Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ЖАҢЫЛТПАШ- ТІЛ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ.
  • 18.05.2016
  • 733 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19038

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (14.8Kb)

Жаңылтпаш- тіл дамыту құралы.
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі жыр-
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен,
Қай жұрт болсын толассыз осыған құл.
І. Жансүгіров
Қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік жағынан дамуы білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жақсартуға, оның ішінде баланың жеке басының міндетін дамытуға көңіл бөлінуде.
Тіл дамытудың қайнар көзі- халықтың бай ауыз әдебиетінде. Балалар ауыз әдебиетін жасаған- халық. Адамға баласынан артық еш нәрсе болмаған. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, тәтті қиялын өлең етіп, ән етіп баласына арнаған. Халық педагогикасы- ұлттық тәрбиенің жемісі, өшпес өнеге. Түрлі әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, үлгі өнегелер- аса құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қазынасы. Тіл дамыту жылдан- жылға сан жағынан да, сапасы жөнінен де өсіп,жетіліп келеді. Мұның үлкен мәні бар. Өйткені, балалар әдебиеті жас жеткіншектерге тәрбие беретін, олардың сана- сезімін оятып, ақыл- ойын дамытып, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге үйреттетін қуатты құрал. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі жас жеткіншектерді өздерінің ойына ұғымына, жасына сай әдеби мұралармен сусындату керек.
Мектепке дейінгі жастағылар тыңдаушылар және оқырман қатарына жатпайды. Сондықтан, оларға арналған әңгімелеріжұмбақтар мен жаңылтпаштарды ата- аналар отбасында, педагог сабақта мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беруі керек.
Халықтық шығармалар ішінен үлкен рөл атқаратын- жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар- сөздерді дұрыс, анық айтып, тілін жаттықтыру үшін қолданылады және олардың сөздік қорын байытады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңылтпаштар қысқа, ықшам, қызықты, күлкіге кенелтіп, мәз- мейрам ететіндей болуы керек. Сондықтан, мен жаңылтпашты тәрбиеленушінің есте сақтау қабілетін қалыптастыру және дыбысты меңгерту мақсатында былай жүргіземін:
1. Алдымен өзім мәнерлеп, нақышына келтіріп, өз қалпында оқып, балалардан не түсінгенін сұрай отырып, оның мағынасына тоқталамын
2. Осы оқылған жаңылтпашты сурет арқылы түсіндіремін. Мысалы: «Сағат сыртылдады, сырға сыңғырлады» - дегенде күнделікті өмірде көріп жүрген сағат пен сырғаның суретін көрсетіп, суреттен не көріп отырғанын және олардың қалай дыбыстағанын , яғни не істегенін сұраймын. «Сағат, сырға» деген сөздерге дыбыстық талдау жасатамын. Бұл жаңылтпашты Сс дыбысы мен әрпін өткен кезде жаттатуға болады.
3. Сонымен қатар Шш дыбысы мен әрпін өткен кезде мынадай жаңылтпашты қолдануға болады.
Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Төрт шар бар.
Оқушылардың өзіне осы жаңылтпаштың мағынасын ашқызып, көз алдарына елестету арқылы сурет салғызамын.
4. Пп дыбысы мен әрпін өткен кезде пілдің суретін көрсетіп, оған дыбыстық талдау жасатып, барып осы піл сөзін қатыстырып жаңылтпаш құратуға үйретемін.
Балалардың көбіне дұрыс айта алмайтыны, тілі келмейтіні «Р» дыбысы. Осыған байланысты «р» дыбысын дұрыс айттыруға бағытталған жаңылтпаш сөздер өте көп. Жаңылтпаш сөздер жайдан- жай айтыла салмайды. Оның да қоғамдық мәні бар. Баланы дұрыс сөйлеумен қатар оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстыруға да жәрдем береді. Дұрыс та әділ шешім айтуға дағдыландырады. Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі мағынаға ие болатынын ажырата білуге үйретеді.
Қорыты айтқанда бала тәрбиелеуде, бала тілін дамытуда, анық та айқын сөйлеуге жаттықтыруда – жаңылтпаш үлкен роль атқарады. Балалар, әр әріпке іріктеліп берілген осындай жаңылтпаштарды жаттай отырып өмірге- азық, бағытына- қазық болар білім ең алдымен дыбыстардан, әріптерден басталатынына ден қояды. Тәрбие.орг сайтынан ЖАҢЫЛТПАШ- ТІЛ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ. Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қошаман Айнагүл Есқуатқызы

БҚО Ақтөбе қаласы МКҚК «Балалар шығармашылық үйі» қосымша білім беру педагогы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 733 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar