Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 712
  • Баяндамалар
  • 18/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18037


Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі

Жаңа педогогикалық технология деген не? Бұл сұраққа нақты жауап бар ма? Үзіп-жұлқып ана технология, мына технология, түгеннің технологиясы деп ала қашып, байыз таптырмай, берекесін кетірген жоқпыз ба? Немесе жаңа педагогикалық технологияның басын бір бөлек, аяғын бір бөлек бөлшектеп алып ат қойып, айдар тағып, аттандатып жүрген жоқпыз ба? Ойлану керек сияқты.
Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «жаңаша педагогикалық технология» терминдерінің мағынасын түсініп,тереңінде не жатыр,соны ақылмен аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі- өндіріс құралдарының жиынтығы:
- екіншісі- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Дәстүрлі педагогиканың өкілдерін бұл терминнің өндірістік сипаты шошытып келгені белгілі.
Шынына келсек, білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болды деу ағаттық. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.Коменский айтқан болатын.
Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезенде мұғалім бірте-бірте көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. «Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған» - дейді А.Талызина. Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидиктикалық материалдар көмекке келді.
Қазіргі кезде де оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді. Қазір және болашаққа білім беру саласына ғылыми-техникалық жүйе /революция/ толық еніп, оқытудың мазмұнына және технологиясына зор ықпалын тигізетіні даусыз.
«Оқыту технологиясы» терминін алғаш рет АҚШ-та қолдана бастады. Польшаның белгілі дидакторы У.Куписевич пен Ф.Янушкевич оқыту технологиясы жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтынын терең түсіну керектігін қолдады. «Біздің-дейді олар - оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдарымен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді».
Оқыту технологиясы дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен енгізіп, таратады. Әңгіме дидактиканы практика жүзінде технологиялық игеру туралы болып отыр.
Оқу үрдісінің негізгі элементтері:
а) оқытудың мақсаты, жоспары және бағдарламасы
ә) оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері:
б) оқытудың формалары мен құралдары:
в) оқушылардың оқу және зерделеу (зерттеу) қызметі:
г) оқытушының педагогикалық және ғылыми қызметі:
Оқыту технологиясын формальды жағынан алғанда, оқу ақпаратын қалыптастыру, өндеу, тарату, қабылдау, жете түсіну, есте сақтау және қайталап айтып беру сияқты мақсатты динамикалық үрдіс есебінде түсіну керек. Бұл технологиялық үрдіс - білімсіздіктен білімділікке, шорқақтықтан іскерлікке апаратын тура жол. Оқыту технологиясындағы оқыту және оқу қасиеттері, оқыту әдістері мен тәсілдері оқытудың формасы мен техникалық құралдары арқылы байланысып жатады және бірігіп, тоғысып кетеді.
Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп берді:
«Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану» немесе «Оқыту технология - бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсатымен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі». Әрі қарай бағдарламалау идеясының қалыптасуына, оқытудың арнайы техникалық құралдарын жасауға байланысты «оқыту технологиясы» терминінің орнына «білім технологиясы» немесе «оқу үрдісінің технологиясы» деген термин пайда болады. Оның мазмұны екі бөліктен тұрады.
1.Оқыту мақсатына сай арнайы жасалған техникалық құралдардың екі типі:
а) проекторлар, магнитафондар, компьютерлер:
ә) слайдер, кинофильмдер, кодопозитифтер, бағдарламалық құралдар.
2.Жоспарланған нәтижеге жеткізетін педагогикалық үрдістердің ғылыми суреттемесі.
Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер- оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалько).
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В.Богомолов, Т.Ильин, А.Космодемьян-ская, М.Кларин, Ф.Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология (ПТ) деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. Сонымен педагогикалық технология - оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технологиялардың - педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
1. технологиялық құрылымдық және мазмұндық тұтастығы:
2. оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі.
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр. М.Эрауг, Р.Кауфан, С.Ведеймер және басқалары педагогикалық технология Я.Коменскийдің модулі және жобалаудың ереже-нормасын, білім берудің тиімді жүйесі мен үрдістерін іске асыруды қамтуы керек дейді және мектептің әрбір басқышындағы қазіргі оқу жоспарлары мен бағдарламалары үнемі жақсартылуы керек, оларды қисындастыра және байланыстыра отырып алмастыру керек деп санайды. Тиімді педагогикалық жүйелерді осы заманғы жағдайда тәжірибелік жұмыстарда жобалап және тексеріп көрудің маңызы зор деген пікірге саюда.
Бұл идеяны іс жүзіне асыру мәселесі көп нәрсеге тәуелді, «оның біріншісі – дейді Я. Коменский – дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді». Дидактикалық машина үшін.
1. Қатал қойылған мақсат.
2. Осы мақсатқа жеткізетін құрал, дәлірек айтқанда техникалық құрал.
3. Осы құралдардың дұрыс пайдаланудың қатаң ережелері, нәтижесінде мақсат орындалмай қалмайтын болуы керек.

Бұл жерде оқушы білімді өзі алуы, ал мұғалім сол білімді алу әдістері мен тәсілдерді меңгертуді үйретуі заңды үрдіске айналар еді. «Эврика» осы жағдайда туып, өркенін жаяр еді.
Білім алу үрдісінде оқушы басты субъект, ал мұғалім жетекші, ұйымдастырушы, бағыттаушы, көмектесуші рөлінде болу қажеттігін мұғалімдер қауымы түсініп келеді.
Қорыта айтқанда білімді де білікті, салиқалы да парасатты жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді алдымызға мақсат етіп қойып, саналы тәрбие, сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етіп, тұлға қалыптастыру сіздер мен біздердің еншімізде екенін ұмыпайық Тәрбие.орг сайтынан Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Малик Ләззат Қуанышқызы

Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar