Ақылсыз тасыған әлімжітік

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 824
  • Эссе
  • 19/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18068


Ақылсыз тасыған әлімжітік

Екінші тоқсан аяқталып, рейтинг бағалары қойылып, емтиханға қызу дайындық жүріп жатқан кез еді. Бүгін "шағын проза жанры" деген сабақтан ағайымыз консультация жүргізем, сағат 9-да университеттің бас ғимаратына келіңдер деген. Таңертеңгі шайымды ішіп, 8:45-те жатақханадан асығыс шығып кеттім. Біздің университет тұратын жатақханаға жақын,әдетімше жаяу аяңдадым. Бағдаршамнан өтіп, жол жиегіндегі қысқа қара жолға түстім. Алдымда екі қазақ қызы әңгімелесіп кетіп бара жатты. Мен олардың артында алыстау келе жатқан едім, жылдам басқан қадамым әп-сәтте дауыстарын ап-анық естуге мұрша берді,бірақ айтқандары мені қызықтармады. Олардың орысшасына мән бермедім, тыңдап үйренген құлақ қой. Олар асығыс емес еді. Мен олардың алдына шығып кетпек едім, бірақ мені оң жақтағы қыздың қылығы кілт тоқтатты. Ол қарама-қарсы беттен шыққан бір орыс қызына шүйлікті кеп. Сыртқы келбетіне қарап, орыс қызын осы заманнның жастары "современный" деп білетін киім үлгісінен ада қалғанын аңғарасың : үстінде ұзын жеңді еркектерше тігілген ақ сұр жейде, астында қара көк барқыт шалбар мен дене тәрбиесінде киетін аяқ киім. Өзі ешкімде шаруасы жоқ, маңдайындағы алты тал кекілінің астында көзәйнегі жол нұсқап, момақан кейіпте биязы бой түзеп кетіп бара жатты. Алдымдағы қазақ қыздарының шетіндегі пысығы алға суырылып, орыс қыздың жанына барып тұра қалды.
- "Скажи, между мной и ею есть разница?" - деп бой салыстырмақшы болып, саусағын екеуінің арасына шошайтып, құрбысына қарады.
- Естественно! -деп көтеріңкі де қысқа қайырды құрбысы.
Орыс қызы бұлардың өз тұрысын,киім-киісін мазақ етіп, кекетіп тұрғанын сезіп,жасқақ мінез танытып, аулақтанып алға тез-тез басып жүріп кетті.
Содан кейін мен есімді жидым да, сабағыма кешігіп қалмайын деп кідірмедім. Қалған жолдағы университетке жеткенше, осы оқиға ойлантып, ішқұса етіп келді. Шынымен, қазақ қызының үстіндегі киімдері фирмалық сапалы өнімнің осы кездегі ең сәнді топтамаларынан еді. Оны қолындағы "Chanel" сөмкесі мен мүңкіген қымбат "Mary Kay" иіссуынан аңғаруға болатын еді. Үстіндегі жыртық сәнді жеңсіз жеңіл көйлегі бір қойдың құны ма деп қаларсың.Көзіне әйнегі жылтыраған күннен қорғайтын қара көзілдірік тағып алыпты. Менің тек налыған бір нәрсем, ол қыздың көзінің нұрын көре алмағаным, өмірге деген соқыр санамен көкжиегі осы қара көзілдірік секілді түнек астында қалып қойғаны жанымды қынжылтқаны соншалық, университетке қалай кіріп қойғаным есімде қалмапты.

Тамбайқызы Жайнагүл,
[color=red][color=blue] Тәрбие.орг сайтынан Ақылсыз тасыған әлімжітік Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тамбай Жайнагүл

Рентабельный орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar