ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕРДІ ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН РУХАНИ ІЗГІ ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРУ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 429
  • Баяндамалар
  • 09/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20434


Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдыларымен өзінің білімін, іске асыруға адамгершілік тұрғыдан қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару керек деп айқын көрсетілген. Менің мақсатым – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ата баба мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін технология сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүмкіншілігі мол. Менің ойымша адам өзінің қызығушылығы мен бейімділігіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да дұрыс мақсат қоя білу еңбек жолында табысқа жеткізеді. Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбекке баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Технология сабағының мақсаты: қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету.Қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үй сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, құрақ құрау ою-өрнек кең өріс алды. Көшпелі өмір салты мен өнеркәсібі тудырған негізгі дүниенің бірі –киіз үй. Тәрбие.орг сайтынан ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕРДІ ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН РУХАНИ ІЗГІ ҚАСИЕТТЕРДІ СІҢІРУ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бажай Кулзира

СКО Айыртау ауданы КММ Лобанов орта мектебі Технология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar