Жастарға құқықтық тәрбие беру

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1179
  • Баяндамалар
  • 30/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18900


РЕЗЮМЕ
Статья рассматривает вопросы связанные с проблемой правового воспитания молодого поколения.

SUMMARU
This article considers the questions wich connected with the problems
oflegal education of young people.

Кілттік сөздер: Мемлекет, құқық бұзушылық, жасөспірімдер, құқықтық тәрбие беру, құқық нормалары, адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтық борыш.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баянды етілген. Адамның құқықтары мен бостандықтары оған тумысынан берілген, ажырамайтын құрамдас бөлігі болып табылады[1].
Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты- адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету. Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның өмірге кеуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт.
Адамның құқығы мен бостандығы табиғи және ажырамас болып табылады. Мемлекеттің міндеті-адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды, өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшеліктерін сақтау және дамытуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекет заңдарын сақтау, оған мойынсыну, заңдарды білу, соған сәйкес іс-әрекеттер мен мінез-құлықтарын үйлестіру, жауапкершілікті сезіну- әрбір адамның азаматтық борышы.
Көптеген адамдардың санасында құқық ұғымы: жазалау, соттау, жемқорлық, құқық бұзушылық, мәжбүрлеу ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Алайда, құқық дегеніміз-тек мәжбүрлеу немесе жазалау емес, сонымен қатар бәрімізден өзара түсіністік пен тыныштықта өмір сүруді талап ету[2]. Құқық-әділеттік, теңдік, ізгілік және еркіндік қағидаттарына негізделген тәртіп ережелері.
Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне көп көңіл бөледі.Қай қоғамда болмасын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу- ең өзекті мәселелерге айналып отыр.Жастарымыздың бойына Қазақстан Конституциясына және заңдарына деген құрмет және заң талаптарын сақтау, сондай ақ орындауды сіңіре білу- баршамыздың міндетіміз.
Кез келген адам заңда белгіленген тәртіппен өзінің құқықтарын қорғай білуі керек. Сондықтан құқық, құқық нормаларының ерекшеліктері жайында жалпы түсініктері болуы тиіс[2].
Құқықтық тәрбие негізінен отбасынан басталады. Жасөспірімдердің тәртіп бұзуының бастамасы отбасынан бастау алады. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар.Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауына қақысы бар. Сондай ақ жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадыр-қасиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді.Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорғаншы және қамқоршы органдар, сот, прокурор хүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әртүрлі қолсұғушылықтан, оның қадыр-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын қиянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды.
Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшінқаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірақ олар балаларды асырап бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек. Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің; еңбекпен айналысып тапқан кіріс меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің; жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді.
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылық түрінің артықшылығын заң жолымен бекітті.Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйінің, Үміт үйінің құрылуы жайдан-жай емес.
Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы төлейді, көпбалалы отбасыларына да барынша көмектесіп отырады. Ата-аналар өздерінің міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбүрлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір қөрінісі.
Қай қоғамда болмасын, әрқилы отбасылар бар. Мысалы, арам жолмен ақша тапқысы келетін, маскүнемдікпен, ұрлықпен, алаяқтықпен пайда табатан және т.с.с. Осындай отбасында өскен баланың психологиясы да қалыпты жағдайдан ауытқып, қылмыс жасауға біртабан жақын болады. Құқықбұзушылық пен қылмыс жасау ол үшін қалыпты жағдай боп көрінуі мүмкін.
Құқықбұзушылық дегеніміз- адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті не болмаса әрекетсіздігі[5]. Қоғамда тәртіп болмаса, қоғам құлдырайды. Біздің келешегіміз жастарымызға тікелей байланысты болғандықтан, жастарымыздың бойына тәртіпті туғанынан сіңіріп, құқықбұзушылықтың алдын алуымыз қажет. Құқықбұзушылықтың себептеріне қатысты әртүрлі жорамалдар бар. Көбінесе әлеуметтік, биологиялық жағдайлар, сондай ақ құқықбұзушылыққа бейім азаматтарды да атап кетпеске болмас. Әсіресе, осы жастар арасында құқықбұзушылықтар көптеп кездесіп жатады. Осы аталып кеткен құқықбұзушылықтың алдын алуға, заңды жауапкершілігін сезінуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосатын субъектілердің бірі- оқу орындары. Қай елдің болмасын, оқу орындарында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттылық, құқықтық және мәдени қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Құқықбұзушылықты болдырмау және оның алдын алу, өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беруде оны оқытып, түсіндірудің маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөнінде шаралар туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыда құқықтық білім беруді мектептерде бастауыш сыныптардан кең көлемде енгізу қажеттілігін атап көрсетілді. Әсіресе, құқықтық білімге терең назар аударудың көптеген себептері бар.
Азаматтар ең алдымен, Конституцияны мен мемлекет заңдарын сақтауы тиіс.ҚР Конституциясының 34-бабында « Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» делінген[1].
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу- олардың қылмысқа ұрынбауына, келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, қоғамға пайдалы істермен шұғылдануына көмектеседі. Өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық тәрбие беру- барлығымыздың адамдық борышымыз.
Қазақстанда құқықтық сауаттылықты орнатудың тұжырымдамасы да бар, бірақ соған қарамастан, бұл салада шешімін таба алмай жатқан проблемалар да аз емес. Әсіресе мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің құқықтық сауаттылығының жетіспей жатқандығы қынжылтады.Солардың қатарындағы проблемаларға құқықтық білім ұғымының мазмұнын анықтау, осы мазмұнды оқушылардың жасына қарай айыра пайдалану, құқықтық сауаттылықты шешуге тиісті тәрбиелік міндеттерді анықтау тағы да басқалары жатады.
Құқықтық сауаттылықтың бас ұстанымы ретінде ҚР Конституциясының 12 және 14 баптарының қағидаттары алынғаны жөн. Оларда адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп айтылған[1]. Яғни, барлық адамдардың теңдігі, олардың қадірі мен құқықтарын сақтау фактілері- құқықтық сауаттылықты орнықтырудың ең басты идеясы.
Айта кететін жайт, құқықтық тәрбиелеу процесінде Қазақстанның болашақ азаматтары бойына мынау секілді құндылықтар бағдарын сіңіру қажет: адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу, ой-пікір, ар-ұждан және діни сенім еркіндіктерін мойындау, адамның қадір-қасиетін сыйлау.Мектептің, жоғары оқу орнының, колледждің тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы имандылық және құқықтық санаға ие болған тұлғалардың азаматтық қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
Құқықтық білім беру процесі мұғалім мен оқушы, ата-аналар мен мектеп, оқушы мен ата-ана, мұғалімдер, студенттер мен оқытушылар, колледждердің түлектері мен мұғалімдердің және т.с.с. арасындағы қатынастардың көпжақты процесі ретінде де танылуы қажет[3].
Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс, сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Құқықтық мәдениетті арттыруда отбасында, қоғамда, орта білім ордаларында, жоғарғы оқу орындарында құқықтық тәрбие, білім беруді заманға сай жетілдіру қажет. Бастапқы сатысы ретінде әрбір отбасы бала тәрбиесінде сонау ерте заманнан бастау алып жатқан әдет-ғұрып заңдарының тиімді жақтарын ұрпақтар санасына сіңіріп, заңды құрметтеуге, оған оң көзбен қарауға, әділеттілік пен турашылдыққа тәрбиелеуі керек. Сондай-ақ, құқықтық мәдениет қалыптасуына негіз болатын ең бастысы ол адамдар мен азаматтардың құқықтарының тиісті түрде қорғалып, заңның үстемдігін дәлелдейтін жағдай орнату болып табылады. Әрбір азамат өзінің бұзылған құқығын қорғай алатындығына сенімді болса, мемлекет үшін- бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Елімізде әлі де болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет тиісті дәрежесіне жетпеген, өйткені кейбір азаматтарымыз заң саласында, құқық қорғау саласында қандай жаңалықтар болып жатқандығынан бейхабар. Олар өз құқықтарын білмеуі себебінен арттақалушылық сипат иемденіп, мемлекет дамуына кері әсерін тигізуде. Құқықты тиісті түрде түсінбеу нәтижесінде қарсы пікірлер қалыптастырып, әлем қолдайтын заңның кейбір жаңа мәселерін қабылдамауда. Мемлекет осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында құқықты түсіндіру, азаматтарға тиісті дәрежесінде жеткізу шараларын жүргізіп жатыр. Солардың бірі Елбасымыздың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесін жаңғырту, ақпараттық қамту мақсатында «Сот төрелігі» телевизиялық бағдарлама топтарын енгізді. Бұл мемлекетіміздің әрбір азаматының құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізері анық. Құқық қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін «Қылмыс пен жаза», «Нысана» және т.б. республикалық, аймақтық телебағдарламалар құқықтық сауаттылықты арттыруға өз үлестерін қосуда. Сот ғимараттарында «Ашық есік» шарасын өткізу де азаматтардың қызығушылығын тудырып, кейбір мән-жайлармен таныстыратындығы сөзсіз. Ал білім беру салаларына келетін болсақ, балабақшадан жоғарғы оқу орындарына дейін адам, азамат құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғау туралы құқықтық білім беретін жаңа бағдарламалар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Құқық қорғау органдары мен халықтың арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнатып, кейбір шаралардың бірлесе атқарылғаны да жөн. Сонымен қатар, шалғай жатқан ауыл тұрғындарын заңгерлік көмек көрсететін нотариалдық қызмет, адвокаттық көмек, заң кеңесін беретін қызмет түрлерімен қамтамасыз ету маңызды сипатқа ие. Мемлекетіміздің дамуы, өркендеуі, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен қатар болуы үшін құқықтық білімді, тәрбиені жүзеге асыруды биік деңгейге жеткізетін уақыт келген сияқты. Ол үшін мемлекеттік тілде заң оқулықтарын, түсіндірмелерін, құқықтық білім беретін бағдарламаларды қайта қарап, құқықтық тәрбиеге басты назар аударылуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. А.Ибраева, Г.Әліпбаева «Құқықтану» А.2007ж.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы 2010ж.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана . 2004ж.

Өтініш
1 Баяндамашының тегі, аты-жөні Атеева Ақмарал Шекербековна
2 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы -
3 Мекемесі, лауазымы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі
4 Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті) ОҚО Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Сейдалиев көшесі №3
5 Телефон, факс(халықаралық байланыс кодымен) 87253852872
6 Баяндаманың тақырыбы Жастарға құқықтық тәрбие беру
7 Секцияның атауы Жалпыгуманитарлық және педагогикалық пәндерден оқу әдістемелік кешендер әзірлеу және жоспарлау
8 Керекті техникалық құралдар -
9 Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (ия, жоқ) - Тәрбие.орг сайтынан Жастарға құқықтық тәрбие беру Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атеева Ақмарал Шекербековна

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі Құқық негіздері пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar