Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1468
  • Баяндамалар
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17913


Ауелбекова Гулжон Жаксыликовна
Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжінің құқық негіздері пәні оқытушысы

«Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру»
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Жастардың құқықтық белсендiлiгi жоғары болуы үшiн жалпы азаматтық қоғам өз деңгейiне көтерiлуге тиiс. Азаматтық, құқықтық қоғам қалыптасуы керек. Жастар өз құқығын бiлмейiнше белсендi бола алмайды. Сондықтан да, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға көбiрек көңiл бөлiнуi тиіс. Ал құқықтық мәдениет қалыптастыру – бүгiнгi күннің өзектi мәселесі.
Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне көңіл бөліп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктер жайлы түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызатыны сөзсіз.
Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады.
Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, адамгершілік-этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгіш, патриоттық сезімде өскен ұрпақтар тәрбиелеу. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Оқушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіру бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттердің маңызы мен мәнін саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің атқаратын рөлі, оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасу құрлымы мен даму кезеңдері зерттеудің нақты обьектісін айқындайды.
Берілген зерттеу мақсатында мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін өмірдің дербес құбылысы есебіндегі, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін көтеру ісіндегі оқушылардың құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің деңгейін анықтау қарастырылған. Мектеп оқушыларының құқықтық өмірдегі рухани бастауларын зерттеп-зерделеп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын айқындауымыз керек. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетінің астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке-жеке орнын, өзара байланысын, қатынасын сарапқа салып, оқушылардың шешендік өнері мен құқықтық мәдениет арасындағы тамырластың төркініне көз жүгіртуіміз қажет. Бұдан басқа да көптеген атқарылатын іс-шаралар бар. Балалардың құқығын қамтамасыз етуді міндеттейтін халықаралық құжаттар бар. Қазақстанның халықаралық ұйымдардың дербес мүшесі болғандықтан халықаралық құжаттарда бекітілген құқықтарды орындауға міндетті.
Мысалы: мектептерде 9-11 сыныптарда «Адам,қоғам және құқық» пәні өтеді, онда балалардың санасына мемлекет, заң, әділеттік, тәртіптілік, құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік теңдік, жоғары азаматтық сезімдер туралы қалыптаса бастаған пікірлер мен ұстанымдарды түсіндіреді. Соған дейін еш бір сыныпта құқықтық білім сабағы жүрмейді. Құқықтық білімнің негізін мектепте тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу орталықтары тәрізді жұмыстардың болуы қажет. Сөйтіп, мектеп қабырғасында құқықтық білім берудің өзіндік жүйесін қалыптастыруға болады. Құқық әліппесін әрбір оқушының санасына жеткізу оңай емес. Ол үшін құқық туралы теорияның білімдерімен қатар баланы қызықтыра алатын әртүрлі тәсілдерді ойлап таба алатын біліктілік қажет. Оқушы 1-сыныптан бастап құқықтық ұғымдармен танысып, олардың мәнін терең түсінбесе де, сондай ұғымдар, заңдар бар екенін біліп жүреді. Мұның өзі үлкен жетістік.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиенің адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастыруға тиіспіз.
Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп олардың жеке адамдарға және қоғамға қандай зиян келтіретін сезіну керек. Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескелігі, бағалаудың нақты болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай. Дұрыс бағалап, дұрыс түсінік берілмесе нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді.
Бұған себеп , қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық. Б.Момышұлы айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды» деп Қазақстанның дамыған өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін білікті заңгерлердің, заңнан хабары бар азаматтарымыздың көп болғаны дұрыс. Барлығына белгілі құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады.
Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың да алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың көбі оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген баланың көбі қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Сондай отбасында тәрбиеленіп отырған баланы теріс жолға түспей, адалдыққа үйрету үшін ол оқушыға әр адам өз өмірінің иесі, өмірінің жақсы не жаман болуы өзінің қолында екенін түсіндіріп қана қоймай, төмендегідей шаралар өткізу керек деп ойлаймын. Олар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа
сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Құқықтық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған күннен қолға алынса, жас жеткіншекке, жер шарындағы барлық заттардың құқықтық қамқорлыққа алынатындығын түсіндірсе, баланың қоғамдағы мінез-құлық тәртібі мен құқықтық мәдениеті қалыптасады. Оларды қалыптастыру – мектеп оқушыларының жасына сай мүмкіндіктерін, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу арқылы кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс.
* Бірінші кезеңде (1-4 сыныпта) өнегелілікке көбірек орын беріп, нәтижесінде істеген қылықтары үшін жауапкершілік туралы түсінік берілуі қажет. Жас жеткіншекке қоғамдық орындарда өздерін ұстауы, сөйлесу мәдениеті, адамдар арасындағы қарым-қатынасы, достық, азаматтық тәрізді ұғымдар отандық сүйіспеншілік , отаншылдық сезімін қалыптастырады.
* Екінші кезеңде (5-8 сыныпта) бастапқы құқықтық білімді тереңдете отырып, еліміздегі өркендеп келе жатқан ел мәдениеті, өмірдің нормалары мен талаптарын жалпы қоғам үшін атқарылған еңбек жетістігі, қоғамға деген адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы сабақтар мен тәрбие жұмысы жүргілсе.
* Үшінші кезеңде (9-11 сыныпта) Конституцияда өрбіген басқа заң түрлерінен толық хабардар ету. Қазақстан Республикасының Заң негіздері мен нормаларына байланысты нақты білім берілуі қажет.
«Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, жоғары білімі бар, саналы азамат кәсіби мамандықпен қатар құқықтық тәрбиені терең ұғынуы керек. Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы - адамгершілікті қалыптастыруда орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы».
«Құқықты құрметтеу, әділдікті, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі болып табылады. Заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес дей келе, заңды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Құқықтық мәдениет жастардың жан-жақты құқықтық білімдерінің болуын талап етеді».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34.) деген.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез - құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқықтық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген [4, 181 б]. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Демократияны дамыту мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл процесс мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі – жеке адамның, бүкіл жұрттың мәдениетін көтеру, қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халықты жұмылдыру.
Қоғамның мәдениеті бірнеше түрлерге бөлінеді: саяси, құқықтық, әлеуметтік, парасаттылық т.б. мәдениет жүйе - салалары. Олар қоғамның әр саласындағы қатынастарды реттеп, басқара отырып, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуға, нығайтуға ықпал етеді. Мәдениет ұғымына «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы», - деп түсінік берілген.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі – халықтың құқықтық мәдениетінің болуы. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Адамның жалпы мәдениеті мен құқықтық мәдениет, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана өзара тығыз байланысты. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен салыстырғанда әлдеқайда кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың қолданыстағы заңдар жөніндегі білімінен байқалады. Барлық заңдарды білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн. Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгерлер Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева өз еңбектерінде «Тұлғаның құқықтық мәдениеті – құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» - деп атап көрсеткен.
«Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс».
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік - құықықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау, балаға қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Бүгінгі егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ, еліміздің мәртебесін асқақтатып, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамыту жастардың қолында. Жас буынға құқықтық тәрбие беру мәселесі – қазіргі қоғамның ең негізгі маңызды міндеттерінің бірі. Олай болса, әңгіме аяғын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен бітіргім келіп отыр: «Біздің еліміз құқықтық мемлекетті орнықтырып дамытуды мақсат етіп отырған мемлекет. Сондықтан, жастардың құқықтық тәртібін, құқықтық сауатын, Ата Заңымызға деген құрметін арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеу керек».

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл.
2. Г.Искакова, Н.Ғазизова,А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, 2008 ж, 9-бет.
3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 198 – бет. Тәрбие.орг сайтынан Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін жетілдіру Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ауелбекова Гулжон Жаксыликовна

Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі құқық негіздері пәні оқытушысы

Пікірлер: 1

avatar
#1. Манат Казыбаева в 14:24 (14/Мар/2016) Спам
Материал жақсы  жазылған
avatar