түршіктірер жауыздықты жан-жақты түсіндіруге, өмірге терең үңілдіруге еш асықпайды. Осыдан ата-ана мен перзент арасында көзге көрінбес, көңілден кетпес үлкен тас қабырға қаланады. Есі кіріп, бой жеткен құлыншағы кейбір қиналған кездерде ең бірінші әке-шеше құшағынан қуат алғысы келсе де, ата-ана мен бала арасында тұрған қатты қабырғадан еш өте алмайды. Айта кетерлігі, сол кедергі қабырғаның пайда болуына ерте бастан жол бермеу керек. Оңашадағы ой ата-ана мен баланың арасындағы жабық пердені ашып, олардың арасын алшақтатпай, жақындата түсер еді. Өзінің кіршіксіз көңілімен осылайша ата-ана өз баласының арқа сүйер ақылшысына айналар. Көңіл сандығында сақталған сырды шетінен сетінететін оңашадағы әдемі әңгімеден екі жақ та әсем әсер алары сөзсіз. Әке мен шеше осылайша бала ойындағысын біліп жүрер, әрі оның бойына адамгершілік тұқымын себер. Жанға рухани нәр беретін ашық әңгімеге жастайынан үнемі үйір болмаған бала кейін ата-анасын ішкі жансарайына үңілдіруі екі талай. Анасы әрқызының өмірлік досы,сырласы, ұстазы бола білу керек. Ішіндегі сырымен қыз бала анасымен бөліссе, жан дүнесін жастайынан түсініп, ақылын айта жүрсе соңғы кезде болып жатқан жайттар азаяр еді. Ұлтымызда «Қызға қырық үйден тиым, қала берсе есіктегі қара күңнен тиым» деген аталы сөз бар, Осыны берік ұстансақ,бойжеткендеріміз өмірде орны толмас өкініштерге ұрынбайды. Атамыз қазақ «Арынды жас кезіңнен сақта» дейді. Сондықтан жеңіл жүрістен,жігіттерден бойларынды аулақ ұстап, жылтыр сөздерімен арбауына түсіп қалып жүрмендер. Қыз бала өзі мықты болса,оның маңына ешкімде жоламайды. Ата-ана өмірдегі ең жақын адамдарың. Олар сендер үшін отқа да,суға да түсуге дайын. Әрбір бойжеткен әке-шешесінің, отбасының, өз ұлтының абыройы мен намысын жастайынан ойлағандары жөн. Бүгінгі бойжеткен қыздар ертеңгі еліміздің болашақ аналары екендерінді ұмытпандар, ар-абыройымызға дақ түсірмей, ұрпақ тазалығын көз қарашығындай сақтаңдар. Өмірлерінде болатын жайттарды ерте білуге асықпаңдар, ал мектеп кезіңдегі уақытты көбірек білім алуға арнап, басқа да ұлттық құндылықтарды, асыл қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылғандарын жөн. Тәрбие.орг сайтынан Қызым - сырласым Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенаманова Акмарал Нурлановна

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, "Мөлдір бұлақ" шағын орталығы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 213 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar