ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 761
  • Баяндамалар
  • 12/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18590


Тренингті жүргізу барысы:
І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау,тренингтің өтілу барысын түсіндіру).

Тренинг шарттары:
• Жағдайларды, проблемаларды айқындап, қорытындылай білу.
• Берілген уақытты тиімді пайдалана білу.
• Өзін-өзі еркін ұстауға дағдылану.
• Проблеманы шешу жолдарын іздестіру.

ІІ. «Танысу» тренингі. (1-2 минут)
1. Қатысушылар бір –біріне доп лақтырып аттарын сұрасады, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді.Мысалы: Менің атым ......., мен көктем сияқты шуақтымын.
2. Қатысушылар бір –біріне кезек доп лақтырып, бір –бірінен бүгінгі көңіл –күйлерін сұрасады.

ІІІ. Психологиялық сынақ: Өмір, жар, дос (5 минут)

Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.
Жыныс орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:
1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)
2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)
3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)
5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін)
6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз?(Аламын, алмаймын)
8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бүл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүреді, оны сіз теріп аласызба?(Аламын, алмаймын)
9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
11. Сандыққа жақын жерден гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)
12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)
13. Арғымақ не істеп тұр? (Тынш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)
14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?
• Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.
• Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.
• Арғымаққа міне қашамын. Тәрбие.орг сайтынан ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хайруллаева Алия Базарбаевна

Жаңаөзен қаласы, "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі Педагогика және психология пән оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar