Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Жаңа білім мазмұнына сәйкес жеке тұлғаны дамытудың және білім берудің негіздері»
  • 02.06.2016
  • 360 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19154

Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

« Жаңа білім мазмұнына сәйкес жеке тұлғаны дамытудың және білім берудің негіздері»

«Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі
де жойылады»
/ К.Д.Ушинский/

Жаңа білім беру жүйесі-сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны болады. Осы мақсатта «Жаңа білім мазмұнына сәйкес жеке тұлғаны дамытудың және білім берудің негіздері» тақырыбында білімімді жетілдіріп келдім. Курста ең бірінші XXIғасырдың мұғаліміне қойылатын талаптар туралы мағлұмат берілді.
Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар – ожданын үнемі қорғай алады.
Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар , сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламадану үрдісі жүріп жатқандықтан , ақпараттық ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін , ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып
қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану , ақпараттардың көбеюі , т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық , құрылымдылық , бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды , дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік , саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып , ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету обьектісі емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.
Сонымен бірге «Қазіргі мектеп тәжірибесіндегі оқыту технологиялар , жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру , СТО технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабіліттерін дамыту тақырыбында С.Керееевадан көптеген мағлұматтар алып , сабақтарымда пайдаланып отырамын.
Сатылай кешенді талдау технологиясы туралы мағлұматтар алып, түрлерімен, өткізу жүйесімен танысып келіп , колледжішілік ашық сабақтарыма пайдаланып , жақсы нәтиже көрсеттім.
Интерактивті тақтамен жұмыс түрлерін оқып үйреніп, дәрісханадағы интерактивті тақтаны барлық сабақтарыма пайдаланып отырамын.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту туралы мағлұматтар алдым.
Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады.
Мен өз тәжірибеме деңгейлеп саралап оқыту , ойын арқылы
оқыту, сатылай кешенді талдау технологияларын енгіздім. Мақсатым - өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің жағдайларына төзе алатын , белсенді, ой-өрісі дамыған білімді оқушы тәрбиелеу. Негізгі мақсатым – баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Ой өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін , ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірді тілеген ошағына , мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен. Олай болса , қызықты сабақтар–мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі,көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат–мұраты.
Осы орайда «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде « Бастауыш білім беру » мамандығында оқып жатырған студенттерге,яғни жас , болашақ мамандарға өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем , сабағымда тек білім беруді ойластырып қоймай , балалардың жеке бастарының қасиеттерін , қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырамын. Шәкірттерімнің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін. Оқушымен жақсы қарым-қатынаста , түсінушілік жағын есте ұстаймын. Менің балаға деген ықыласым , оқушының өз ісіне деген сенімін оятады. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып , сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керектігін ұғындырамын .


Ойлау–баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі . Ойлау- сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады . Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп , оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру , жалпылау, қорытынды жасатамын. Осы орайда К.Ушинскийдің: «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше , жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз , себебі адамның ойлауы деректерді жинап , соларды өңдеу арқылы ғана дамиды» , - деген тұжырымы дәлел бола алады. Білім беріп отырған болашақ « Бастауыш сынып мұғалімдеріне» оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып , ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасап алу керектігін түсіндіремін . Ол үшін мен Р.С.Немовтың әдістемесін қолдану керектігін айтып және оларды таныстырып отырамын.Мысалыға: «Шытырмандар» , «Бұл жерде не артық?» , «Топтарға бөл» , «Равен матрицасы» әдістемелерін көркем-логикалық ойлау деңгейін анықтауға , ал «Лабиринт арқылы өт» , «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша» , «Рубик кубигі» әдістемелерін көрнекі-қимылдық ойлау деңгейін анықтауға пайдалананытын айтамын . Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау деңгейінен біріншіден осы жаста өте жоғарғы жылдамдықта дамуымен , екіншіден интелектуалды жүйеде оның құрылымдық және сапалық өзгерістердің болуымен ерекшеленеді. Осы жаста білім алу әсеріне ойлаудың 3 түрі де дамиды. Әсіресе сөздік-логикалық ойлаудың дамуында нақты өзгерістер болады. Басында әлсіз болғанымен, 4-сыныпта басты әрі күшті даму осы ойлаудың түрі болады және ересек адамның ойлауына пара пар болады. Сондықтан практикалық психо-диагностика ойлаудың барлық түріне бағытталғанымен екінші жағынан сөздік-логикалық ойлауды басты анықтау керек. Сөздік-логикалық ойлау деңгейін анқтауда мына әдістемені пайдаланамын «Ұғымды анықтау,себебін табу,айырмашылығы мен ұқсастығын табу». Бұл әдістеме арқылы оқушының интелектуалдық жүйесінің даму деңгейін анықтай аламыз.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы,бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң , бірі баяу , енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні , қабілеті , қабылдауы, есте сақтауы , ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып , олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Тәрбие.орг сайтынан « Жаңа білім мазмұнына сәйкес жеке тұлғаны дамытудың және білім берудің негіздері» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы "Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі арнайы пән оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 360 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar