Жырдың үні махаббат

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 431
  • Баяндамалар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22675


«Жырдың үні махаббат»
Құрметті оқушылар, бәріміз көптен күткен Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні де есігімізді қаққалы жатыр. Барлығыңызды осынау ғашықтар күнімен құттықтай отырып, осы күн туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрып, тарихын зерделеуге шақырамыз. Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Енді елімізде махаббатты қастерлеудің жаңа дәуірі келе жатыр. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтіп, осы күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіріп, құрмет көрсету әр қазақтың борышы болса керек.

Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары


Шығыс Қазақстан жеріндегі Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі бізге жеткен мәдени мұраларымыздың бірі. Ауыз әдебиеті бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу қабірінде бірін-бірі шын сүйген екі жас Қозы мен Баян жерленген
Қозы Көрпеш - Баян сұлу ескерткіші

Ескерткіш саз балшық қоспасымен тас тақталардан салынған. Сыртқы келбеті төртбұрыш, биік конустық күмбездерден тұрғызылған. Жалпы биіктігі он төрт метр. «Ғимарат қабырғасында бет пішіндері граниттен жасалынған Азиялық кейіптегі жансыз мүсіндер сүйеулі тұр, олардың омырауында алқасы бар және әлдене бір кесек ұстаған, қос қолдарын кеудеден төмен ұстап тұр
"Еңлік – Кебек" оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. "Еңлік-Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті
Еңлік – Кебек ескерткіші

Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.

«Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.
Махаббат мұнарасы, Семей қаласы



Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған.

Қыз Жібек пен Төлеген ескерткіші


Елімізде аты аңызға айналған ғашықтар - Қыз Жібек пен Төлегенге арналған ескерткіш алғаш рет қойылды! Ол Өскеменде Ертіс бойындағы Ғашықтар аллеясының ортасына орнатылды.
Композицияда екі жастың құшақтасқан бейнесі мүсінделген. Үш метрлік туындыны мүсінші Валерий Дранишников бар болғаны он күннің ішінде полимер бетоннан соғып шыққан. Тәрбие.орг сайтынан Жырдың үні махаббат Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұржан Ару Ерланқызы

Тоқмансай негізгі мектебі Кітапханашы

Пікірлер: 0

avatar