Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ДҰРЫС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕТУ
  • 07.12.2016
  • 157 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20391

ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ДҰРЫС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕТУ

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда елімізде интернет пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Азаматтарымыз әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап отырған барлық әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы ақпараттарды алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі арқылы адамдар өзінің ішкі сұранысына қажетті барлық ақпараттарды алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп, өз қуанышымен бөлісе алады. Қазіргі кезде әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып, оны пайдалаушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін туғызатыны белгілі.
«Әлеуметтік желі» қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын - жазушылар ғасыры бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы, қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы алғанда әлеуметтік желі дегеніміз адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым - қатынас жасайтын құралы болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ДҰРЫС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУДЫ ҮЙРЕТУ Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жусипова Акбота Нурпейсовна

ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті, "№24 колледж" МКҚК Информатика пәнінің оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Баяндамалар
Көрсетілім: 157 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar