«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ МЕН ЖОЛДАРЫ»

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1230
  • Баяндамалар
  • 23/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19104


Ақжайық аудандық білім беру
бөлімінің Мерген орта жалпы білім
беретін мектебінің өзін-өзі тану
мұғалімі Қажғалиева Салтанат
Оразқызының «Өзін-өзі тану
сабағын өткізудің жаңа мазмұны
мен жолдары» баяндамасы.

Өзін-өзі тану сабағының мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуды үйретуді көздейді. Сонымен қатар олар осы жалпыадамзаттық құндылықтар қамтитын рухани-адамгершілік қасиеттердің әлеуетін ашып, әр баланың ізгілік жолын таңдауға ықпал етуі керек.
Өзін-өзі тану сабақтарының рухани-адамгершілік тереңдігі осы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды балалардың бойынан ояту негізгі мақсаты болып табылады.
АҚИҚАТ
Бастауыш буын: шындықты айту; тек жақсы және қажет заттарды ғана айту; басқалардан жақсылықты іздеу; қарапайымдылық; оптимизм; кішіпейілдік және т.б.
Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі.Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шындықты айту, адалдық, адамгершілік.
Класс – 1
Тақырып: Адал достық № 10
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.
Орта буын: білім іздеу; ойдың, сөздің және істің бірлігі; қарапайымдылық; барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық; жақсыдан жаманды ажырата білу; отаншылдық және т.б.
Сынып: 8 Тақырыбы: «Мақсат – жетістік желкені», № 6-сабақ
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу
 Жоғарғы буын: өз бойынан ақиқат іздеу; тек жақсы және қажет заттарды ғана айту; мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білу; білім іздеу; өз өзіне есеп беру; барлық дінге құрмет көрсету; өзіне-өзі сену: жауапкершілік және т.б.
Пәні: Өзін-өзі тану 11-сынып
Тақырыбы: Арман – жарқын болашақ бейнесі № 14-сабақ
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өзіне-өзі сену: жауапкершілік

СҮЙІСПЕНШІЛІК
 Бастауыш буын: бәрін жақсы көру; отбасындағы сүйіспеншілік; жан-жануарларды жақсы көру; ақкөңілділік; бауырмалдық; достық; татулық және т.б.
 Орта буын: кешірімшіл болу; шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық және т.б.
 Жоғарғы буын: жақсы көру және кішіпейілдік; жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік және т.б.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
 Бастауыш буын: шындықты айту; ұрлық жасамау; уәдені орындау; ұрыспау; денсаулық пен тазалық; ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау; тілалғыш болу; батылдық және т.б.
 Орта буын: әдепті болу; ұқыптылық; өсек айтпау; басқалар туралы жамандық ойламау; үнемшілдік; зиянды әдеттерден аулақ болу; дұрыс тамақтану; өз-өзіне сенімді болу; әділеттілік; отбасындағы, мектептегі парызын орындау және т.б.
 Жоғарғы буын: жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу; уақытты үнемдей білу; құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ, және т.б.); қоғамға риясыз қызмет ету; әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік; әділеттілік және т.б.

ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
 Бастауыш буын: сыпайылық; ашуланбау; ой тыныштығында отырып үйрену; назар салу; шыдамдылық; тәртіп және т.б.
 Орта буын: дұрыс ырғақпен демалу; байсалдылық; ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білу; өзін-өзі алдамау; шыдамдылық және т.б.
 Жоғарғы буын: қарапайым өмір, асқақ ой; құмарлықты шектеу; өзіне-өзі сенімділік; іске берілу; ұстамдылық; өзін-өзі құрметтеу; қарапайымдылық; жағымды ойлау және т.б.
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
 Бастауыш буын: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; жан-жануарларға қамқорлық жасау; қауіпті заттармен ойнамау; командада (топпен) жұмыс істеу; бірлік және т.б.
 Орта буын: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау және т.б.
 Жоғарғы буын: барлық дін мен мәдениетті құрметтеу; оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу; әлеуметтік әділеттілік; адам құқығы; жақсы азамат болу және т.б.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспарын осылай құрамыз:
Бекітемін:__________ Күні:_____
Мектеп Мұғалiмі: , Сыныбы: __
№___ Сабақтың тақырыбы:¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ _____________________________________________________________
Құндылық: __________________________________________________________________________
Қасиеттер:
1._____________________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________________________
Сабақ мақсаты: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Міндеттері: _____________________________________________________

Ресурстар:(құралдар, мәлiмет-тер)
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталау.
Т-тәртіп Т-талап Т-тыныштық Т-тазалық Т-татулық


2.Тыныштық сәтінің 4 түрін әр сабақта тақырыпқа байланысты кезектесіп өткізуге болады.
1. «Нұрға бөлену». 2. Орманға саяхат. 3.Теңізге саяхат.
4.Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет
Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар үзілістен кейін сабаққа өте қызу күйде келеді де, олардың бірден зейін қойып, сабақты бастап кетуі қиындық туғызады; Сондықтан да әр сабақты тыныштықпен, жағымды күйге келтіруден бастаған дұрыс, балаларды сабырлы, жағымды күйге түсіру үшін баяу музыканың алатын орны ерекше, сабақ басталар алдында оны жаймен жіберіп қою керек. Ең бастысы мұғалімнің осы күйде болуы маңызды, ол ішкі тыныштықта, жағымды күйде болса ғана да терең қабылдай алады.
Үй тапсырмасын тексеру. /1- сыныпта өзгеше 1- жж. / Оқулықта ұсынылған осы сабақтың мәтінін оқып келуге, өткен сабақта алдын ала үйге беріледі де, мұғалім жаңа тақырыпты өткенде мәтінді оқуға уақыт жібермейді. Онда мұғалім сабақтың мақсатына сай мәтіннің астарында жатқан құндылықты ашуға кеңіл бөледі. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мұғалімн сихаты арқылы емес, әр оқушының терең ойлап, дұрыс шешім қабылдауына, жан-дүниесімен түсініп, тұжырым жасауына мүмкіндік беруін көздейді. Мұғалім оқушыдан үй тапсырмасын әңгімелеп беруді сұрайды.Сұрақтар арқылы құндылықтарды ашу керек.
Дәйексөзбен жұмыс жүргізу туралы. Дәйексөз - «Өзін-өзі тану» пәнінің ажырамас бөлігі. Оқушылар танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін тақырыпқа сәйкес алынған сабақтың дәйексөзі өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сез, ұлағатты сөздер алынады. Мұғалім дәйексөз мағынасын балалардың қалай түсінгендері туралы олардың өз пікірлерін ортаға салуына бағыт беріп, талдап сабақтың негізгі ойын бекітіп, құндылықты ашатын болу керек.

Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас.
Антон Макаренко
Кім ақыл мен ақиқатқа сенсе, оны ешқашан да қиындық мойыта алмас.
Виссарион Белинский
Пайда ойлама ар ойла
Талап қыл артық білуге
Абай

Сүйіспеншілік өзіңе деген махаббаттан басталады. Өзін сүйе алмаған басқаны да сүйе алмайды.
Хью Даунз

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) –
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі – ұят, үшіншісі - әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.
Жүсіп Баласағұни
Ұзақ та жемісті өмір сүру құпияларының бірі - әр кеште, ұйықтар алдында барлық адамдардан кешірім сұрау.
Эсташ Ленобль
Дүниедегі ең оңай нәрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны - өзіңді өзің түсіну.
Әл-Фараби
Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?
Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек?
Қазақ халқының даналығы.

Дәйексөздер әр оқушының күнделікті өмірінде басшылыққа алатын қағидатына, ережесіне айналуы маңызды.
Мұғалімнің әңгімелеуі немесе мұғалім сыйын өткізу туралы. Мұғалімнің әр сабаққа үлкен қуанышпен, шабытпен келуі балалар үшін өте маңызды. Мұғалімнің әңгімелеуі - оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі.
Сондықтан да оқушылар оқулықтан таба алмайтын, муғалімнің өз жүрегінен сыйлап, өзі айтып беретін мәтін дайындап келуінің балаларға әсері мол. Онда сабақ барысында ашылатын құндылықтың мәнін ашатындай болуы керек және оны түсіндіруге көп сөзді қажет етпейтіндей түсінікті тілде және мазмұны терең, әр баланың жүрегіне жол таба алатындай болуы керек. Мұғалімнің баяу, жылы дауыспен өз жүрегінен әңгімелеп беруі арқылы балалар әңгімені тыңдай және ести білуді, жүрегімен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді.

Өмір сүргің келсе, қозғалыс жаса.
Екі бақа ыдыста тұрған қаймаққа түсіп кетеді. Біреуі қатты қорқып отыра береді де, бір мезгілде қаймаққа батып, тұншығып өледі. Екіншісі жан дәрменімен аяқ – қолын сабалап, қимылдай бастайды. Бір кезде қаймақ қоюланып, майға айналады да, бақа секіріп шығып кетеді.
Сонда, қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.
Әңгімелеу барысында мәтіннің мазмұны оқушылардың шығармашылық шабытын оятатындай болуы қажет.
Шығармашылық жұмысты ұйымдастыру барысы. Шығармашылық жұмыс оқушылардың шабытын оятып, шығармашылығын белсендіреді және олардың еркін жұмыс істеуіне және осы жұмыстан қуаныш, шаттыққа бөленуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірлесіп жұмыс істеу барысында балалардың өзара жауапкершілік, ынтымақтастық және сыйластық, өзара көмек сезімдері арта түседі.Мысалы,сабақтың құндылығы дұрыс әрекет болса,онда шығармашылық жұмыста балаларға осы құндылықты бойынан өткізетіндей сахналау немесе жағдаят шештіруге болады.
Топпен ән айту.
Сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. Ол оқушылар назарын бір обьектіге тұрақтандырады және денелерін босаң қалыпқа келтіреді.Таңдалып алған ән де сабақтың құндылығына сәйкес болуы тиіс.
Мысалы:
Жасамайық қиянат
(Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау.)
Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.
Мейірім сізбен,
Бас қосып бізбен,
Нұр төгіп барлық адамға.
Жүрегің тасқан,
Пейілі дархан ,
Нұр төгіп барлық ғаламға.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық ұлы Отанға.

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасына оқушылар апта бойына орындауы үшін тақырыпқа қатысты құндылық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында келесі сабақтың тапсырмасы беріледі. Келесі өтетін тақырып бойынша оқулықта берілген мәтінді оқушылардың алдын ала оқып келуі өте маңызды.
8.Сабақтың соңындағы тыныштық сәті. Сабақты аяқтау сәтінде оқушыларды тағы да жағымды ойға түсіру маңызды, сондықтан баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымызда нені түсіндік, нені өзімізге алдық, сол жөнінде ойланайық. Айналамызға нұр шашып жақсылық тілейік. Барлық болып жатқандардың бәрі жақсылыққа қарай бастайды. Тек жақсылық ойлаңыз.өкпе-реңіш, қызғаншақтықтан аулақ болыңыз. Сонда ішкі жан дүниеніз ішкі тыныштыққа толы болады. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Тәрбие.орг сайтынан «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ МЕН ЖОЛДАРЫ» Баяндамалар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: КАЖГАЛИЕВА САЛТАНАТ ОРАЗОВНА

БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ МЕРГЕН орта жалпы білім беретін мектебі өзін-өзі тану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar